С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет47/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
Сембинова-1

Сиам егіздері
☺ Студент жұбын немесе серіктесін таңдайды. Ол
серіктесімен біртұтас дене, ағза деп есептеледі және
ойлары да бір жерден шығуы тиіс. Бір сөзбен айтсақ,
сиам егіздерін бейнелеулері керек. 
☺ Олар келесі сиам егіздерінің берген сұрақтарына жауап қайтарғанда
біреулерінің жауаптарын екіншілерінің ойлары толықтырып тұруы тиіс, яғни
ой бір жерден шығуы керек.
Ескерту. Басты мәселе - әрекет еткен және сөйлеген кезде өзара келісім
болуы керек. Ол үшін алдын-ала кеңесуге уақыт берілмейді. Бір-бірлерін бірден
түсініп, ойды жалғастырып отырулары тиіс. Ол үшін мұқият болуға дағдылану
керек.
  Ең-ең ...
Осы әдіс тақырыптың ерекше көңіл аударатын түйінді
ойын, айрықша белгілерін есте сақтауға ықпал етеді. Ол
үшін әр топ берілген тапсырма бойынша өз нұсқаларын
ұсынады, неғұрлым нанымды шыққаны жеңімпаз
аталады. Алдын ала дайын тіркестер ұсынылады, сол бойынша ойды
толықтырып, сөйлем құрау керек.
Мысалы; қазақ тілі пәні бойынша былай беруге де болады:
☺ ең түрлі-түсті сөз табы (сын есім);
☺ ең жақсы санай алатын сөз табы (сан есім);
☺ ең көп ат қоятын сөз табы (зат есім);
☺ ең көп қимылдайтын сөз табы (етістік);
72


☺ ең ауысуға дайын тұратын сөз табы (есімдік);
☺ ең көп дыбыс шығаратын сөз табы (одағай).
Басқа пәндерге де осындай дайын тіркестерді бере отырып қолдануға
болады.
Мысалы:
☺ ең үлкен құрлық;
☺ ең үлкен мұхит;
☺ ең үлкен арал;
☺ ең ыстық көл;
☺ ең суық жер;
☺ ең жасыл ел, т.б.
Ойды қағып алу
Талдауға екі адам қатысады. Бірінші адам айтқан ойды
екінші қатысушы қағып алып толықтыруы тиіс. Егер екінші
адам ойды неғұрлым көбірек аргументтермен толықтырса,
сол адам жеңеді. Ал біріншісінің дәлелдері көп болса, сол
жеңімпаз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет