С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет63/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83
Сембинова-1

Пирамида тарихы
Бұл әдісте жол нөмірін сөздің саны білдіретін, «пирамидаға» 
сыйғызылған ерекше құрылым жатыр:
☺ басты кейіпкердің аты (тақырыптың);
☺ мінездеме немесе сипаттама;
☺ әрекеттің орны (пайдалану);
☺ мәселе;
☺ жағдайдың өрісін сипаттау;
☺ мәселені шешу үшін не қолданылды;
☺ мәселені шешу және ары қарай не болатынын болжау.
Жалпы бұл әдіс әдебиет және тарих сабақтарында қолдануға тиімді
екенін құрылымынан –ақ байқауға болады. Дегенмен, оқытушы
шығармашылығына байланысты түрлендіріп беруге, басқа пәндерге бейімдеуге
де болады. 
6 х 6 х 6 әдісі
Ең алдымен, әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі. Топта жұмыс
істеу арқылы қатысушылар жаңа білім алады, сондай-ақ, алған білімдерін басқа
топқа жеткізуге дайындалады. Содан кейін топ мүшелерінің құрамы ауысады.
Қатысушылардың әрқайсысы өзі барған жаңа топқа үй тобында қарастырған
тапсырманың мазмұнын баяндайды, бәрі бірігіп тапсырманы орындайды
Кластер
96


Кластер (ағылш. cluster) — белгілі өз сипаттары бар,
дербес бірлік деп саналатын, бірнеше біртектес даналарды бір
топқа бірлетіруі.
Кластерлер (“Жүзімнің шоқтары” деген
мағынада қолданылады) - қандай да бір тақырыпты ұғынуда болатын ой үрдісін
көрнекті ететін, материалды графикалық ұйымдастыру тәсілі. Кластер
ойлаудың сызықтық емес форманың бейнесі болып табылады. Кейде осы
тәсілді «көрнекті миға шабуыл» деп атайды. 
1. Ойдың, тақырыптың «жүрегі» болып табылатын басты сөзді немесе
сөйлемді таза беттің ортасына (тақтаға) жазу керек.
2. Берілген тақырыпқа келетін, бейнелерді, фактілерді, ойды көрсететін
сөздерді немесе сөйлемдерді жан-жағына «лақтырып» тастау керек.
(«Планеталар және оның серіктері» үлгісі) 
3. Жазылуына қарай, пайда болған сөздер басты ұғыммен түзу сызықпен
біріктіріледі. Әрбір «серіктің» өз кезегінде тағы да «серіктері» пайда болады,
жаңа логикалық байланыстар тұрғызылады.
Нәтижесінде біздің ойларымызды графикалық бейнелейтін, берілген
тақырыптың ақпараттық өрісін анықтайтын құрылым пайда болады.
Кластерлермен жұмыс жасағанда келесі ережелерді сақтау керек: 
1. Ойға келген нәрсенің барлығын жазудан қорықпау керек. Қиял мен
интуицияға ерік беру керек.
2. Уақыт біткенге дейін немесе ойлар сарқылғанға дейін жұмысты
жалғастыру.
3. Көбірек байланыстар жасауға тырысу. Алдын-ала белгілі жоспарды
қолданбау. 
Кластерлер жүйесі Ақпараттың артық көлемін қамтуға мүмкіндік береді.
Ары қарайғы жұмыста, алынған кластерді «ойлардың өрісі» ретінде талдай
отырып, тақырыптың даму бағытын нақтылау қажет. 
Кластерлерге бөлу шақыру сатысында да, рефлексия сатысында да,
тақырыпты оқығанға дейін ойдың іс-әрекетін уәждейтін тәсіл ретінде немесе
материалды өту қорытындысы бойынша ақпаратты жүйелейтін түрі болып
табылады.
Мақсатқа байланысты оқытушы жеке өзіндік жұмыстарын немесе жалпы
біріккен талдау түрінде топтық жұмысты ұйымдастырады. 
Пәндік саласы шектеусіз, кластерлерді әртүрлі тақырыптарды оқығанда
қолдануға болады.
 
Кластер құраудың бір үлгісі:
97




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет