С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет52/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83
Сембинова-1

Уақыт шеңбері
Идеялар, ойлармен бөлісіп, сұрақтар құрастыруда
өзара тәжірибе алмасып, «өз-өзін және басқаларды
түсіну үшін» «уақыт шеңберін» қолдануға болады. 
Ол үшін: 
☺ 
қатысушылардың барлығы орындықта немесе
еденде шеңбер құрып отырады;

сөйлеушіде ғана ұстайтын зат болады (мысалы, доп);
78



оқытушы студенттер сияқты орындықта немесе еденде отырады.
Осылайша жайғасуы оның директор емес, үйлестіруші екенін білдіреді.
Сонымен қатар «Уақыт шеңберіндегі» құрылымдық ережелерінің сақталуына,
әр қатысушының эмоциясын қорғауға және лайықты тапсырмаларды
дайындауға жауапты. Егер ережелер үнемі бұзыла берсе, тапсырманы аяқтауға
дайын болуы керек.
Уақыт шеңберіндегі маңызды ережелер:

талқылауға барлығы түгелдей қатысулары қажет. Бұл бірініші болып 
өткізілуге тиісті тапсырмалардың бірі;
☺ 
тек бір адам ғана сөйлеуі керек, яғни әңгіме тақырыбы ережелердің 
сақталуына мүмкіндік беру;
☺ 
егер сіз бір тақырып аясында сөйлегіңіз келмесе, «сөзіңізді» басқаға 
бере аласыз,ешқандай қатты ескертулер болмауы керек.
Бұл әдісті жаңа тақырыптың алдында бұрынғы білімін еске түсіру
мақсатында немесе жаңа сабақ соңында білімдерін қайта тиянақтап шығуы
үшін қолдануға болады. Ойын ережесі Қар кесегіне ұқсас жүргізіледі.
Үлкен шеңбер
Топ ішінде бірлесе жұмыс жасаудың тиімді
үлгісі. Жұмыс үш кезеңнен тұрады:
1) Топ аудитория ішінде үлкен шеңбер құрып
отырады. Оқытушы талқыланатын тақырып
бойынша қандай да бір мәселені айқындайды.
2) Белгілі бір уақыт ішінде әрбір қатысушы жеке
жұмыс жасайды, дәптеріне аталмыш мәселені
шешуде өз ұсыныстарын жазады.
3) Шеңбер бойынша әрбір қатысушы кезекпен өз ұсыныстарын оқиды.
Топ әр қатысушының сөзін бөлмей, сын айтпай мұқият тыңдайды. Содан кейін
әр ұсынысты талдайды, дауысқа салады.
Маңыздылығы тұрғысынан таңдалып алынған ұсыныстар бүкіл топтың
ортақ пікірін білдіретін тізімдер қатарына енгізіледі. Бұл мәселені шешудің
жолдарын тез анықтау қажет болғанда тиімді.
Қоdоs)с шеңбер
Студенттер екі шеңбер құрап отыруы керек: ішкі және
сыртқы. Ішкі шеңбер тұрақты болады да, сыртқы шеңбер
79


құрамы оқытушының айтуымен ауысып отырады. Абзалы сағат тілі бағытымен
бір пікір айтқан соң бір адамға жылжып отырғаны дұрыс. Шеңберлердегі
студенттер саны бірдей болғаны орынды. Осылайша студенттер талқыланатын
мәселе бойынша бірнеше жолдасымен пікір алмасады. 
Бұл әдісті карусель деп те, велосипед шынжыры деп те атай береді.
Өйткені жүзеге асу механизмі, яғни бір адамның әр пікір сайын бір қадамға
жылжып отыруы карусель айналысына ұқсайды.
Жұптық әңгіме
Идеяларды құрастырып, белсенді тыңдап, бар ойын
талқылауға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жұптық
әңгіме топта сенімсіз сезінетіндердің өзін еркін
ұстауына, ойын ашық білдіруіне көмектеседі.
Талқылау кезінде басқа жұптармен қосылып
талқылаудан сақтап қалу үшін жұптар арасында аз да болса ара-қашықтық
сақтаған дұрыс әрі тиімді болмақ. 
Талқылау үшін ынталандыратын немесе арнайы сұрақтар мен
тақырыптар қолданылады. Белсенді тыңдап, жауап беруге жетелеңіз.
Тақырыпты белгілеу үшін А мен В атаңыз жұбы белгіленеді ( мысалы, А
тыңдайды, ал В сөйлейді, кейін керісінше). Олардан жеке жауап алғысы келетін
сұрақ қою болады, кейін бұл сұрақ жұпта талқыланады. Әр жұпқа мақсат
қойыңыз – мысалы, «мынаған жауап беріңдер» деп. Сол екі жұп өзра пікір
алмасады, яғни бірінші А сөйлесе, екінші кезекте В сөз алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет