С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет30/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83
Сембинова-1

Әңгімеге негізделген жазу
Берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат,
ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін
студенттер шағын топтарға немесе жұптарға бірігеді.
Берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе 
жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп,
студенттерге ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады.
Студенттер не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады. Жазып 
біткенен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.
1.
Шақыру қағазы
Студенттер кеш, туған күн немесе басқа да мерекелер туралы айтылған
әңгімені тыңдағанан кейін шақыру қағазын жазады.
2.
Хат
Әңгіме кейіпкерінің атынан хат жазады.
3.
Ашықхат
Қатысушылар әңгіменің кейіпкерінің атынан оның ата-анасына хат жазады.
4.
e-mailхат
Әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.
Саяхат
47


Командалар, топтар, экипаждар (қалай атасақ та, мақсаты, қойылатын
талап біреу) бір бекеттен екінші бекетке саяхат жасайды. Саяхат маршруты
жалғасу үшін әр бекетте жазылған тапсырмаларды орындап отыруы тиіс.
Тапсырмалар сұрақ түрінде болса, жауап берулері керек. Ал шығармашылық
тапсырмалар болса, аялдап, өз пікірлерін жазады. Барлық тапсырма орындалған
соң бастапқы нүктеге қайтып оралады. Оқытушы жұмыстарды жинап алып
тексереді немесе ортақ талқылау үшін сұрақтар қояды. Болмаса, бір-бірінің
жұмысын текесереді, бағалайды.
Галереяда оdоs)й шарлау
Кез келген жазбаша жұмыстан кейінгі қорытынды іс-
әрекеттің бір түрі, түрлі тақырыптағы топтық
таныстырылым деуге де болады. Студенттердің
әрқайсысына барлық жұмыспен танысуға, сонымен
қатар бұл әркімнің еңбегіне баға беру мүмкіндігін
туғызып, құрметпен қарауға үйретеді. 
Галереяда ой шарлауға дейін жазбаша жұмыстың бір түрі берілуі тиіс. Ол
ойтолғау немесе сурет салу арқылы мәтін мазмұнын беру болуы мүмкін. Сосын
жұмыстар қабырғаға ілінеді немесе көрме ұйымдастырылады. Студенттер
көрмені аралай жүріп, өз пікірлерін стикерге жазып қалдырады. Бұл жерде
талдау әрекеті де, жазылым да жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет