С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал


е  Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет75/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83
Сембинова-1

е
 Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Дәстүрлі оқытуға үйреніп қалғандықтан, білім алушылар бастапқы кезде
өз беттерімен білімді меңгеруге енжер келеді және өз пікірін білдіруде ұяңдық
танытады, бірден ашыла қоймайдй. Сол себепті де оларды психологиялық
тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Бастапқыда бәрі дерлік оқуға
белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздерін ыңғайсыз сезінуі
мүмкін. Мұның себептері:
☺ өзіне жүктелген жауапкершіліктен жүрексіну;
☺ оң нәтиженің шығатынына күмәндану;
☺ қатысушылар тарапынан сынға ұшыраудан қорқу;
☺ еріншектік пен шаршағандық (мысалы, бірінші сабақта ұйқысын аша
алмау, немесе соңғы сабақта шаршау, зерігу);
☺ назарын шоғырландыра алмау (үзіліс кезіндегі оқиғалардың немесе
алдыңғы сабақтың әсерінде болу);
Үйренушілердің сабаққа бірден белсенді араласып кетуін ойсергектер
(сергіту сәті, ширату) арқылы жүзеге асыруға болады. Сонда үйренушілер
өздерін жеңіл сезінеді, әрқайсысы біртұтас ұжымның өкілі ретінде алда күтіп
тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға дайындалады.
Ойсергектер: 
☺ жағымды психологиялық сезім/көңіл қалыптастыратын әрекеттер;
☺ логикалық ойлауға негізделген тапсырмалар (есептер, мәселелер,
жұмбақтар);
☺ көңіл көтеретін ойын түріндегі іс-әрекеттер;
☺ психологиялық тестер т үрінде болуы мүмкін.
117


е
 Алтыншы ереже. Барлық білім алушылар жұмысқа қатысуы тиіс.
Интербелсенді оқу шеңберінде өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе
жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене араласқаны
абзал. Үйренушілердің білім игеру жұмысының, оның ішінде әсіресе бірлескен
жұмыс әрекеттерінің қызықты әрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені
абзал. Сол себепті де сабақтың басты тәсілі ретінде топтық жұмыстарды тану
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет