С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет32/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83
Сембинова-1

Сұрақтар кестесі
Кестенің сол жағына тақырыпқа қатысты атаулар мен
ұғымдар жазылады. Ал оң жағына жазып алған сөздер
бойынша туындаған сұрақтар жазылады. Кейіннен
талдауға, мәселені шешуге ұсынылады.
Тақырыптың ашылуы, қойылған мәселенің шешілуі
сұрақтың дұрыс қойылуынан тікелей байланысты. Дұрыс қойылған сұрақ ойды
толық жеткізуге, пікірді ашық білдіруге ықпал етеді. Ал кейбір сұрақтар нақты
ақпарат алуға ғана бағытталады. Жалпы бүгінгі таңда білімді меңгеру
мақсатында: жабық және ашық сұрақтар қойылады. Жабық сұрақ қойылған
кезде оған нақты қысқа ғана жауап қайтарылып, нәтижесінде әңгіме жалғаспай
қалады. Мысалы: 
Сұрақ: Ы. Алтынсарин қай ғасырда өмір сүрді? 
Жауап: Он тоғызыншы. 
Сұрақ: Ол кім? 
Жауап: Ағартушы-педагог. 
Қарап отырсақ, оқулықтағы дайын ақпарат қайталанып тұр. Ойлануға,
өзіндік пікір қалыптастыруға жетектеп тұрған жоқ.
Ал ашық сұрақтар түсіндіруді, өз көзқарасын білдіруді, қажет етеді,
пікірталасқа шақырады. Сұқбаттасушымен жақсы қарым-қатынасқа түсуге
ықпал етеді, әрбір пікір қызығушылық тудырады. Мысалы:
Сұрақ: Ы. Алтынсариннің тұлғалық ерекшелігіне оның өмір сүрген
дәуірі қалай ықпал етті? 
Жауап: Он тоғызыншы ғасыр - қазақ қоғамына үлкен өзгеріс әкелген
кезең. Ал Ы. Алтынсарин сол дәуірдің перзенті ретінде болып жатқан
өзгерістен тыс қалмады және оның прогрессивті жақтарын қабылдады.
50


Сұрақ: Ол неге басқа жолды таңдамай, педагогтік қызмет атқарды? 
Жауап: Себебі өзі өмір сүріп жатқан қоғамның мешеулігі жанын ауыртты.
Болашаққа бей-жай қарай алмады. Міне, осы сияқты пікірін ашық білдіруге, өз
ойын айтуға көмектеседі, ой тастайды.
5 сұрақ әдісі
Бұл әдіс рет-ретімен жүйелі түрде 5 сұрақ қоя отырып,
оған жауап іздеу арқылы білімді терең меңгеруге ықпал
етеді. Оны 5 топқа бөліп, солардың идеяларын ортаға
салып, талқылау жұмыстарын жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет