С. С.Қонтаев Иманғалиев Е. Н. 2010 ж. 2010 ж. Облыстық эксперттік кеңес жайлы ереж е



бет6/8
Дата09.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#187350
1   2   3   4   5   6   7   8

2.8 Глоссарий

Қосымша 11б

Әдістемелік құралдарды (ұсыныстарды) сараптау бойынша

Ж А Д Ы Н А М А
Оқу-әдістемелік құралдар жүйесіне оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін және құралдарын таңдау идеяларын ендіру қажет. Оқу-әдістемелік құралдардың барлық типтері оқытуға қол жеткізуді дамытуға, оқушылардың оқу жұмысының шамадан тыс жүктемесін жоюға жәрдемдесуге арналған. Бұл мақсатқа жету әдістемелік аппараты жетілдіруде қысқа, нақты, анық және шебер баяндауды қамтамасыз етеді.

Оқу-әдістемелік құралдардың стилі мен тілі мұғалімдерге өздерінің мықты жақтарын, нақты жағдайлары мен мүмкіндіктерін жақсы ескеруге мүмкіндік беретіндей болуы керек.

Оқу-әдістемелік құралдың құрылымы:


  • Кіріспе

  • Алғы сөз

  • Тақырыптық жоспар

  • Жұмыс бағдарламасы

  • Практикалық және семинарлық жұмыстардың тізімі

  • Дәріс үзіндісі

  • Практикалық сабақтар мен семинарға дайындық өздік жұмыс

  • Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

  • Бақылау қорытындысының сұрақтары

  • Әдістемелік тізімі

Әдістемелік құралдың құрылымы

  • Мазмұны

  • Предисловие

  • Кіріспе

  • Негізгі мәтін

  • әдістемелік құралдың иллюстрациялық сүреттер

  • қорытынды

  • библиоографиялық суреттеу

  • көрсеткіш

  • қосымшалар

Қызметтік ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары:

Оқу-әдістемелік құралдарға қойылатын жалпы талаптар:

1. Оқылатын пәннің теориясын меңгеруге арналған құралдар:

  • Белгілі ғылыми проблемалардың әдістемелік талдауын жетілдіруді;

  • Ғылым тоғысындағы жаңалықтарға қоса, нақты ғылыми проблемаларды сипаттау барысындағы ғылыми байланыстар арасын ашуды;

  • ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерінің көріністерін ескереді.

2. Әдістеменің жалпы сұрақтары жөніндегі құралдар:

  • Берілген пәнді игерудің ғылымилық және идеялық деңгейін арттыру міндетін, оқытудың тәжірибелік бағытын жетілдіру жолдарын ашуды;

  • Оқытудың тиімді тәсілдерін, түрлерін, оқу құралдарын таңдауда, оқуда компьютерді пайдалануда мұғалімдер мүмкіндіктерін арттыруды;

  • Оқушылардың, қызығушылықтарын анықтау, оқуда үлгермеу себептерін жеңу жолдары және әдістері жөніндегі ұсыныстарды;

  • Оқушылардың бойында жалпы оқу біліктіліктері мен дағдыларын, кітаппен жұмыс істеу дағдыларын, оқу үрдісінде өзіндік бақылау және өзіндік оқу-танымдық іс-әрекеттер тәсілдерін қалыптастыруға байланысты нұсқауларды

  • Пәнаралық байланыстар көріністерін ескереді.

3. Жеке тақырыптар мен бөлімдерді игеру әдістемесі жөніндегі құралдар:

  • Оқу-тәрбие процесін оптимизациялау мен интенсификациялау жөніндегі қазіргі заман талабына сай құрылған дидактикалық нұсқауларды бірлікте қолдану, ескеру;

  • Оқушылардың оқу іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға ықпал ететін оқу әдістемелік кешен элементтерінің негізгі қызметтерін ескеру;

  • Педагогикалық және әдістемелік талаптарды (оқушылар дамуына қажетті тапсырмалардың болуы) ескеру.

Қосымша 12



Педагогикалық озық тәжірибені жалпылау

жадынамасы
1. Педагогикалық тәжірибе - бұл оқушы тұлғасын білімдендіруге бағытталған (оқыту, тәрбиелеу, дамыту) мақсатты педагогикалық үрдіс нәтижесі.

2. Педагогикалық озық тәжірибе - бұл жоғары тұрақты нәтиже бере алатын, шығармашылық ізденіске, жаңашылдыққа, өзіндік ерекшелікке бай жоғары педагогикалық шеберлік.

3. Педагогикалық озық тәжірибені жалпылау - білімдендіру үрдісінің нәтижелілігін оқып-зерттеу, талдау арқылы педагогикалық ойларды қорыту, жүйелеу.

4. Облыстық сараптау кеңесінде педагогикалық озық тәжірибені жалпылаудың негізгі критерилері:

- Өзектілігі, Қ.Р. білім жүйесін дамытудың стратегиаларын жүзеге асыруға бағытталған;

- Білімнің жоғары нәтижесі - Қазақстандық заманауи білім моделі талаптарына сай болуы:

оқытылушыларды әлеуметтендіру; негізгі құзыреттілік; ішкі сапалық бағалау нәтижесі;

- Оңтайлылығы, уақыт пен күшті үнемдеу арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізу;

- Тұрақтылығы, оқу үрдісіндегі жетістіктердің тиянақтылығы;

-Жаңашылдығы, педагогикалық экспериментті зерттеудің шығармашылық деңгейі.

5. Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау және оқып-білу үшін ұсынуы мүмкін:

- облыстық білім мекемелеріндегі әдістемелік бірлестіктер (педагогикалық кеңестер)

- аудандық, қалалық әдістемелік кабинеттер (орталықтар)

- облыстық педагогикалық және кәсіби конкурстардың (Қарағанды облысы әкімінің білім саласы қызметкерлеріне арналған сыйлығы) ұйымдастыру комитеті(қазылар алқасы)

6. Педагогикалық озық тәжірибені жалпылау үшін Облыстық сараптау кеңесіне материалдың қағаз жүзіндегі және электронды нұсқасы тапсырылуы қажет:

- Облыстық сараптау кеңесінде тәжірибені жалпылау материалдарын қарастыру жөнінде өтініш жазу;

- тәжірибені жалпылау жөнінде шешім қабылданған әдістемелік бірлестік мәжілісінің (ұстаздар кеңесінің) хаттамасынан көшірме;

- тәжірибе жөнінде сипаттама(қосымша №1);

- қосымша (қосымша №2);

- тәжірибе материалына сын-пікір (қосымша №3);

7. Облыстық сараптау кеңесі қосымша материалдар талап етуге құқылы.

8. Педагогикалық озық тәжірибені жалпылау материалдарын институт кафедрасының мұғалімдері, орталық әдіскерлері, зертхананың ғылыми қызметкерлері сараптайды.

Материалды зерттеу қажеттілігіне қарай тәуелсіз сарапшылар да қатыстырылады.


  1. Сараптау кеңесіне жіберілген материалдар қайтарылмайды.

Қосымша1

Тәжірибе жұмысын сипаттау құрылымы

1. Тәжірибе авторы жөнінде мәлімет.(Аты - жөні,жұмыс орны, педагогикалық өтілі, мамандығы, пәні, байланыс телефоны.)

2. Тәжірибе тақырыбы (нақтылығы, педагогикалық және психологиялық терминдерді орынды қолдану).

3. Тәжірибенің өзектілігі.(ұстаздық қызметтегі қандай қиындықтар мен мәселелер өз шешімін табуда ).

4. Тәжірибені теория жүзінде негіздеу (тәжірибе авторы ойлап тапқан немесе қолданған ғылыми идеялар ).

5. Педагогикалық идея (педагог қызметінің ең елеулі тұстарына ерекше тоқталу).

6. Педагог қызметінің мақсаты мен міндеттері (тәжірибенің мақсаты мен міндеттері қоғамның әлеуметтік тапсырысымен сәйкесуін талдау).

7. Жаңашылдығы.

8. Практикалық мәні.

9. Білім беру үрдісін ұйымдастыру.

10. Білім мазмұны.

11.Білім үрдісінің формасы мен әдіс – тәсілдері және олардың алға қойған мақсаттары мен міндеттерне сәйкесуі.

12.Тәжірибенің нәтижелілігі (білім беру үрдісінің нәтижелілігі, тәжірибенің басқа әдіс - тәсілдерден артықшылығы, жетістіктерге қол жеткізу жағдайы мен тұрақтылығы (кем дегенде 3 жыл).
Қосымша 2

Тәжірибе жұмысын сипаттау

Педагогикалық озық тәжірибенің мазмұны мен көлемі оның тақырыбына байланысты.

Мазмұны жөнінде

1. Педагогикалық озық тәжірибені жалпылау нәтижесіне қарай аудандық, қалалық,облыстық әдістемелік бірлестіктер(кабинеттер) ұсынады.

2. Авторлық бағдарламалар мен жобалар.

3. Тәжірибесінің нәтижелілігін дәлелдейтін марапаттау қағаздарының көшірмелері.(облыстық, республикалық деңгей).

4. Облыстық және Республикалық ғылыми - әдістемелік басылымдарда жарық көрген мақалаларының көшірмесі.

Қосымша 4



Педагогикалық озық тәжірибе материалына берілетін сын-пікір мазмұнына сипаттама

1.Тәжірибенің өзектілігін негіздеу,және оның оқу- тәрбие үрдісін жетілдірудегі мәні(әдістемелік жұмысты басқару ісі).

2. Тәжірибенің ғылыми және әдістемелік негізі. Автор қандай ғылыми-әдістемелік материалдарды қолданды.

3. Тәжірибе жаңашылдығы; жаңа мазмұн,әдіс-тәсілдер,формалар мен құралдар.

Жаңашылдық деңгейі.

4. Қосымшаларының мәні мен көлемі.

5. Тәжірибенің жүзеге асу жағдайы.(Бұл тәжірибе қандай оқу орнында, қай пән мен сыныптарда іске асады және мұғалімнің кәсіби деңгейі мен білім беру мәселесіндегі өзектілікті көре білуі.)

6. Ұсынылған тәжірибе нәтижесінің негізділігі.

7. Ұсынылған тәжірибенің іс-жүзінде қолданудағы өміршеңдігі (педагогикалық тәжірибенің таратылу әрекетін жүйелеу)

8. Педагогикалық озық тәжірибені жалпылауға берілген сын-пікірдің орындылығын анықтау.

Қосымша 12а

Техникалық және кәсіби білім берудің инженерлі- педагогикалық қызметкерлерінің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибесін жалпылау бойынша бірыңғай талаптар

Берілген бірыңғай талаптарға бірінші, жоғарғы квалификациялық санатқа аттестацияланатын инженерлі -педагогикалық қызметкелерінің тәжірибесін жалпылау бойынша жалпы ережелер кіреді.



  1. Глоссарий

Педагогикалық тәжірибе- оқушы тұлғасын /оқу, тәрбие, даму/ қалыптастыруға бағытталған, ұйымдастырылған ,мақсатталынған педагогикалық үрдісінің нәтижесі.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе –жоғары тұрақты педагогикалық нәтижені беретін, ерекше, жаңашыл, шығармашылық іздену элементтері бар педагогикалық практика, педагогтың жоғары шеберлігі.

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау – қортындылары педагогикалық жүйе немесе педагогикалық идеялар түрінде ресімделген нәтижелік білім беру үрдісінің жағдайын талдау және оқу.

  1. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің белгілері.

    1. Өзектілік, яғни республикалық және аймақтық білім беру саясатына, қоғамдық даму тенденцияларына, әлеуметтік тапсырысқа,оқу орынның қажеттілігіне тиістілігі.

    2. Жаңашылдық :

-бір модификацияның немесе белгілі әдістің элементерінің комбинациясында;

-педагогикалық жұмыстың бөлек жақтарын жетілдіруде, рационалдауда;

-жаңа педагогикалық мақсаттарды қою және шешуде, білім беру жолдарын және оларды қолдану ережесін жаңартуда


    1. Жоғарғы нәтижелік:

-оқушылардың оқу деңгейінде;

-оқушылардың тұлғалық дамуында;

-басқару іс-әрекетін және әдістемелік жұмысты жетілдендіруде.


    1. Тиімділігі, яғни уақытты және күш-қуатты үнемдеу арқылы өте жоғарғы нәтижелерге жету.

    2. Тұрақтылық :

- жағдайдың біршама өзгерудегі тәжірибенің тиімділігін растау;

-бірнеше жыл қатарынан тұрақты оңды нәтижелерге жету.



    1. Ғылымилық, яғни педагогика,психологияның негізгі қалаушылық ережелерге сәйкестігі.

    2. Бұқаралық практикада тәжірибені пайдалану мүмкіншілігі; тәжірибені шығармашылық қолдану мүмкіндігі.

  1. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау тәртібі

    1. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені оқып білу және жалпылау үшін ұсынылуы мүмкін:

  • облыстық әдістемелік бірлестіктен;

  • пәндік /циклдік/ әдістемелік комиссиядан;

  • оқу орнының әкімшілігінен;

  • конкурстардың қазылар алқасынан / «Жыл педагогы» және т.б./

    1. Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау үшін 1 дана көлемінде қағаз және электронды түрде келесі материалдарды қажетті түрде ұсыну керек:

- сұранысты /№1 қосымша/;

-тәжірибенің баяндауын /№2 қосымша/ - 3 дана

-қосымшаларды /№3 қосымша/;

-тәжірибе материалдарының рецензиясын /№4 қосымша/ - 3 дана;

- ақпараттық картаны /№6 қосымша/ - 3 дана.

3.3. Әдіскердің қосымша материалдарды сұрауға құқығы бар.

3.4.Әдіскер экспертік Кеңестің отырысына материалдарды дайындайды.

3.5. Алдыңғы қатарлы тәжірибе бойынша бүкіл тапсырылған материалдар авторлық болып саналады және тәжірибе авторының рұқсатынсыз пайдаланыла алмайды. Материалдар қайтарылмайды.


1 қосымша.

Облыстық эксперттік кеңестің төреағасына

----------------- Жетекшінің аты-жөні
Мәлімдеме

------------------------------------------ /тақырып/ мәселе бойынша алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау үшін



оқу орны, қызметі ,тәжірибе авторының А-Ж.Ф.

материалдарын қарастыруды сұраймыз.


Дата Жетекшінің қолы
2 қосымша

Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау үшін баяндау жадынамасы

Жұмыс тәжірибесін баяндаудың құрылымы

1.Тәжірибе авторы туралы мәлімет /А-Ж.,Ф, жұмыс орны, педагогикалық өтілімі, оқытатын пәні, кәсібі, телефон/.

2. Тәжірибенің тақырыбы /аталуының нақтылығы, педагогикалық және психологиялық терминдердің түзу пайдалануы/.

3.Тәжірибенің құрылу мен қалыптасу шарттары /топ, әлеуметтік қоршау, қала, аудан, шағын аудан туралы қажетті мағлұмат/.

4. Тәжірибенің өзектілігі /бұқара практикасында кездесетін қандай қарамақайшылықтар және қиындықтар тәжірибеде табысты шешіледі /.

5. Тәжірибенің теориялық дәлелдеуінде тәжірибенің авторы қандай да бір ғылыми идея негізінде нені жетілдіріп жатқаны туралы нақты көрсетуі тиіс.

6.Тәжірибенің бастаушы педагогикалық идеясы - тәжірибеден шығатын және оның қолдану формаларының түрлерін алдын-ала көрудің орталық, негізгі ойы ; бұл тәжірибе авторының іс-әрекетіндегі ең бастысын, ең маңыздысын белгілеу.

7.Тәжірибе технологиясы:



Әрекеттің дәйектілігін тойтару керек – мақсатты жете түсіну, қойылған мақсаттың күйін зерттеу, құралдарды, әдістерді, формаларды сұрыптау, жоспарлау, қолдану, қорытындысын шығару, талдау, түзету. Педагогикалық әрекеттердің жалпы логика контекстіндегі негізігі тәсілдер, формалардың қолдану дәйектілігі. Тәжірибенің технологиясын көрсете отырып, оқытушының педагогикалық әрекеттерін осы әрекеттер табылатын негізгі жағадайлармен тиістіру керек. Сондықтан, баяндауда мысалсыз, нақты педагогикалық дәлелдерсіз айналып өтуге болмайды.

7.1. Тап осы педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы /педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты ретінде соңғы нәтижелерінің ойға түсіру болып ұғылады/. Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттерінің шың практика қажеттілігіне, яғни оқу орны басшыларының, оқытушылардың педагогикалық қиындықтарына тиістілігін талдау.

7.2.Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру

-оқу іс-әрекетіне оқушыларды кіргізу әдісі.

- ұйымдастырудың қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкестігі.

7.3. Білім беру мазмұны.

- Білім беру мазмұнындағы өзгерістердің себебін дәлелдеу.

- Білім беру мазмұнындағы өзгерістердің тәсілдерін баяндау /оқу курстың басты жолдары бойынша, білім беру мазмұнының іс-әрекеттік компонентін енгізу, жаратылыстанулық пәндердің мазмұнынын гуманитарлық аспектілерін еңгізу және т.б./.

- Мазмұнның қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестілігі.

7.4. Оқу-тәрбие жұмысының формалары, әдістері және құралдары, оларды мақсаттармен сәйкестіріп тиімді таңдау, қолдану технологиясы

- оқыту әдістері



- оқу сабақтарының формалары

- оқу құралдары

- іс-әрекетінің түрлері

- оқутышының этаптық әрекетін, оқушылардың оқу іс-әрекетінің алгоритімін баяндау

- іс-әрекеттің өзін-өзі бақылау, өзара бақылау, бақылау және ынталандыру тәсілдері

8. Тәжірибе бойынша жұмыс ұзақтығы /нағыз және тілеген жағдайдын қарамақайшылық тапқан кезден бастап, тәжірибе нәтижелілігін анықтағанға дейін/

9.Тәжірибе ауқымы /жеке педагогикалық жағдай, сабақтар жүйесі, сыныптан тыс жұмыстардың жүйесі,сабақтың бірыңғай жүйесімен- сыныптан тыс жұмыс, лекция-семинарлық жүйемен, сабақтан тыс жұмыс жүйесімен, тәрбие жүйесін ұйымдастырумен және т.б./

10. Тәжірибенің нәтижелілігі.

Әсердің дәрежесін көрсету керек:



  • Оқушылардың тәрбие деңгейіне

  • Оқушылардын оқу деңгейіне

  • Оқушылардың тұлға дамуына және т.б.

Тәжірибенің нәтижелілігін белгілі уақыт аралығында қадағалау керек. Нәтижелерді бағалағанда ескеру керек:

  • Тап осы тәжірибені қолданып жүргендердің пікірін

  • Бұл тәжірибенің басқа оқту әдістермен салыстырғанда қандай басымдығы бар

  • Тәжірибедегі жоғарғы нәтижеге не арқылы жететіндігін

  • Бұл нәтижелер қаншалықт тұрақты екендігін

  • Алынған нәтижелердін оптималдық деңгейін.

Нәтижені бағалай отырып, оларды жұмыстың тап осы жағдайларына сәйкес келетін көрсеткіштермен салыстыру керек.

3 қосымша

Жұмыс тәжірибесін баяндауға қосымша

Қосымшаның мазмұны, қосымшаның көлемі тәжірибенің тақырыбына тәуелді.

Бар болуы мүмкін:

Авторлық бағдарламалар, модифицирленген, кірістірілген бағдарламалар, жобалар.

Тақырыптық жоспарлау.

Сабақтардың конспектілері /сабақтардың жүйесі/

Видеоматериалдар /фотоматериалдар, тәжірибенің компьютерлік презентациялары/

Сабақтардың компьютерлік қамтылуы

Мейрамдардың, кештердің және т.б. сценарийлары

Рефераттардың, дәрістердің,сөйлеулердің және т.б. мәтіндері

Тәжірибенің нәтижелерін дәлелдейтін материалдар
4 қосымша

Алғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің тұтас баяндау материалына рецензияның үлгілі мазмұны

1. Рецензия атауында тәжірибе тақырыбы, авторы /авторлық топ/, алғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің материалын кім ұсынып, жалпылағаны көрсетіледі .

2. Тәжірибенің өзектілігін дәлелдеу және оның оқу-тәрбие үрдісін/басқару іс-әрекетін, әдістемелік жұмысын / жетілдіру үшін маңыздылығы.

3. Тәжірибенің ғылыми және әдістемелік негіздері. Автормен қандай ғылыми теориялар, ережелер, әдістемелік әзірлемелер қоданылған.

4. Тәжірибенің жаңалығы: жаңа мазмұны,әдістер, формалар,құралдар. Жаңалықтың деңгейі: новаторлық, шығармашылық, репродуктивтік.

5. Тәжірибені жалпылаудың, оған жататын материалдардың /кемшіліктері, жетістіктері/, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көрсеткіштеріне сәйкестілігінің сапасын бағалау.



  1. Қосымшалардың болуы және олардың мақсатқа сәйкестілігі.

  2. Тәжірибенің қызмет ету жағдайлары. /Қай типті оқу орынында тап осы тәжірибені қолдануға болады, берілетін пәндер, топтар, оқушылардың ерекшеліктері, материалдық базасы, педагогтың кәсіби дайындығының деңгейі, оның білім берудегі өзекті мәселелерді көруі/

  3. Өзекті тәжірибені практикада қолдану перспективасы. /педагогикалық тәжірибені тарату бойынша шаралар жүйесін баяндау, тәжірибенің ізбасарларына алған нәтижелерді, мүмкін қателерді талдау, қорытындыға келу, тәжірибенің мақсатты еңгізудің, сол мақсаттар үшін әдістемелік нұсқауларды әзірлеу, біліктілікті арттыру бойынша жұмыс жүргізудің қажеті бар ма/.

  4. Тәжірибенің ізбасарлары туралы мәліметтер, олардың сын-пікірі және ескертулері /негізгі мекен-жайы,аты-жөні, оқу орынның атауы/

  5. Алғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау үшін рецензияланатын тәжірибенің орындылығы бойынша шешім

5 қосымша

Құжаттарды рәсімдеудің талаптары

Электрондық сақтау құралдарына қойылатын талаптар

-автордың толық атаумен бүкіл дисклерді атау керек, оқу орынның атауын, /қала/ ауданды көрсету керек;

-басқа компьютерге дискіні еңгізу кезінде ақпаратты оқу ыңғайлығы үшін барлық құжаттарды А4 форматында ұсыну керек .

-архивтік түрінде құжаттарды ұсынбау керек.

Мәтіндік файлдар үшін шрифт Times New Roman, 14 өлшем, қатарлар аралығы – бір, поля: жоғарғы, төменгі- 2см, сол –3см, оң – 1,5см қолдану керек .
Қағаз көшірмелердің талаптары

Барлық қағаз құжаттар бір данада, бумада, жеке файлдарда ұсынылады.



  • Қосымша материалдар бір немесе бірнеше байлауы бар папкаларда жинақталады.

  • Мәтінде атауларды қысқартуға рұқсат берілмейді.

  • Барлық парақтар нөмерленуі керек , әрбір парақтың колонтитулында автордың аты-жөні көрсетілуі керек.

  • Тәжірибені тұтас баяндаудың көлемі 20 параққа дейін болу керек, қосымшаның көлемі шектелмейді.


Тәжірибенің тұтасты баяндау формасында алғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылау материалдарын рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқаулар

Титулдік парақты рәсімдеу ережелері

Титулдік парақ - алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылаудың баспа түрінің 1 беті. Тәжірибенің тұтас баяндауының нөмірлігі титулдік парақтан басталады, бірақ «1» саны титулдік параққа қойылмайды. Егер тәжірибе оқу орнының деңгейінде жалпыланса, үстінде, ортасы бойынша оқу орнының атауы мөр бойынша орналасады. Егер тәжірибе облыстық білім беру басқармасы деңгейінде жалпыланса, үстінде, ортасы бойынша облыстық білім беру басқармасының атауы орналасады. Титулдық парақтың ортасында тәжірибенің тақырыбы басылады. Төменгі оң бұрышында автордың аты-жөні, оның лауазымы, жұмыс орны көрсетіледі. Беттің астында, ортасы бойынша тәжірибені жазған орны - қаланың, ауданның атауы көрсетіледі.



Тәжірибенің мазмұнын көрсетуімен парақтарды рәсімдеу ережелері

Мазмұны - алдынғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жалпылаудың баспа түрінің 2 беті. Екінші беттен бастап, төменгі колонтитулда, төменгі оң бұрышта «2 » санынан тәжірибенің тұтас баяндаудың нумерациясы басталады. Сондай-ақ, екінші беттің және басқа кейінгі беттердің жоғарғы колонтитулында, ортасы бойынша автордың аты-жөні орналасады. Мазмұнда тұтас баяндаудың барлық негізгі бөлімдердің, қосымшалардың атаулары және олардың басталу беттері басылады.



Библиографиялық тізімді рәсімдеу ережелері.

Библиографиялық тізімді құру әр түрлі жолдары бар. Біз әдебиеттік көздеді топтаудың алфавиттік жолын пайдаланамыз. Автордың аты-жөні және басы /егерде автордың аты-жөні жоқ болса/ алфавитпен орналасады. Автордың аты-жөнін ,кітаптың атын, баспаны, шығару жылын орналастыру келесі мысалда көрсетіледі:



1.Беспалъко ВЛ. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика, 1989.

2.Воронов ВВ. Педагогика школы в двух словах: Конспект-пособие для студентов-педагогов и учителей. М.: МПУ, 1995. С. 110.

3.Генисаретский О.И. Логический смысл моделей и моделирования//Метод моде­лирования в естествознании. Тарту, 1966. С. 43-46.

Оқытушының жұмыс тәжірибесінің рецензиясын рәсімдеу ережелері

Тәжірибенің авторымен жүйелі әдістемелік жұмыс жүргізген, дайындықта көмек көрсеткен білім беру қызметкері /оқу орынның директор орынбасары, облыстық әдістемелік бірлестіктің, пәндік /циклдік/ әдістемелік комиссияның басшысы /әдіскері// оқытушының жұмыс тәжірибесінің рецензиясын рәсімдейді. Рецензия берілген ереженің № 4 қосымшасының жадынамасы бойынша жазылады. Мысалы:

. тақырып бойынша …/қаланың, ауданның/ …. коледжінің /КМ/ оқытушысы А.П. Иванованың тәжірибесінің тұтас баяндауының рецензиясы

Жадынама бойынша рецензияның мәтіні /№4 қосымша/

Рецензия авторының аты-жөні, лауазымы және қолы.

Тәжірибе баяндауының қосымшаларын рәсімдеу ережелері

Тәжірибені тұтас баяндауының қосымшаларының көлемі және мазмұны тәжірибенің тақырыбына байланысты. Қосымшада тек қана тұтас баяндауға қатысты материалдар көрсетілуі және сол қосымшаларға мысал ретінде тәжірибе баяндау мәтінінде сілтемелер болу керек. Тәжірибе баяндау мәтінінде қосымшалар тарауларының сілтеуі бар бет ақырғы болып нөмірленеді. Қосымша тарауларының әрқайсысы бірден басталып, жеке нөмірленеді. «№4 қосымша» немесе «№2 қосымша» деген бет қай қосымшаның тарауына жататыны қосымшаның оң жақтағы үстіңгі бұрышында, әр парақта көрсетілуі керек. Тараудың бастау нумерациясы қосымша тарауының сілтемелері бар бетте қойылмайды, ол бетте қосымша материалдардың тізімі көрсетіледі. Рәсімдеу түрі:

Иванова Анна Петровна

Қосымша


№1 қосымша-авторлық бағдарламалар

№2 қосымша – тақырыптық жоспарлау

№3 қосымша- сабақтардың конспектілері /сабақтар жүйесі/

№4қосымша- видеоматериалдар /фотоматериалдар және тәжірибенің комьютерлік презентациялары/

№5 қосымша- сабақтардың компьютерлік қамтылуы

№6 қосымша- мейрамдардың, кештердің сценарийлары

№7 қосымша- реферат, дәрістер, лекция мәтіндері және т.б.

№8 қосымша- тәжірибенің нәтижелілігін дәлелдейтін материалдар


6 қосымша

Инновациялық тәжірибенің ақпараттық картасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет