С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет51/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
Сембинова-1

Симпоdоs)зиум
Қатысушылар берілген тақырып бойынша өз
баяндамаларын топ алдында оқып,
тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді.
Жүргізуші назарын пікірлердің қақтығысуы
мен қарама-қайшылықтарына аударып, пікірталас ұйымдастырады.
Аудиторияның пікірі екі жақты болып, әртүрлі көзқарастар келтірілген орынды.
Пікірталас баяндамашының ұстанған көзқарасы төңірегінде болады.
«Симпозиум» - латынның symposium деген сөзінен шыққан. Негізгі
түп-тамыры грек тілінен тарайды да, ежелгі эллиндер тілінде «бірлескен
жиын» дегенді білдіреді. Себебі Ежелгі Грекияда ұзақ бас қосулар барысында
(туған күн, мерекелер, т.б.) қоғам мен саяси саладағы қордаланып қалған
мәселелерді қызу талқылайтын болған.
Сұрақты тап
Әдістің тиімділігі сол, қатысушылар талқылаумен қатар,
берілген бірнеше жауаптарға сұрақтар құрастырады. Олар
ойланады, талдайды, бірлесіп жұмыс істейді. Сұрақтардың
жауабын табады.
Көп жағдайда әңгімені бастап, оны ары қарай жалғастыру қиынға соғады.
Бірақ мұның басты себебі тақырыпта емес, сұрақтың дұрыс қойылмауында. Сол
себепті де бүгінгі таңда сұрақтың екі түрі анықталып отыр: ашық және жабық
(кейбір дереккөздерде «жіңішке сұрақтар», «жуан сұрақтар» деп беріліп жүр).
1.Жабық сұрақтар. Әдетте, жабық сұрақ қойылған кезде оған нақты
қысқа ғана жауап қайтарылып, нәтижесінде әңгіме жалғаспай қалады. 
Мысалы: Сұрақ: Би-шешендерден кімдерді білесіз? 
Жауап: Қазыбек, Төле, Әйтеке. 
Сұрақ: Олар қай ғасырларда өмір сүрген? 
Жауап: 
XVII – XVIII ғасырларда

77


2. Ашық сұрақтар. Ал ашық сұрақтар түсіндіруді, өз көзқарасын
білдіруді талап етеді. Ондай сұрақтар қызығушылығықты оятып,
әңгімелесушімен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Ойын ашық
білдіруге, дүниетанымын танытуға ықпал етеді. Ашық сұрақтарды төмендегі
4 клишенің көмегімен жүзеге асыруға болады (дегенмен, бұл қатып қалған
қағида емес): 
Қалай...? 
Маған ... туралы айтып беріңізші 
Сіз ... туралы не ойлайсыз? 
Не себепті ...? 
Жоғарыдағы жабық сұрақтарды ашыққа айналдырса: 
Сұрақ: Қазыбек, Төле, Әйтеке бабаларымызды билер деп атауымыздың
себебі неде?
Жауап: 
Олар көпті көрген, яғни, «көре-көре көсем болған», көкірек көзі
қиядағыны шалатын, ойы орамды, көнені ғана көріп қоймай, болашақты да тап
басып, болжам жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан болуы
шарт.
Үш кемеңгер би Төле, Қазыбек, Әйтекенің әрбір сөзін төгіліп тұрған жыр
емес деп кім айтады? Ұйқасының қаланған тастай беріктігі, әр сөздегі ырғақ
үндестігі қас ақынға тән шеберлік болмай, немене?
Сұрақ: Олардың сол XVII – XVIII ғасырларда ерекше көріну себебі неде
деп ойлайсыз?
Жауап: Өйткені сол жаугершілік заманда халық бірлігін сақтап қалу
үшін, ерлікке бастап, атамекен, жері үшін күресуде от тілді, орақ ауыз шешен-
билердің үгіт-насихаты, ұлағатты сөздері керек болды.
Міне, қарап отырсақ, ашық сұрақ арқылы сұқбаттасушы екі жақ бір-
біріне ойын еркін жеткізді, толық мәлімет берді. Сол себепті де неғұрлым ашық
сұрақтар қояюға талпындырғанымыз жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет