С. С.Қонтаев Иманғалиев Е. Н. 2010 ж. 2010 ж. Облыстық эксперттік кеңес жайлы ереж е



бет2/8
Дата09.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#187350
1   2   3   4   5   6   7   8

ОБЛЫСТЫҚ




ЭКСПЕРТТІК КЕҢЕСТІҢ



ҚОСЫМШАЛАРЫ

Қосымша 2



Пікір жазуға қойылатын талаптар
Пікір /талқылау, сын-пікір/ - бұл білім беру мекемесі материалдарын, ғылыми-әдістемелік әзірлемелерін, оқу, тәжірибелік-эксперименттік жұмысын, жаңа ғылыми және көркемдік шығармаларын бағалау, талдау және сын тұрғыдан талқылау, сараптау.

Пікірде нақты, әрі кең тұрғыда төмендегі мәселелер қамтылуы қажет:



  1. Жұмыс жүйесінің өзектілігі (тұжырымдамалар, бағдарламалар, зерттеу немесе тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың тақырыптары және т.с.с.):

    • Білім беру мекемесінің оқу-тәрбие үрдісінің түрлі жақтарын модернизациялау үшін (білім беру мазмұны, технологиялары, басқару жүйесінің әдістері, тәсілдері, түрлері және т.б.);

    • Оның жалпығылыми және жалпымемлекеттік приоритетпен байланысы;

    • Оның республика және облыстық білім беру жүйесіне, білім беру мекемесінің қажеттілігіне сәйкестігі, дер кезілігі, керектілігі;

    • Білім беру мекемесінің жұмысындағы маңызды жетіспеушіліктерді жою үшін.

  2. Жұмыс жүйесінің ғылыми-әдістемелік деңгейі:

      1. Модификациялық: модернизация (жаңарту), белгілі тәсілдермен әдістермен, технологиялармен, құралдармен, жүйемен және т.с.с. жоғалтқан тұстарын қалпына келтіру.

б/ комбинаторлық/киыстырушылық/: жаңа сапаға көтеретін белгілі элементтерді әртүрлі жағынан үйлестіріп, интеграциялау.

в/ радикалды /тиімділік/: бұрын белгісіз болып келген мүлде жаңа, соны дүниені ойлап табу.



  • Жұмыс жүйесінің ғылыми-әдістемелік деңгейінің білім беру мекемесінің даму деңгейіне сәйкестігі;

  • Жұмыс жүйесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуінің деңгейі.

3. Жұмыс жүйесінің жаңашылдық дәрежесі

  • қалада/аудан, облыстың, республикалық және әлемдік білім беру жүйесіндегі ұқсастықтың (аналог) барлығы мен жоқтығы;

  • Онымен шақырылған өзара қайта құрудың масштабы: дербестік -локальді, жекелік, өзара байланыспаған; модульдік - өзара байланысқан дербестіктер жиынтығы; жүйелік - барлық мектепті қамтитын.

  • Алдында болған жүйелерге жұмыс жүйесінің қатынасы: орнын басатын - белгілі бір нақты ескірген құралдың орнына ендіріледі; өзгертуші – білім мекемесінің дамуында болашағы жоқ деген көзқараста басқа нәрсемен ауысытырылмайтын бағдарламалар мен бірлестіктер, жұмыс формаларын өзгерту, алып тастау, қандайда бір ұйымның іс-әрекетін тоқтату; ашушы – жаңа бағдарламаларды, білім беру қызметінің жаңа түрлерін, жаңа технологияларды т.с.с. игеру, алдында олардың мүлдем болмаған жағдайында; өткенді енгізуші (ретро) – білім беру тәжірибесінде бұрын қолданылған, білім мекемесіне дәл қазір қажетті жаңаны игеру;

  • Шығармашылық жаңалық, (инновациалық) жұмыс жүйесінің потенциалы.

4. Жұмыс жүйесінің ғылымилығы.

  • Жұмыс жүйесінің төмендегілерге бағытталуы:

  1. Оқушы тұлғасын да білім, білік, дағдысын қалыптастырып қоймай тәрбиелеу мен дамыту;

  2. Балалардың әлеуметтік және психофизиологиялық денсаулығын сақтау;

  3. Білім беру үрдісінің психологиялық, этнопедагогикалық, экологиялық, экономикалық бағытталуының қамтамасыз етілуі;

  4. Білім беру мазмұнының гуманистік интеграциялық және инновациялық жолдары;

  5. Ғылымилық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету (проблеманың, ғылыми болжамның, проблеманы гипотезалық шешудің, ғылыми-негізделген зерттеуді жүргізудің, зерттеуге дейін алынған мәліметтермен салыстырудың болуы).

5. Жұмыс жүйесінің методологиялық негізі сипаттамасы мен беру және ішкі бірлігін бағалау:

  • логикалылығы, нәтижелердің методологиялық негіздермен өзара сәйкестігі, олардың қарама-қайшылықты болмауы;

  • оның жаңа білім беру парадигмасының философиясы, методологиясы, психологиясымен және педагогика ғылымы мен тәжірибесінің соңғы жетістіктерімен сәйкестігі.

6. Ғылыми ереженің әр бір нәтижесінің, жұмыс жүйесіндегі қорытынды мен шешімдердің шынайылығы және негізделуі. Жұмыс жүйесінің білім мекемесінің жалпы даму стратегиясымен байланысы.

7. Жұмыс жүйесінің практикалық маңыздылығы – ұсынылып отырған жұмыс жүйесі қаншалықты деңгейде істің жағдайын жақсы бағытқа қарай өзгерте алады.Тәжірибеге енгізу үшін не ұсынылады. Жұмыс жүйесінің нәтижелілігінің болжамы (аналогы мен эксперттік жолмен).

8. Жұмыстың қорытынды және аралық нәтижесін ұсыну (апробация) түрі мен тәсілдері: мақалалар, баяндамалар, шығармашылық есептер, оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген ашық сабақтар, әдістемелік көмекші құралдар, ұсыныстар, диаграммалар, кестелер, талдау және т.б. Жұмыс нәтижесін ұсыну деңгейі: жергілікті, облыстық, республикалық, халықаралық.

9. Безендіруге қойылатын талаптарға сәйкестігі. (Қосымшадан қараңыз)
  1. Жұмыс жүйесін пайдалануға ұсыныстар /апробациялау, тарату, баспа бетінде жариялау, бекіту, аттестациялау, жетіспеушіліктерді толықтыру және т.с. с./.


Пікір жазушының қызметі,

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________ Аты-жөні

( қолы, күні)


Қосымша 3


Білім беру ұйымы деген статусты алу үшін аттестация

корытындысы бойынша кұру жадынамасы
1. Білім беру мекемесінің жалпы сипаттамасы.

1.1. Білім беру мекемесінің аты, негізі каланған жыл.

1.2. Ұйым кұрылымы туралы ақпарат, оның ұзақ және кысқа мерзімді жоспарлауы мен жүзеге асыру кұрылымы, басқару әдістері мен формалары:


  • ұйымның кұрылымының сипаттамасы

  • ұйымның негізгі стратегиялық бағдарына сипаттама, оның кұндылықтары

  • стратегияны жүзеге асыру бойынша жоспарлар жасау

  • ұйымның даму процесін басқаруға сипаттама

  • тіл туралы Заңның жүзеге асу жағдайын талдау (мемлекеттік тілде түлектер даярлау, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру)

  • КР – ның спорт және мәдениет даму бағдарламасының жүзеге асуын талдау

1.3. Корытындыға тіркелген косымша Ш-1.Ш-2. көрсетілген кестедегі көрсеткіштер бойынша білім беру ұйымының іс-2рекетіне сипаттама

2. Білім беру үйымында іс-эрекетті реттеп отыратын нормативті- басқару кұжаттарының болуы жайында акпарат:



  • мемлекеттік тіркеу туралы куәлік / кайта тіркеу

  • статистикалық карта,

  • Білім беру мекемесінің Жарғысы;

  • Білім беру іс-эрекетін жүргізу кұкығы жайында лицензия (катары, лицензияның берілген күні) және оның косымшалары;

  • Медициналық кызметпен, тамақтанумен камтамасыз етілгенін дәлелдейтін кұжаттар;

  • Білім беру үйымының кұрылымы мен бөлімшелер кұрылымының ережесі;

  • Сабақ кестесі;

  • Іс тіркеулері;

  • Мұғалімдер мен кызметкерлердің міндетті нұсқаулары мен штат кестесі;

Ұйымның оқу процесі бойынша реттеу кұжаттары мен ішкі кұкықтар- педогогикалық кеңес отырысының хаттамасымен жұмыс жоспары, пәндік әдістемелік бірлестіктері,СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ КЕҢЕСІ, оқушылар кеңесі (оқушылардың өзін-өзі басқару) және басқада құрылымдық бөлімшелер; басқада жоспарланған құжаттар;

- әліпби кітабы, кейінгі 3 жылдағы сынып оқушыларының контингенті туралы ақпарат, СОНЫМЕН ҚАТАР мемлекеттік тілде (бюджеттік, ақылы) оқитындар;

- оқушылардың жаппай оқытумен қамтылуы туралы ақпарат;

- оқушылардың қабылдануы, ауысуы туралы құжаттар

- оқушылардың бас жұмыстары, кейінгі 3 жылдағы бұйрықтар

- кейінгі 3 жылдағы статистикалық есеп беру,

- қатаң есеп беру құжаттарының берілуімен тіркеуі туралы ақпарат (аттестат бланкілерінің берілуімен тіркеу кітабы, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік, көшірмелердің берілуі, бүлінген аттестаттармен куәліктерді жою актілері ).
ІІ. Кадрлар әлеуметін талдау

1. мамандардың сандық және сапалық құрамы

2. Біліктілікті арттыру

3. Мамандарды таңдау мен тағайындау

4. Жас мамандармен жұмыс.

5. Базалық білімі жоқ мұғалімдер саны.

6. Еңбек тәртібі.

7. Педагогикалык мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға бағдарланған педогогикалық шеберлердің, шығармашылық топтардың болуы.

8. Педагогикалық тәжірибені жалпылау бойынша жұмыс.

қорытынды: мекемедегі мамандардың таңдау және тағайындау жүйесі, оларды дайындау және қайта даярлау әрекеті қаншалықты тиімді және нәтижелі? Кейінгі 3 жылдағы мамандар ротациясы қандай? Қызметтік мадақтаулар мен ескерулер, моральдік және материалдық стимул беру жүйесі барма? Орындау процесін бақылаумен ұйымдастыру функциялары қаншалықты нәтижелі жүйеге асады? Еңбек және орындаушылық тәртібін, моральдық, психологиялық климатты сақтау үшін қандай шаралар қолданылады? Педогогикалық құрамның сандық сапалық параметрлері білім беру процесінің білікті талаптарымен мақсаттарына қаншалықты сәйкес келеді?


III. Оқушылардың контингенті

Бөлімде келесі көрсеткіштер көрсетілген: оқушылардың жалпы саны, контингенттің қабылдауы, қозғалыстары, ҚР МЖМСБ (ГОСО) 5.03.008-2006 ж. Оқушылардың контигенттеріне сәйкес .

Негізгі жағдай.

Келесі материалдар талданады:



  1. Оқушылар контигенттерінің сандық құрамы, бір оқушыға шаққанда (келетін) оқу көлемінің санитарлық нормасының оқушылардың контигентіне сәйкес ;

Келесі құжаттарға талдау жасалынады:

  • Қойылған талаптарға сәйкес, оқушылардың жеке ісі.

ІY. Оқу -әдістемелік іс әрекет

1. төмендегілер бойынша қорытындылар мен ескертулер жасалады:

І. Оқу әдістемелік құжаттарының құрамына: білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты, типтік, жұмыс, оқу жоспарымен бағдарламасы жатады.

ІІ. жұмыс оқу жоспарымен бағдарламасының мазмұны оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, оқушылардың оқу жүктемесінің максималдық көлемі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына сәйкес болуы: әдістемелік жұмыстардың сапасымен оқушының оқу іс әрекетінің түрі бойынша ұсыныстар: күнтізбелік, сабақ жоспарлары:

ІІІ. оқу тәрбие процесінің (ОТП) жылдар бойынша нәтижелілігін салыстыру

а( оқушыларды білім берумен қамту ( жаппай оқыту.

б( оқушыларға қорытынды аттестация жүргізу мент ұйымдастыру

в( оқушылардың білімін аралық, тоқсан сайын және жылдық бақылауды сапалы ұйымдастыру

г)оқушылардың сын бойынша тоқсандық нәтижесіндегі үлгерімімен оқу тілі, түлектердің дайындық деңгейі

д)жазу мен бақылау,практикалық лабораториялық жұмысты нормалық орындау

е) соңғы бақылау жұмысының сапасы мен бітіру емтиханын тапсыру

Ж)олимпияда оқушылардың ғылыми жоба сайысында, конкурста оқу жоспарымен мектеп іс әрекетінің бағытының пәндері бойынша фестивальда жеткен жетістіктері .

з) орта кәсіби оқу мекемесіне түскен түлектер саны

и) педагогикалық іс-әрекет бағыты бойынша конкурс, фестиваль, көрмелердегі педагогтардың жеке жетістіктері мен педагогикалық ұжым жетістіктері;

к) Мұғалімдердің оқу жүктемесін жоспарлауы мен оқу кестесінің тұрақтылығы оның орындалуы;

л) күнтізбелі-тақырыптық жоспар жасау барысында білім беру мазмұнының таңдау принципінің сақталуы;

м) әдістемелік семинарлар, бюро, секция ұйымдары;

н) жоспарлаудың деңгейі, сапасы мен уақтылығы және жоспарланған жұмыстың орындалуы, оқу сабақтарының жүргізілуі;орындалатын жұмыс пен оқу жүктемесінің мұғалім біліктілігіне сәйкестігі;

п) оқу жоспарының әр пәні бойынша оқу сағатының орындалу көлемінің проценті;

р) оқу процесінде оқытудың педагогикалық инновациялық және ақпараттық технологияларының жүзеге асуы;

с) ОТП нәтижесі мен мазмұнына мониторинг жүргізу сапасы және оның болуы;

т) ұзартылған күн топтарын ұйымдастыру мен іс-әрекеті және оқушыларды жеке дайындауды күшейту;

у) нашар үлгеретін оқушыларды қолдау мен қосымша жұмыстар;

ф) қатаң есеп беру құжаттарын беру мен сақтау.


V. Оқу-тәрбие жұмысы және педагогикалық жүктеме

1. Бөлімде төмендегідей ақпараттар келтіріледі:

а) Білім беру ұйымындағы (ББҰ) тәрбие процесін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету;

б) ББҰ-дағы кеңістік-пәндік ортасын көркемдеу (мемлекеттік рәміздер, тақырыптық сендтер және т.б.).

в) ОТП нәтижелігі мен мазмұнына мониторинг жүргізу сапасы мен оның болуы;

г) оқушылардың зерттеушілік іс-әрекеті, оның нәтижесі, өзіндік деңгейі;

д) оқушы тұлғасының өзін жүзеге асыру үшін, оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің әр түрлі аумағында жағдай жасау (факультативтер жұмысы, қызығушылық бойынша үйірмелер, спорт секциялары, пікірталас клубы, студия, басқа аймақтар);

и) Республикалық және жергілікті оқушылар ұйымының іс-әрекетіне оқушылардың қатысуы; олимпиада, жоба, конкурс, акция, фестиваль, спорт жарыстарына қатысуы мен ұйымдастырылуы;

к) оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру (денсаулық жағдайы мен оқушыларды әр түрлі спорттық- сауықтыру іс-әрекетіне араластыру, валеологиялық қызмет);

л) мектептің өзіндік басқару жұмысының нәтижелігі мен оның болуы;

м) тәрбие жұмысының әдістері, формасы мен мазмұны; педагогикалық кеңес отырыстарында тәрбие жұмысының мәселесін қарау, сынып жетекшілерінің кеңесі, ата-аналар комитетінің отырысы, тәрбие жұмысының нәтижелілігі;

н) Сынып жетекшілір кеңесінің жұмыс нәтижесі және оның болуы.

Бұл бөлімде 3 –жылға педогогикалық ПК бойынша қортындылар және ұсыныстар жасалынады.


  1. ПК оқу жүктемлер жоспары бойынша , кестенің тұрақтылығымен оның орындалуы;

  1. Жоспардың деңгейі ,сапасы және уақытында орындалуы бойынша және оқу жүктемелерінің орындалуы;

VI. Оқу - материалдық активтер

Бөлімде келесі көрсеткіштер



  1. Мамандандырылғандардың мемлекеттік жалпы стандарттарына сәйкес,санитарлық нормативті көлемі , шаруашылықты енгізу немесе оперативті басқарма жеке құқығы бар , пайдалы оқуға сәйкес;

  2. Жалпы көлемі, оның ішінде контингентте келтірілген бір оқушыға шаққанда оқу

  3. Оқу-зертханалық кабинеттерге жарық беру кезеңдері (сабақ есептегенде), оқу-өндірістік мастерлік және жаңа қондырғылары бар арнайы кеңсе, олардың (тәртіп) пән бойынша

  4. Оқушыларды спорттық заттармен, емдік профилактикалық мекемелермен, асханамен қамтамасыз ету;

  5. Медициналық қызмет етуге бөлінген қаражат көлемі;

  6. Қосымша білім берудің барлығы.

VII. Оқу зертханасы

Бөлімде келесі мәліметтер мен көрсеткіштер көрсетіледі:



  1. Мамандарды дайындау үшін арнайы оқу-техникалық, клиникалық, эксперементальдық базаның барлығы;

  2. Контингентте келтірілген бір оқушыға келген көлем нормасын сақтау, СНИП

  3. « Жалпы ғимарат және» негізінде зертханалароқу кабинеттері,дәрісханалардың

  4. СНиП –ке сәйкес өндірістік мекемелер үшін оқу- өндірістік ғимараттар үшін талаптарды сақтау.

  5. МЖМСБ мамандықтарының талаптарының оқу зертханалық жиынтықтарына сәйкес

  6. Қызметкерлер үшін зертхана құжаттарының , өрт өшіру құралдарының, жеке және коллективтік қорғану құралдарының барлығы

  7. Әр түрлі техникалық ресурстардың бары: зертханалық құрадар, қондырулар, механизмдер, стенділер, өлшеу құралдары, макеттер және модельдер мен макеттер, оқу мақсатында қолданған, эксперименттік нұсқалар, материалдар, компьютерлік және есептегіш техникалар, бағдарламалық құралдар.

VIIІ. Оқу процесінің ақпараттық-әдістемелік және кітапханалық қамтамасыз етілуі

1. Бөлімде мынадай ақпараттар келтіріледі:

а) білім беру жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын жүзеге асыру;

б) Компьютерлік сыныптар саны мен компьютерлік техниканы қолдану нәтижелігі, интернет желісіне қосылуы;

бір компьютерге келетін бала саны;

в) негізгі оқу әдебиеттер қорының толықтығы мен саны; келтірілген контингенттің әр кезеңі бойынша бір оқушыға санағанда оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорының көлемі;

г) кітапхананың негізгі кітап қоры, қор құрылымы (оқу, ғылыми, көркем әдебиет және периодика);

д) қосымша әдебиеттер қорының сапасы (арнайы, сөздік- библиографиялық және периодикалық баспалар);

ж) оқу баспасының электрондық саны және электрондық оқыту мультимедиялық бағдарлама:

з) кітапхана жұмыскерлерінің штат жинағы, міндетке базалық білімінің сәйкес болуы, олардың біліктілігін арттыру:



IX. Оқушылардың біліміне баға.

Бөлімде келесі мәліметтер көрсетілген:



  1. Оқу тәртібіндегі (пәнде) сапа және білім сапасын көтеруге бағытталған жан-жақты шектік жүйесі; білімнің сапасына баға беру бөлімнің барлығы, білімнің сапасына мектептік бақылау жасалу туралы жағдайдың барлығы;

  2. Мемлекттік аралық оқушылардың дайындықтарының сапасын бақылаудағы тестілеудің қортындылары; қорытынды талдаулары;

  3. Оқушылардың білім және оқу сапасын, оның нәтижелілігі мен тиімділігін ішкі бақылау ұйымдары.

  4. Емтихан түрлерін орналастыру туралы педогоггикалық кеңестің шешімінің барлығы. (ауызша сұрақтар, жазбаша емтихан, тестілеу, және т.б.);

  5. Оқушылардың мемлекттік аттестацияларының жылдық қортындылары;

  6. Оқушылардың білімін өлшеу

  7. Оқушылардың білімін өлшеуші құралдардың барлығы;

  8. Оқушылардың білімін бағалау тәртібі;

  9. Оқушылардың білімін бағалау критерилерінің барлығы және оны пайдалану;

  10. Ашық сабақтарға қатысу, бақылауларға қатысу, және өзаралық қатысулар; олардың талдау жүйесі;

X. Ғылыми-зерттеу жұмысы

Бөлімде келесі талдауларға келтіріледі:



  1. Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша локальды нормативті-құқықтық құжаттардың барлығы( жағдай, іс номенклатурасы).

  2. Білім беру мекемелеріндегі әдіскерлік қызмет структурасын қабылдау;

  3. Ғылыми-әдіскерлік жұмыстар бойынша жоспар мен есеп берулер;

  4. Біліктілікті көтеру (педогогикалық қызметкерлердің біліктілігін көтеру туралы ақпараттар,біліктілікті көтеру курстарынан өтудің болашақтық және жылдық жоспары, ОМО жұмыстарына қатысуы);

  5. Оқытушылардың педогогикалық шеберлігін көтеру: тематикалық педкеңестерді, семинарларды, әдіскерлік айлықтарларды (декад, апта) жарыстар, ашық сабақтар, оқытушылардың конференциялары, жас мамандармен жұмыс жасаудағы материалдар;

  6. Оқушылармен ғылыми және сабақтан тыс жұмыс жасау ұйымдары ( пәндік декад, ҒЗЖ, оқушылардың конференциялары, көрмелер және т.б.);

  7. Қызметкерлер мен оқушылардың ішкі және сыртқы ( облыстық, республикалық, халықаралық) жарыстарға, конференцияларға, көрмелерге қатысуы;

  8. Инновациялық жұмыстардың барлығы.

Х. Оқушылармен, оқытушылармен, ата-аналармен жүргізілген интервью, әңгіме әдістерінің нәтижелері.

1. Педагогикалық кеңестің аттестация қорытындысы бойынша ақпараттың таратылуы,. Коммиссияның қабылданған шешімі педагогикалық кеңес отырысында талқылауға болмайды.



Қорытындылар: білім беру мекемелерінің мәлім етілген статусқа сәйкес келүі.

Қосымша 4
Сараптама комиссиясының қарауына берілетін аттестациялық

материалдарды жасау және рәсімдеу бойынша

ЖАДЫНАМА
Бұл жаднама педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау Ережесіне сәйкес жасалған (ҚР БҒМ 22.01.2010 жылғы №16 Бұйрығы) және педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау жұмыстарының қорытындыларын таладап, жинақтау үшін облыстық сараптама кеңесіне берген құжаттардың тізімі мен түрін белгілейді.

Аттестацияланушының педагогикалық тәжірибесін сараптамадан өткізудегі әрекет іс шаралары біліктілік санатына сәйкес кәсіптік құзіреттілікті бағалауды тұспалдайды. Біліктілік санатының кәсіптік деңгей сәйкестігі келесі критерийлермен белгіленеді: егер ол, педагогикалық қызметкер жоғары біліктілік санатына үміткер болса:



  • Өзінің тәртібі бойынша (облыстық, мемлекеттік, халықаралық деңгейдегі) олимпиадалардың, сайыстардың, көрмелердің жүлдегерлерін дайындайды;

  • педагогикалық шеберлік сайыстардың жеңімпазы болып табылады (облыстық, мемлекеттік, халықаралық деңгейдегі);

  • конференциялардың, семинарлардың қатысушысы (облыстық, мемлекеттік, халықаралық деңгейдегі);

  • ғылыми әдістемелік, педагогикалық ЖАҚ - да басылымдары бар (Республикалық деңгейден кем емес);

  • Жұмыс тәжірибесі облыстық және Республикалық деңгейде жинақталады;

  • Авторлік бағдарламаның, жобаның, Сараптама кеңесінің бекітуінен өткен әзірлеушісі болып табылады;

  • Кандидаттық, ғылым докторлық ғылыми дәрежесі немесе магистрдің, РһD-дің(философия докторы) академиялық дәрежесі бар;

  • Егер ол, бірінші біліктілік деңгейге үміткер болса:

  • педагогикалық шеберлік конкурсының жеңімпаздары болып табылады(облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі)

  • конференциялардың, семинарлардың қатысушысы болса (облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі);

  • ғылыми- әдістемелік, педагогикалық ЖАҚ да басылымдары болса (облыстық деңгейден кем емес);

  • Жұмыс тәжірибесі аудандық(қалалық), облыстық деңгейде жинақталды;

  • Облыстық Сараптамалық кеңесте педагогикалық қызметкерлердің материалдары көрсетіледі:

  • Жоғары біліктілік деңгейге аттестацияланушы мектепке дейінгі оқу мен тәрбие, бастауыш, жалпы орта, негізгі орта, қосымша білім беру ұйымдары;

  • Бірінші және жоғары әдістемелік деңгейге аттестацияланушы ортадан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

  • Бірінші және жоғары әдістемелік деңгейге аттестацияланушы облыстық, арнайы білім беру(түзету) ұйымдары;

  • Материалдар оқыту тілінде рәсімделеді. Ресми тұлға жағынан мінездеме, сын - пікір, пікір, талдау және т.б. ұйымдардың мөрімен куәләндіру, жеке тұлға жағынан материалдар толық шешімі бар қолы (аты жөні толық).

Әкімшілік, білім беру ұйымының аттестациялық комиссиясы аттестациялаудың материалдарында көрсетілген ақпараттың дұрыстығына толық жауапкершілік артады.




Материалдар атауы

Ұсыну түрлері

Міндетті құжаттардың тізімі

1

Педагогикалық қызметкердің біліктіліктік санатын бекіту немесе беру өтініші

Білім беру ұйымындағы аттестациялық комиссия төрағасының рұқсат қағазы бар және белгіленген түр бойынша жазылған түпнұсқа көшірмесі.

2

Құжат, жеке төлқұжаты

Білім беру ұйымдарының кадрлық қызметінің куәләндірілген көшірмесі

3

Білімі туралы дипломы

4

Еңбек кітапшасы

5

Бұрынғы біліктілік санатының берілгені туралы куәлік

Санат беру туралы бұйрық немесе еңбек кітапшасына жазылғанға сәйкес куәліктің көшірмесі

6

Берілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжат

Жеке төлқұжат, БА курсынан өту туралы сертификат, стажировкадан өту туралы анықтама көшірмелері .

Педагогикалық қызметкерде аттестациялау аралық кезеңде аттестациялау комиссиясының қарауына берілетін материалдарда белгілі бір себептермен біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаты болмаса, педагогикалық қызметкерді оқу жылының аяғына дейін БА курсына жібергені туралыбілім беру бөлімі мен ұйыммының кепілдеме хаты берілу керек. Халықаралық бағдарлама бойынша БА курсынан өту сертификаты шет тілінде рәсімделсе, мемлекеттік және орыс тіліне аударылу қажет. Осы аударманы мәтінді аударған,яғни тұлғаның жұмыс орнындағы кадрлық қызметінің куәләндіруі қажет.



7

Қосымша пән бойынша курстан өту туралы құжаттар

(берілген пән бойынша аттестацияланушылар үшін)



Қайта дайындықтан өту туралы сертификат көшірмесі

Ұсынуға берілген құжаттардың тізімі

8

Педагогикалық тәжірибесі туралы материалдар (сабақ ұсынымдары,өзінің білімін жетілдіру бойынша оқу- әдістемелік жинақ).


Аттестацияланушының қатысуымен семинар бағдарламасына сыртқы талдау, ашық сабаққа өзі талдау жасау, шыққан оқу- әдістемелік әзірлеменің титулды беттерінің көшірмесі құралға пікір, құралды енгізу актілері, ISBN шифрі, осы өнімнің бекітілуі туралы әдістемелік кеңес отырысының хаттама көшірмесі.

9

Шығармашылық сайыстарға, ғылыми- тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, дөңгелек столдарға, педагогикалық оқуларға қатысқаны туралы ақпараттар

Сын - пікір, пікір, басылым көшірмесі, іс шаралар бағдарламасы

10

Әзірлемеге , оқу әдістемелік кешенге,оқу бағдарламасына сараптамасына қатысқаны туралы ақпарат.

Әдістемелік кеңес отырыстары хаттамаларынан үзінділер, сараптамалық қорытындылар, бейіндік сала мамандарының пікірлері және сын пікірлері.


11

Эксперименттік жұмыстарға қатысқаны туралы ақпарат.

Аттестация құжаттарына, экспериментті ынтагерлікпен ұсынған, білім беру ұйымдарын басқару құрылымының құжаттарының көшірмесі, тақырыпты бекіткені туралы, эксперименттің тақырыбы,мақсаты және жоспары(Жоғарғы оқу орнының ғылыми кеңесі, БАИ сараптама кеңесінің және т.б отырыстарының хаттамалары)

Эксперименттің аралық және жылдық қорытындылары ББ басқармасының құрылымдық отырысының хаттамалары түрінде,яғни осы отырыстарда қорытындылары тыңдалған. Жүргізіліп отырған эксперименттің негізінде, мекеменің немесе аттестацияланушының жұмыс орнынан мінездемесі, осы жобаның басшысының пікірі, енгізу актісі, патенті.





12

Әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың жұмыстарына қатысқаны (басшылыққа)туралы ақпарат.

Жұмыстың қорытындысы: яғни аттестацияланушы педагог қызметкерлерінің, сараптамашылардың (пікір жазушылар) аты жөні көрсетілген тиісті құжаттардың көшірмесі, әдістемелік бірлестіктердің, шығармашылық топтың басшылары немесе мүшелерінің мінездемелері.


13

Ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарына қатысқаны туралы ақпарат.

Тәрбиелік іс шараларды ұйымдастырушылардың алғыс хаттары, әлеуметтік әріптестердің, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарларының мінездемелері.

Тәрбиелік жұмыстарының табыстылығын айқындауға қарамағындағылардың ішінде аттестация аралық кезеңінде құқық бұзушылықтың жоқтығы әсер етеді.( бұл мәліметті білім беру ұйымы басшысының мінездемесінде көрсетіледі) аттестациялық құжаттардың ішіне оқушылар мен тәрбиеленушілердің ата аналарының (қамқоршыларының) пікірін мақсатты түрде қосымша тіркеуге болады.




14

Оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқудағы жетістіктері, пән бойынша олимпиадалар, сайыстар, байқаулар,жарыстар, ойындар жеңімпаздары туралы мәліметтер.

Аттестация аралық кезеңінің жетістіктерінің жиынтық кестесі.Кестеге қосымша ретінде грамоталарды,дипломдарды, сертификаттардфы, ҰБТ, МАБ хаттамаларының жұмыс берушілердің, машықтану базасы басшыларының тарапынан берілген пікірлерді, жұмысқа орналасқаны немесе ЖОО түскендігі жөніндегі ақпараттарды тіркеуге болады.

Үш жылдық оқу жылы қорытындысы бойынша негізгі орта және жалпы білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізіледі.

Үш жылдық оқу жылы кезінде пәнді оқытудың қорытындысы бойынша жетістіктеріне арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін мониторинг жүргізіледі.

Мектепке дейінгі оқу мен тәрбие, балалар үйінің, түзету білім беру ұйымдарының, әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері үшін, педагогтың өз анықтауы бойынша, осы ақпараттар білімнің бейнелі түрдегі, кезең ішіндегі жеткен жетістіктерінің графикалық динамикасы түрінде ұсынылады.

(егер оқу қысқа мерзімді болса, мысалы, медициналық мекемелерде немесе толық талдама қиын болса, мысалы, терең ақылы кемтар балаларға арналған мекемелер)



15

Педагогикалық қызметкердің кәсіптік құзіреттілігін тәуелсіз бағалау материалдары; сын пікір, оқушыларды және тәрбиеленушілер мен ата - аналарды тестілеу қортындылары.


Аттестацияланушы педагогтың кәсіптік құзіреттілігі, ата аналардың, тәрбиеленушілердің, оқушылардың, әріптестердің, әкімшіліктердің арасында сауалнама өткізу арқылы бағаланады.

Сауалнаманы жүргізу білім беру ұйымының психолог педагогы өткізеді, ол болмаған жағдайда – аттестациялық коммисссия төрағасы немесе директордың тәрбие жөніндегі орынбасарының ұсынуымен басқа адам өткізеді.

Аттестация құжаттамаларына қолданылған сауалнамалардың нұсқалары және қорытындыларының нақты талдамалары тіркеледі.




Қосымша 5
Білім беру мекемелерінің тұжырымдамасына

сараптама жасау жөніндегі

Ж А Д Ы Н А М А

Білім беру мекемелерінің тұжырымдамасына сараптама жазу келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:



  1. Тұжырымдама құрамы мен құрылымы

1. Білім беру мекемесі тұжырымдамасының құрылымы

    1. ББ мекемесінің миссиясы.

    2. ББ мекемесі іс-әрекетінің мақсаттары мен міндеттері

    3. Ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету.

    4. ББ мекемесі іс-әрекетіндегі приоритетті бағыттары мен негізгі

жолдары.

    1. Жаңа типтегі ББ мекемесін құрудың шынайы жағдайлары.

    2. Болжам

2. Жаңа оқу жоспары

3. Жаңа модернизацияланған оқу бағдарламалары

3.1. Жаңа вариативті курстарды анықтау, сабақтастығы, үздіксіздігі, жүйелілігі;

3.2. Гимназиялық, лицейлік және кәсіптік компоненттерінің ашылу деңгейі


    1. ББ мекемесінің даму бағдарламасына сәйкестілігі

    2. Вариативтік бағдарламалардың оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілуі;

  1. Ұсынылған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жүйесі

  2. Жаңа технологиялардың сипаттамасы;

  3. Жаңа мазмұнның сипаттамасы, құрылымы, сыныптан тыс жұмысты

ұйымдастыру;

  1. Мектеп бітірушінің үлгісі.




  1. Басқару жүйесінің сипаттамасы

1-деңгей. Директорлар (қызметтері)

2-деңгей. Директордың орынбасарлары: оқу ісі жөніндегі орынбасары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, шаруашылық істері жөніндегі орынбасары (қызметтері).

3–деңгей. Кафедра немесе әдістемелік бірлестік меңгерушілері (қызметтері)

4- деңгей. Өзін-өзі басқару. Оқушылар кеңесі (қызметтері).






  1. Білім беру мекемесі тұжырымдамасының тұтастығы мен толықтығының бағасы

        1. Жетіспеушіліктері, қателіктері, ескертулер мен ұсыныстар.

        2. Қорытынды: қолдануға жарамды, қолдануға жарамсыз (кемшіліктерді жойған жағдайда)


Қосымша 6
Оқу пәндерінің тұжырымдамасына сараптама жасау бойынша

ЖАДЫНАМА
Оқу пәндерінің тұжырымдамасының құрылымында төмендегілердің сипаттамасы болуы тиіс:

  1. Оқу пәнінің тұжырымдамасын жаңартудың негіздемесі.




  1. Пән бойынша білім беру жағдайының сипаттамасы.




  1. Пәндік білім берудің даму тенденциясының сипаттамасы.




  1. Пән бойынша білім беру құрылымын:

  • 1-ші саты үшін – бастауыш мектеп 1-4 сыныптар

  • 2-ші саты үшін – негізгі мектеп 5-9 сыныптар

  • 3-ші саты үшін – кәсіби мектеп 10-11 сыныптар




  1. Пәндік білім беру мазмұны




  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері




  1. Пәндік тұжырымдаманың негізгі идеялары




  1. Оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар




  1. Оқу пәнін жүзеге асыру жағдайлары




  1. Пәндік тұжырымдаманы ендіру іс-шаралары




  1. республикалық пәндік тұжырымдамалар мен балалардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкестігі




  1. Қорытынды: тұжырымдама қолдануға жарамды/жарамсыз (кемшіліктерді жойған жағдайда жарамды)


Қосымша 7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет