Сабақтың ортасы (20 мин)
|
«Суреттер сөйлейді» әдісі:
Суреттерді таныстырып, орналастырады.
ҚР Мемлекеттік Туы – 1992 жылы қабылданды. Авторы: Ш.Ниязбеков.
Бәйтерек монументі – елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. 1997 ж тұрғызылған. Биіктігі 97 м. Сәулетшісі Ақмырза Рүстембеков.
Ата Заң – мемлекетті негізгі заңы, елдегі барлық басқа задарға қатысты жоғары зады күшке ие заң немесе заңдар тобы. 1995 ж. 30 тамызда қабылданды. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98 баптан) тұрады.
Тәуелсіздік монументі – ҚР Тәуелсіздігінің 5 жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және өнер ескерткіші. Сәулетшісі Ш.Уалиханов, Н.Далбай, Ә.Жұмабаев, Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев.
ҚР Ұлттық валютасы – теңге 1993 ж. 15 қарашада енгізілді.
Қазақ елі монументі – Астана қаласында орналасқан мәдени-архитектуралық монумент. 2009 ж ашылды. Авторлары: С.Жүнісов, Ж.Нұркенов.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді. 1992 ж. қабылданды. Авторлары: Ж.Мәлібеков пен Ш.Уалиханов.
Болашаққа бағдар – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – Тұңғыш Елбасының 2017 ж 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаа тарихи даму кезеінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген.
«Кім тапқыр» әдісі.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Оқушылар, мен өзім білетін Отан туралы мақалдармен бөлістім. Ендігі кезек сендердікі.
|
Оқушылар суретті таңдап, ол туралы ақпарат айтып орналастырады
Оқушылар Отан туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.
|