Тапсырманы орындау барысында студенттер бір-брімен араласып, өзіне
ақпаратпен бөлісіп, ойын толықтыратын жаңа серіктестер табуына мүмкіндік
беретін тиімді әдіс болып табылады. Олар бір-бірімен
кездейсоқ кездесу
арқылы өздерінің әлеуметтік дағдыларын – мәселені шешу барысында
ұйымдаса білу білігін дамытады. Жұмыс тез арада 2-5
минут көлемінде
өткізілуі қажет.
1) Сұрақтарды алдын ала ойластыру.
2) Жұмыс ұйымдасқан түрде өту үшін алдын ала тәртіпті түсіндіру керек.
Қозғалыс және жұмыс жасау жолдары тек оқытушының белгісі арқылы жүзеге
асырылады.
3) Белгі беріңіз. Қозғалыста болуға 1 минут уақыт жеткілікті. Содан кейін
“Қатып қозғалмаңдар” командасын беріп,
тапсырмамен жұмыс жасауын
өтініңіз.
4) Тапсырманы орындау үшін студенттерге уақыт жеткілікті берілу керек.
Содан кейін өз орындарына оралуын сұраңыз.
Неліктен?
Қандай да болмасын мәселені талқылау барысында студенттер
жұптасып, бір-біріне “Неліктен?” деп алты сұрақ қояды. Әрбір сұрақ алдыңғы
жауаптан туындап отырады. Сол себепті де бұл әдісті «6 Неге?» немесе «3
Неге?» деп те атайды. Ол қойылатын сұрақ санына байланысты. Қ
Бағытталған оdоs)қу
Студенттерді оқу барысында сұрақтар арқылы түсінуге
бағыттайтын
стратегия. Студенттерді оқу үрдісіне әр мағыналы абзац сайын тоқтатып
отырады.
1) Оқытушы әңгімені алдын ала мағыналы бөліктерге бөлуі керек.
Содан кейін ол түсінуге бағытталған әр үзінді бойынша, әр бөлікті оқығанға
дейін немесе оқыған соң қойылуы мүмкін сұрақтарды ойластырады.
2) Соңында оқығанын қайта қарауға және
алынған білімді қолдануға
ықпал ететін тапсырма беру керек.
9 роdоs)мб
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін
тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен
ромбылы торға
орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының
101
жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды
еместерін төменгі бөлігіне
орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір
топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы
сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі
болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен
перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.
Т кестесі
Бір-біріне қарама-қарсы немесе салыстыруға
болатын ақпарат пен
пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Қатысушылар алдымен берілген
тапсырма бойынша өз ойларын кестеге түсіріп, жеке жұмыс жасайды. Содан
кейін жұптасып немесе шағын топта талдайды, пікір алмасады, толықтырады.
Тақтаға бүкіл аудиторияға ортақ кесте
құрастырылады
.
102