С. Т. Иксатова криминалистік қҰжаттарды тану



бет3/4
Дата07.07.2016
өлшемі443.5 Kb.
#183215
1   2   3   4

Уландыру- бұл жазуды немесе олардың бөлшектерін химиялық реативті түссіздендіріп бояу штрихы арқылы өшіріледі.

Уландыру белгілері қағаздың беткі қабатының бұзылуы уландырған жерлердегі қағаз түсінің өзгеруі, сызаттарының қалыптасуы, қорғаушы тордың түссізденуі немесе түстің өзгеруі, көрші жазу штрихтарының өшуі.

Уландыру белгілері лупа, микроскоп, ультра көгілдір жарық түсірушілер көмегі арқылы табылады

Шаю-құжат бетіндегі штрихтарды әр түрлі ерітінділер арқылы өшіру. Көптеген уландыру үшін тән белгілер шаю кезінде шығады. Олар ереже бойынша уландырылған жерлерді табу үшін кеңес беретін құралдар көмегімен табылады.

Қосымша жазу- яғни бұл жаңа әріптер, сандар, сөздер және басқа да тәсілдермен құжатқа бастапқы өзгеріс енгізетін қорытынды.

Қосымша жазу белгілері:

-бастапқы және жаңа жазу штрихтарының түсі мен реңінің, штрих ендерімен орындалған жазудың қалыптасу ерекшелігі;

- мәтіндегі жеке жазулардың әр түрлі қалыпта орнығуы;

- әріптер, сөздер, жолдар арасындағы тығыз үзілістер;

- бір штрихтағы бояушының басқа түсте болуы.

Қосымша жазу құжатты шашыраңқы немесе қисық түсуші жарық арқылы лупа немесе микроскоппен қарауға болады.

Сурет карточкаларының ауыстырылуы, жеке тұлғаны куәландыратын құжатқа жасалынады. Оның белгілері:

- суретті толық өзгерту-мөр мәтінінің ұйқаспауы қарастырылады;

- монтаж-суреттің мөр жағы жартылай қалып, оның орнына басқа сурет ілінеді, фотоқағаздың сәйкессіздігі, суреттің кесілу ізі, мөр элементтерінің келіспеуі бойынша табылады;

- ескі сурет астынан басқа сурет жапсыру-бұл әдіс фотоқағаздардың сорттарының әр түрлілігі, суреттің тегіссіз жапсырылуы бойынша табылады.

Парақтарды ауыстыру еңбек кітапшаларында, төлқұжаттарда және т.б. бірнеше парақты құжаттарда кездеседі.

Құжаттардағы ауысқан парақтарға мыналар негізделеді:

- бір құжаттың әр түрлі қағаз сапалары мен реңінің өзгешеліктері;

- бет нөмірлерінің сәйкес келмеуі;

- құжат парақтарындағы сериялар мен нөмірлердің, парақ шеттері өлшемдерінің, формаларының сәйкес келмеуі;

- ауысқан парақтың басқа типографиялық парақтардан ерекшелігі.


    1. Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау

Аталған жалғандылықтың келесі тәсілдері жиі кездеседі: бұрын көрген қолды есте сақтап, құжат бойынша жалған қол қою; қойылған шын қолға қарап отырып, оның суретін салу; қолды сиямен не қаламсаппен айналдыра жиектеп көшіру. Көшірме әдісі арқылы жалған қол қоюдың бірнеше тәсілі кездеседі: жарық өткізу арқылы, көшіргі немесе қара қағаз көмегімен; көшіру қасиеті бар бұйымдар көмегімен (дайын сөз аралықтарын қосу), фотопроекциялық тәсіл. Бұдан басқа, адамның қойған қолын ылғалды қара қағазбен де көшіруге болады.

Фотопроекциялық тәсілден басқа, аталған тәсілдерге сызықтардың иірімділігі және сопақ әріптердің бұрыштылығы тән. Сызба аппараты (пантограф) көмегімен жарықты көшіру тәсілі үшін қарындашпен жасалған алдын ала дайындық тән. Фотографиялық тәсілмен жалған қол қоюға зерттеудегі қолдың фотокөшірмеге толық сәйкес келуі тән. Фотографиялық тәсілмен әдетте көшірме қолхат (факсимиле) әзірленеді. Оның көмегімен қойылған қолдарға, темір клишелерге тән штрихтардың белгілері болады.

Аталған жалған қол қою түрлерінің көп белгілерін құжатты көлбей шашыраңқы жарықта лупа (үлкейткіш шыны), микроскоп көмегімен қарап, табуға болады. Қол қозғалысының бәсендігін, сызықтардың қосарлануы, бояудың жайылғанын, суретті түзету іздерінің белгілері, оның микроқұрылымын фотографиялық әдіспен бекітеді.

Барлық жағдайда қойылған қолға сараптама жүргізу барысында зерттеудегі қолды оны қойған тұлға қолы үлгілерімен салыстыру керек.

4 Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау фактілерін анықтау

Мөр мен мөртабандар-зергерлік жазу шеберханасында немесе полиграфиялық кәсіпорындарда белгілі бір үлгіге сәйкес жасалған клише. Оларды каучуктан не темірден жасайды. Тәжірибеде оларды жалған жасаудың бірнеше тәсілдері белгілі: мөрдің суретін құжаттың өзінде салу, қолдан жасалған клише көмегімен таңба жасау, тура таңбаны жалған құжатқа көшіру.

Мөр немесе мөртабанның бейнесін құжатқа салу жалғандаудың кең тараған тәсілі болып табылады. Оған келесі белгілер тән: шрифттің стандартқа сай келмеуі және мәтіннің біркелкі орналаспауы, әріптердің, сөздердің және сөйлем жолдарының симметрияға сәйкес орналаспауы, суреттердің (елтаңба, эмблема) және т.б. бұрмалануы; мәтінде грамматикалық қателердің болуы және оның мазмұнының мағынасыздығы; таңбаларды дайындау іздері қағаздың циркуьмен тесілуі, қарындаш штрихтарының қалдығы).

Ою, ерітіндімен өңдеу, қағазға суретін салу, қалың материалдардан (резеңкеден, линолеумнен, ағаштан және т.б.) қию баспаханалық әріптерден жинақталған, қолдан жасалынған клише көмегімен мөр немесе мөртабан таңбаларын басқанда, қарау немесе арнайы зерттеу жүргізу кезінде байқалатын ерекше белгілер қалады.

Оларға шрифттің стандартсыздығы, әріптер мен олардың қашықтығының әр түрлілігі, әріптер мен белгілердің айнадағыдай бейнеленуі, ағаштан жасалған клише іздерінде жылдық сақиналардың болуы, темір клишенің айналмалы сызықтарының болуы, таңба бояуының біркелкі жағылмауы, штрихтардың иірімділігі, үзілген сөз жолдарының болуы және т.б. жатады.

Аталған белгілер үлкейту құралдарының, масштабты тор, транспортир көмегімен құжатты қиғаш түсетін жарықта немесе ультракүлгін сәулесінде қарау кезінде көрінеді. Жалған клише көмегімен жасалған таңбаларды қарау және зерттеу барысында оларды тура мөртабанның таңбаларымен салыстыру керек.

Негізгі құжаттан баспасөз немесе мөртабан таңбаларын көшірме (жасанды) жалған құжаттқа көшіру (айнадағыдай бейнелеу), көбінесе қосарланған көшірме жолымен орындалуы мүмкін.

Қосарланған көшірме жасау жолымен алынған таңбаның жалғандығының белгілері: штрихтардың шамалы боялуы; олардағы бояу затының жайылуы; қағаздың жылтыр болмауы, таңба орналасқан жердің өзгешеленуі; мөр суретіне қатысы жоқ, бірақ сонымен бірге көшірілген штрихтардың болуы.

Егер бейнені күшейту үшін көшірілген таңбаны үстінен бояса, онда суреттің белгілері байқалады.

Аталған таңбаларды жалғандаудың басқа тәсілдеріне пайдаланудан шыққан түпнұсқа мөрден, мөртабаннан қиып алынған әріптер мен сандарды біріктіру жолымен мөр немесе мөртабан жасау жатады.

Қазіргі уақытта кең тараған шрифті өзгерткен мөр мен мөртабанды пайдалануды тура таңбаның шрифтерінің ерекшелігін, жеке белгілері мен сөз жолдарының бір-біріне қатысты орналасуын салыстырғанда ғана байқауға болады.

Кейде жалған құжат дайындау үшін басқа ұйымдардың тура мөрлері немесе мөртабандары пайдаланылады, бірақ олардың мазмұнын бүркемелейді. Ол үшін, мөрді қағаз бетіне тигізгенде, оны сәл айналдырады, сонда оның таңбасы бұлдыр болып шығады.

Егер мөр құжатқа ксерокс арқылы, компьютерді пайдаланып, сканер әдісімен көшірілсе, онда құжаттың жалғандығын оның теріс жағынан байқауға болады. Бұл жағдайларда мөр бояуының қағазға сіңуі байқалмайды. Сондай-ақ, осындай құжаттарда қол мөрдің үстіне қойылады.
4.1 Зақымдалған жазбақұжат мазмұнын қалпына келтіру

Қылмыс мақсатында құжаттарды зақымдайды немесе жояды (құжатты өртеу, жырту, мәтіннің жеке жерін сызу немесе бояу төгу, т.б.).

Криминалистикада осындай құжаттардың мазмұнын қалпына келтіру әдісі жасалған.

Жыртылған құжаттарды қалпына келтіру үшін, оның бөліктерін қағаздың сапасы, сызықтары, штрих түсі, қол қою және басқа да белгілері бойынша саралап алады. Сонымен бірге бір не екі жағы тегіс, яғни құжаттың бұрышын немесе шетін құрастыратын бөліктерін іздестіреді. Құжаттың ортасын түрі мен мазмұны бойынша іріктелген қалған бөліктермен толықтырады. Жыртылған құжатты шыны үстінде құрастырады, содан кейін оны көлемі сондай екінші шынымен жауып, шеттерін желім лентамен жиектейді.

Жанып кеткен құжаттар мәтінінің мазмұнын айқындау мүмкіндігі негізінен, қағаздың құрамымен, мәтінді бояу затымен, жану жылдамдығымен және қызуымен анықталады. Жанып кеткен құжаттарды тапқанда, оны шашып алмайтындай қылып алу керек, яғни жанған құжаттарды қолмен, пинцетпен алуға болмайды. Бұндай құжатты алу кезінде қағаз немесе картон парағымен желпіп немесе үрлеп шыны үстіне орналастырады, сосын құжатты бүріккіш пайдаланып, су буымен немесе глицерин ерітіндісімен ылғалдайды. Сұйықтықтың ұсақ бөлшектері құжатқа төгілуі үшін, оның ағымын жоғары жаққа бағыттайды. Құжат ылғалданғаннан кейін оны тегістеп, басқа шынымен жабады. Тасымалдау үшін шыны жиектерін қаптайды. Жанған құжатты мақта төселген қорапқа да салуға болады. Онда тасымалдау кезінде зақымдамау үшін құжатты криминалистік зерттеуге дербес шабарманмен жіберген дұрыс.

Жанған құжатты көлеңкелі жарықпен суретке түсіру әдісімен мәтіннің қағазға басылып қалған штрихтарын айқындауға болады. Графит қарындашпен, күйе немесе темір тұзы бар баспаханалық бояумен жазылған, сондай-ақ жазу машинкасымен басылған мәтінді инфрақызыл сәуледе суретке түсіру арқылы бұрынғы қалпына келтіруге болады. Мәтінді термиялық өңдеу жолымен де анықтауға болады. Жанған құжаттар әр түрлі сатыда, яғни кепкен, көмір болып күйіп қалған, күл болып қалған, көгерген түрде болуы мүмкін. Егер көмір болып күйіп қалған құжатты қызуға шыдамды екі шыны арасына салып, муфельдік пеште, күл болып қалғанша қыздырса, оның түрі ағарып, онда құрамында графит, күйе немесе темір тұзы бар штрихтар пайда болады. Мәтінді анықтау үшін рентгент сәулемен суретке түсіру, люминесценсия, спектроскопия сияқты басқа әдістер қолданылуы мүмкін.

Сызылған және бояу төгілген мәтіндерді жарық сүзгі, электронды-оптикалық түрлендіргішті қолданып оқуға болады. Түсімен түстес сия төгілген мәтінді ультракүлгін сәуледе зерттейді. Егер мәтінге күлгін немесе көк түсті сия төгілсе, онда оның мазмұнын төгілген сия түстес жарық сүзгіш қолданып, суретке түсіру арқылы анықтауға болады. Мәтін қағаздың бір бетінде жазылса, оны бензинмен ылғалдауға болады, салдарында ол жартылай мөлдір болады да, құжатты өтпелі жарықта суретке түсіріп алады.

Машинкамен басылған мәтіндерді зерттеу, әдетте, орындаушы мен жазу машинкасын сәйкестендіру, бірден басылған дана санын, сонымен бірге олардың мазмұнын өзгерту тәсілін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Жазу машинкалардың жалпы және жеке белгілері болады. Жалпыға жататындар: басу тетігі, адымының көлемі, сөз жолдары арасының шамасы, клавиатура түрі, белгілер жинағы, шрифт түрі.

Басу тетігінің адымы-клавишті соққан кезде каретка жылжитын қашықтық. Адым мөлшері бір рет ауыстырылған белгілер арақашықтығын өлшеу және оны олардың арасындағы белгілер санына бөлу арқылы анықталады. Өлшеу дәлдігі бірнеше сөз жолдарын өлшеумен тексеріледі. Ол үшін, арнайы трафареттер, өлшеу торлары болады. Әр түрлі жазу машинкаларында бас механизм адымының шамасы бірдей емес және 2,12 -3,00 мм құрайды.

Жол аралығының шамасы бұл жолда орналасқан белгілердің (сызықтар негізінде) төменгі жағы, астыңғы сызығы арасының арақашықтығы. Арақашықтықтың біркелкі еместігі аралық тетігін тоқтатып басылғандығын не болмаса оның бұзылғандығын куәландырады.

Штрифт маркалары көлемі (биіктігі, ені) және суреті бойынша бөлінеді. Көлеміне қарай шрифттер: ірі (биіктігі 2,25 мм-ден асса), орта (2,0-ден 2,25 мм дейін) және ұсақ (2,0 мм-ге дейін) болады. Енді шрифттерге –ені 2,40мм, орташаға-2,30, жіңішкеге-2,20мм шрифттер жатады. Әр түрлі маркалы жазу машинкалары шрифттерінің бір атты белгілері олардың бір-бірінен көлемімен ғана емес, сондай-ақ элементтерімен де ерекшеленеді.

Нақты жазу машинкасын сәйкестендіру машинкамен басылған мәтінде орын алған жеке белгілер бойынша жүргізіледі, яғни олар жазу машинкасы тетігі мен шрифт ерекшеліктерінен туындайды. Біріншісіне кейбір белгілердің тік және көлденеңінен жылжуы, белгілердің тігінен осьтен ауытқуы, жол араларының жүйелі түрде бұзылуы, таңбалар бояуының біркелкісіздігі, кіші және бас әріптер параллель болмауы. Шрифтің жеке белгілері әріп элементтерінің қисаюынан, кесуді жоғалтудан, кейбір штрихтар учаскесінің кеңеюінен көрінеді.

Машинкамен басылған мәтіндерде құжатты жасаған тұлға туралы қажетті мәліметтер алуға болатын белгілер көрінуі мүмкін; олар соғу күші мен бір қалыптылығы, жолдарды, сызықтарды сақтау, қателердің болуы және т.б.; мәтін мен оның бөліктерін орналастыру ерекшеліктері (беттерді нөмірлеу, тақырыпты, датаны, қойылған қолды орналастыру және т.б.).

Егер құжаттың авторы мен орындаушысы бір тұлға болса, жазу тілі ерекшеліктері де (мазмұндау, лексикалық, грамматикалық стиль ерекшеліктері) сәйкестендіру белгілері болып табылады.

Қазіргі уақытта рычагты-сегменттік машинкалардан ең алдымен жазу блогында монолитті әріп таратқышы бар және жазу кезінде оны тез ауыстыру мүмкіндігімен ерекшеленетін рычагсыз шрифтері бір ізге салынған жазу машинкалары шығарылды. Бұндай машинкаларды олардың басқан мәтіндері бойынша сәйкестендіру күрделілеу және қандай топқа жататындығын анықтау мүмкін емес. Бірақ ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін машинкаларда бірқатар сәйкестендірушілік белгілері пайда болады.

Рычагсыз машинкаларды сәйкестендіру рычагты-сегменттік машинкаларға арналған әдістеме бойынша, бірақ кейбір ерекшеліктермен жүзеге асырылады. Сонымен, рычагсыз машинкалар үшін құндылығы шрифт маркаларын анықтау нәтижелерін (ол бойынша әріп таратқыштың маркасын анықтауға болады), мәтінде бедерлі таңбалардың, лента бояуының қалдықтарының болуы. Сараптық зерттеу үшін машинкамен басылған зерттеудегі құжатқа қоса, құжатпен бір мезгілде басылған 1-2 парақ шрифт үлгілері қажет. Егер сараптама ұзақ уақыт өткеннен кейін тағайындалса, жазу машинкасының барлық белгілерінің таңба үлгілері шрифттері жуу алдында және жуғаннан кейін алынады. Машинкамен басылған мәтіннің еркін үлгілері мағынасына қарай зерттеліп жатқан мәтінге жақын болуы қажет және онымен бір түрлі қағазда басылуы тиіс. Эксперименттік үлгілерді білікті маман басуы керек, сонымен бірге лентаның түсі және пайдалану уақыты зерттеудегі құжатты басу кезінде пайдаланылған лентамен бірдей болуы қажет.
4.2 Полиграфиялық тәсілмен жасалынған жалған құжаттарды зерттеу

Полиграфиялық өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын көбейткіш техника құралдары мен баспа тәсілдерін баспаханалық және оперативтік деп бөлінеді.

Біріншісіне баспаның жоғары, терең және жалпақ трафареттік тәсілдері жатады.

Екіншісіне-ксерокс, ротопринт, электрографиялық аппараттар және т.б. көмегімен басу жатады.

Жоғары тәсілмен басу кезінде кескін қағазға баспа нысанның көтеріліп тұрған учаскелерімен басылады да шрифттің бояуы біркелкі түспейді. Жоғары тәсілмен басу таңбаларына баспа элементтерімен жасалынатын, полиграфияда таңбаны басып шығару деп аталатын рельеф тән.

Жалпақ тәсілмен басу кезінде басылатын және арасындағы бос қалған жер бір жалпақтықта болады, таңба штрихындағы бояу біркелкі таратылады және рельеф болмайды.

Терең тәсілмен кезінде басылатын элементтер бояу толтырылған тереңдік түрінде болады. Терең тәсілмен басуға: рельефтің болмауы, таңбалардағы басылатын элемент формаларының бояу қалыңдығының біркелкісіздігі тән. Жалпақ және терең тәсілмен басуға арналған баспа қалыбы арнайы темірден жасалады. Жоғары тәсілмен басу үшін баспаханалық теру және цинкографиялық клише қолданылады.

Жедел басу тәсілдері ішінде кең тарағаны- ротопринттік тәсіл. Жалпақ баспаханалық басуға тән белгілер жедел басуға да тән.

Қазіргі әдістемелер диагностикалық және сәйкестендірушілік міндеттерді шешуге: формалар мен оның таңбаларын жасау тәсілдерін анықтауға; кейбір басқа формаларының түрлері дайындалған кәсіпорынды анықтауға; сөз жолдары және т.б. құйылған баспа формаларын, линотиптерді сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Кешенді криминалистік зерттеу жолымен құжатты жасау тәсілі туралы (фабрикалық немесе қолдан жасалған), баспа формалары мен құжаттардың алынған көшірмесі сәйкестігі туралы сұрақтар және т.б. шешіледі.
Криминалистік фотографияның қысқаша даму тарихы
Криминалистік фотографияның даму тарихы жалпы фотография тарихына негізделеді.

Қылмыспен күресу мақсатында фотосурет XIX ғасырдың ортасынан бастап қолданыла бастады. Басында негізінен қылмыскерлерді есепке алу үшін қолданылса, соңынан қылмыскерлерді жедел іздестіру, оқиға болған жерді қарау, табылған белгісіз өліктерді есепке қою және жедел-іздестіру жұмыстарын іске асыру мақсатында қолданыла бастады.

XIX ғасырдың 70 жылдарында аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін арнайы құралдар шығаруға талпыныстар жасала бастайды. Бұл сұраққа бірінші болып үлкен көңіл аударған француз криминалисі Альфонос Бертильон болды. Ол ірі пішімді фотокамераның бірнеше түрін ойлапи шығарды және жалпы фотографияның техникалық тәсілдері мен әдістерін қолдана отырып, қылмыскерді 1/7 кескіні көрсететін суретке түсіруді ұсынды

XIX ғасырдың соңында Ресейде сот фотографиясын қолданумен байланысты құжаттар сараптамасы жүргізіледі. Орыстың белгілі криминалисі Е.Ф. Буринский зерттеу фотографиясына үлкен үлес қосады. Сол үшін оған 1889 жылы Ломоносов атындағы ғылыми сыйлық берілді.

Фотографияны тергеу және сараптау тәжірибесінде қолдану сұрақтарының жүйесін атақты совет криминалисі С.М. Потапов 1926 жылыв «Сот фотографиясы» кітабында жазды.

Бұл салада өзге де ғалымдар ғылыми жұмыс жүргізген және жүргізуде. Қазіргі уақытта сот фотографиясы бойынша жазылған көптеген әдебиеттер бар. Бұл аймақта сот фотографиясы А.А. Эйсман, Н.А. Селиванов және басқалардың еңбектерінде жақсы айтылады. Осы көрсетілген және де басқа ғалымдардың еңбектерінің негізінде криминалистиканың жаңа саласы-криминалистік фотография қалыптасты.



Криминалистік фотография дегеніміз- тергеу іс-әрекеттерінде, жедел-іздестіру және сот сараптамасында пайдаланылатын, фотосуретке түсірудің ғылыми негізде анықталып айқындалған әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Криминалистік фотография қылмысты ашу және тергеу үшін қажетті мәліметтерді беруде құжаттылығымен, көрнектілігімен, жоғары дәлелділігімен, шынайылығымен және жағдайды тез бекітуімен ерекшеленеді.

Криминалистік фотография жалпы фотографияға негізделгенімен, оның өзіндік бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

а) түсіретін нысанның өзіндік міндеттемесі, яғни тергелетін қылмыстың оқиғаларымен байланыстылығы (заттай айғақтар, орын, мәйіттер, т.б.);

ә) криминалистік фотографияны қолданатын арнайы субъектілердің болуы (тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер, учаскелік инспектор, маман-криминалист, сарапшы);

б) фотосуретке түсіру мақсаты қылмыстық істерді тергеу және ашу үшін маңызы бар фактілерді табу, бекіту, жинау және пайдалану;

в) арнайы құралдарды, құжаттарды қолдануы. Мәселен, кезекші камерасы, С-64 құралы, микрофотонасадка МРКА және т.б.

г) суретке түсірудің арнайы тәсілдерін қолдануы ерекшеліктері (мысалы: қан іздері, аяқ іздері);

д) суреттерді қолдан қосымша өзгертуге болмайтындығы (мәселен, ретушь-бұл фотобейненің механикалық түзетудің тәсілі; қателерді қарындаштармен, бояулармен, қырғыш скальпельдермен дұрыстау. Ретушь суретке бейнеленген детальдардың мінездемесін, суретке түсірудің объектілерінің ерекшелігін өзгертеді, ал сот және тергеу үшін объектілер туралы айқын көріністі бейнелейді);

е) заңға және нормативтік актілерге негізделген ерекше тәртіппен толтырылған фотосуреттер мен фотокестелер.

Криминалистік фотография қолданылатын тәсілдер мен әдістер өздерінің қолдану міндеттеріне байланысты жедел-іздестіру, сот-тергеуі және сот зерттеуі фотографиясы болып үш топқа бөлінеді.

Жедел-іздестіру фотография мына жағдайларда қолданылады:

а) оқиға болған жерді қарағанда, заттай айғақ немесе құжаттарды қарау барысында;

ә) тірі тұлғаларды куәландыру жағдайында;

б) тінту мен алуды жүргізу барысында;

в) зерттеу эксперименті барысында;

г) тану үшін көрсету жағдайында;

д) айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында.



Фотоға түсіру түрі дегеніміз іске айғақты мәні бар объектілер мен фактілердің шынайы көрінісі қалуын орындауды қамтамасыз ететін әдістер, тәсілдер және ережелердің жиынтығы.

Соттық-жедел фотографиялар объектісіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: оқиға болған жер, тінту жүргізгенде, зерттеу эксперименті барысында, тірі тұлғалар, өліктер, іздер, заттай айғақтар мен құжаттар.

Жедел-сотық фотография әдісіне жататындар:

а) панорамалық;

ә) стереоскопты;

б) өлшейтін;

в) ірі масштабты;

г) репродуктивті;

д) тануға байланысты суреттер суреттер көрсетілген әдістердің кейбіреулері тек кейбір объектілерге қатысты қолданылады. Сөйтіп репродуктивті фотография құжаттарды түсіру үшін, тануға байланысты-тірі тұлғаларды және өліктерді түсіру үшін қолданылады. Басқа әдістер түрлі суретке түсіру түрлеріне қолданылады. Панорамалық фотоға түсіру оқиға болған жерді және зерттеу экспериментін, ұзындығы біршама үлкен іздерді суретке түсіру кезінде және т.б. жағдайларда қолданылады.

Айтылған әдістерден басқа фотоға түсірудің жеке тәсілдері болады, олар түрлі суретке түсіру кезінде қолданылуы мүмкін.

Жеке тәсілдерге:

а) бағдарлап түсіру;

ә) шолып түсіру;

б) түсіру;

в) тетіктік фотобейнелер жатады.
5.1 Криминалистік объектілерді фотоға түсіру ережелері

Заттай дәлелдемелерді фотоға түсіру. Алғашқыда заттай дәлелде табылған жерінде фотоға түсіріледі. Тораптық сурет заттай айғақты ғана емес, оны қоршаған заттарды да қамтиды. Содан соң заттай айғақты бөлшектеп түсіру әдісімен фотоға түсіреді.

Бұл жерде түсірілетін заттардың жарықтануына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені заттардың формалары мен сыртқы белгілерінің дұрыс қабылдануы жарықтың түсуіне байланысты болады. Объектінің фотобейнесін анық көрсету үшін бірнеше жарық көзі қолданылады. Заттың анық бейнесін алу үшін оны ашық фонда түсіреді. Бұл үшін объектіні ақ қағазға қоюға болады. Бірақ оған жарық түсіргенде міндетті түрде көлеңке пайда болады. Көлеңкені болдырмау үшін кадр көрінбеуі тиіс кітаптың, кірпіштің үстіне қойылған шыны әйнекті қолданады.

Хромдалған және никельденген заттарды түсіру біршама қиындық тудырады. Шағылысуды болдырмау үшін жарықтың түсу бағытын өзгертеді, яғни оны объектіге емес, ақ экранға бағыттайды. Заттық дәлелдемелерді түсіру кезінде олардың үстіндегі іздерді, жеке белгілерді көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін объектіні түрлі жақтардан және бөлшектеп фотоға түсіруге болады. Ұсақ объектілерді ірі масштабты фотоға түсіру әдісімен жасайды.



Іздердің суреті

а) қол ізін суретке түсіргенде, алдымен іздердің оқшауланып орналасуын көрсетуи үшін із табылған заттың жалпы түрін суретке түсіреді. Содан соң іздердің өздерін түсіреді. Қолдың бірлі-жарым іздері ірі масштабты сурет әдісімен түсіндіріледі.

Қол іздерін ойдағыдай түсіру үшін жарықтың маңызы зор. Негізінде кез келген жарық қолданылуы мүмкін, бірақ бір нүктеге жарық беретін құралды қолдану тиімдірек болады. Егер із әйнектей затта орналасса, жарықты қарсы жақтан бағыттайды.

Шаңда қалған қолдың бедерлі іздерін қырынан жарықталу арқылы түсіреді.

Тегіс емес жазықта қалған іздерді түсіру үшін жарықты тіке бағыттайды. Кейде «перде», яғни көлемі ізден үлкен тесігі бар қара қағаз қолданылады.Егер әйнектей жазықта қалған із, ақ ұнтақпен себілсе, объектінің астына қара қағаз қойылады.

ә) аяқ (аяқ киім) және көлік іздерін суретке түсіру. Іздердің жиынтығын да, жеке іздерді де суретке түсіреді. Қатар бірнеше іздерді түсіргенде сызықты панорама әдісін қолданады. Фотоаппараттың оптикалық осін жазықтыққа перпендикулярлы орналастырып, іздің үстінен түсіреді. Сызықты панорама әдісімен созылған көлік іздерін түсіреді.

Аяқтың жеке іздерінің формасы мен көлемін, сондай-ақ іздің белгілері мен ерекшеліктерін бекіту үшін суретке түсіреді. Көліктердің ізін түсіргенде анық протектор суреті бар учаскелеріне көңіл аударады. Іздерді кіші пішімді аппаратпен түсіргенде ұзартқыш сақина қолданылады. Фотоаппаратты кадрдың ізі барлық бөлігін алатындай етіп орналастырады.

Жарықты объектіге-тура және жанынан бағыттайды. Тура жарық іздің формасын түсіруге, ал жанынан -оның негізгі белгілерін бекітуге мүмкіндік береді.

Суретке түсіру масштабы әдіс арқылы жүзеге асады. Масштабы сызғыштың миллиметрлік бөліктері болуы тиіс. Сызғышты іздің түбіндегі жазықпен бірдей қылып орналастырған жөн. Ол үшін кейбір жағдайда іздің қасынан тиісті тереңдікте ор қазып, түбіне сызғышты қояды;

б) бұзу құралдары мен құрал-сайман іздерін суретке түсіру.

Алдымен мұндай іздерді, олардың орнын анықтау үшін тораптық фотосурет ережелері бойынша түсіреді. Іздердің өзін масштабты түсіру әдісімен түсіреді және максималды масштабта түсіруге тырысады.

Іздің формасына және із қалдырған құралдың ерекшеліктері мен нысандары туралы болжауға мүмкіндік беретін, оның ерекше белгілеріне аса көңіл бөлінеді. Бұл белгілерді анық түсіру үшін аралас жарық түсіру тәсілін, яғни тура және жанынан түсірген жарық қолданылады.

Боялған бет-бедер іздерді түсірген кезде жарық фильтрі қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет