С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет78/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
Сембинова-1

Көңіл-күй рефлексиясы
Көңіл-күй және эмоциялық жағдай рефлексиясын оқыту үдерісінде де,
жалпы жұмыс барысында да қолданып, адам өз әрекетіне, шама-шарқына
талдау жасай отырып, алға жылжу деңгейін болжай алады. Мысалы: мына
суреттер арқылы өзінің физиологиялық жағдайына көз жүгіртіп, әрі қарай
қаншалықты өнімді жұмыс атқара алатынын білдіреді. Ал студент «өте
шаршадым» деген смайлды көрсетсе, оқытушынің әрі қарай тапсырма деңгейін
анықтауына мүмкіндік туады.
Ал мына бейнеленген бұлт және күн арқылы көңіл-күйді байқауға болады.
Сонымен қатар, сабақ мазмұнын меңгеруде де пайдалану тиімді. Мысалы, күн –
сабақ мазмұнын меңгердім, бұлт – ештеңе түсінбедім, тақырыпты меңгере
алмадым болса, бұлт+күн – орташа деңгейде меңгердім, әлі де толықтыруым
қажет дегенді білдіреді. 
121
ҚЫЗЫҚТЫ
БІЛМЕЙМІН 
ӨТЕ ШАРШАДЫМ
ҮЙГЕ ҚАЙТҚЫМ
КЕЛЕДІ


Көңіл-күйім жақсы
Көңіл-күйім жабырқаңқы
Көңіл-күйім орташа
Мына аюлардың бейнелері арқылы да студент өзінің сабаққа деген
қатынасын, психологиялық ахуалын танытады. Соған қарап оқытушы келесі
әрекетін ұйымдастырады. Сабақ барысында көбінесе студенттердің көңіл-күйі
ескерілмей жатады. Негізінен тақырып мазмұнын меңгерту үшін де білім
алушының психологиялық жағдайына назар аударып отырған абзал. Студент
жандүниесі қабылдай алмай тұрған нәрсені күштеп таңғаннан ештеңе өнбесі
белгілі. Сондықтан да мәселеге қатысты білім алушы көзқарасы, қатынасы
ескеріліп отырса, әрекет нәтижелі болмақ. Сонымен қатар, студент рефлексия
жасай отырып, өз әрекетін ұйымдастыруға да дағдыланады, саналы түрде есеп
беруге үйренеді, ойын жеткізу үшін тіл байлығын дамытады. Мысалы, көңілді
аю кейпінде өзін бейнелегенін айтып беру үшін балаға ой ұшқырлығы, логика,
оны жеткізу үшін сөздік қор қажет. Сонда бір ғана рефлексия жасата отырып,
оқытушы студенттің бірнеше қабілетін шыңдайды. Ең бастысы тұлға ретінде
өзінің ойлау қабілетіне, әрекетіне, оларды үйлестірудегі өз шеберлігіне баға
бере алатын болады. Өзінің кім екендігін пайымдап, алдына мақсат қойып,
жоспарлауға бейімделеді. Жалпы, рефлексия жасаудың философиясы тереңде
жатыр. Сондықтан, оған үстірт баға бергеннен гөрі мазмұнын жан-жақты ашып,
жеткіншектердің өз пікір-пайымын дәйектеп жеткізе алуына ықпал етуді мақсат
еткен жөн. Сонда олар болашақта қоғам алдында да рефлексивті тұлға екендігін
дәлелдей алатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет