С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет135/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Емдік тамақтандыру

Емдік тамақтандыру әртүрлі аурулардың комплексті емінің құрамына міндетті түрде кіреді. Емдік тамақтандыру (диетотерапия) – емдік әсер беретін және ингредиенттердің сандық және сапалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын тамақтану [6, 7, 16, 29].
Науқасты тамақтандырудың келесі түрлері бар:

  • Пероральды (кәдімгі) тамақтану.

  • Энтеральды (зондпен) – зонд арқылы, асқазанға енгізу.

  • Парентеральды – қоректік заттарды тамырға енгізу.

Диета – сырқаттану кезінде және аурудың алдын-алу мақсатында пациентке арналған тамақ рационы (тағамның тәуліктік мөлшері). Диетаны құру үшін тамақ құрамын, оның калориясын, тәуліктік рационды (тағамның жалпы мөлшерін) және ингредиенттің санын: ақуыз, май, көмірсулар, минералды заттар, дәрумендер және судың мөлшерін білу қажет. Диетаны тағайындау кезінде аурудың даму механизмі, зат алмасу жағдайы, тамақтың сіңірілуі ескеріледі. Диетаның қажеттілігі және оны қолдану мерзімін дәрігер анықтайды, палаталық мейірбике парционник құрайды, онда әртүрлі диеталық үстелдің нөмірі және жеңілдетілген диетаның түрі көрсетіледі. Мәзірді құру, тамақтың сапасын бақылауды дәрігер-диетолог немесе диеталық мейірбике жүзеге асырады [25, 26, 32].
Қазақстан Республикасының емдеу тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік диетаның нөмірлік жүйесі қолданылады, бұл жүйе әртүрлі сырқаты бар науқастардың диетотерапиясын арнайы және жеке тұрғыда қамтамасыз етеді.
М.И. Певзнер бойынша емдік үстелдің
(диетаның) сипаттамасы
Көрсеткіш: Қатты тағамды қолдау мүмкін болмаса және қиындаған жағдайда қолданады. Бұндай жағдай асқазан-ішек жолдарына операция жасалғаннан кейін, есі бұзылғанда, мысалы инфекциялық ауруларда және қызба кезінде.
Жалпы сипаттамасы: диета сұйық, желе тәрізді тамақтан тұрады, қайнатпалар, жеңіл ет сорпасы, кисель және т.б.
Тамақтану режимі: тамақты аз мөлшерден жиі береді. Диета бірнеше күнге созылады.
Диета №1а .
Көрсеткіш: Бұл үстел асқазанға механикалық, химиялық және температуралық агрессияның максимальды түрде шектеу үшін ұсынылады. Бұл диетаны асқазан жарасы, қан кету белгілерімен, жедел гастрит кезінде тағайындайды.
Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас тұзының шектелуінен және асқазан және он екі елі ішекті механикалық және химиялық тітіркендіруден сақтайды. Барлық тағамдар суға немесе буға пісірілген, сұйық және ботқа тәрізді консистенциялы.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді.
Диета №1б .
Көрсеткіш: бұл үстел №1а үстелге ұқсас, асқазанға механикалық, химиялық және температуралық агрессияның шектеу үшін ұсынылады. Бұл үстел асқазан және он екі елі ішек жарасы ауруының шамалы өршуінде, созылмалы гастрит кезінде қолданылады.
Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас тұзының шектелуінен және асқазан және он екі елі ішекті тітіркендіруден сақтайды. Жараның, эрозияның жазылуына әсер етеді, қабыну үдерісін басады.
Тамақты пюре түрінде, сүт және сүт өнімдерін көп мөшерде беріледі. Барлық тамақтар суға немесе буға пісірілген түрде дайындалады.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 6-7 рет береді.
Диета №1
Көрсеткіш: Асқазан және он екі елі ішек ойық жарасының өршу кезеңінің басылу сатысында, ремиссия немесе жазылу кезеңінде (диеталық емнің ұзақтығы 3-5 ай), жедел гастриттің жазылу кезеңі немесе реконвалесценция фазасы, секреторлы жеткіліксіздігі бар созылмалы гастритің өршу сатысы, қалыпты және жоғарғы секрециялы созылмалы гастрит.
Жалпы сипаттамасы: диета ақуыз, май, көмірсудың физиологиялық мөлшерінен, ас тұзының (10-12г) шектелуінен және асқазан және он екі елі ішектің шырышты қабатын шамалы механикалық және химиялық тітіркендіруден сақтайды. Тамақты үгітілген, суға немесе буға пісірілген түрде дайындайды. Балық және жұмсақ етті кішкене кесекпен беруге болады. Суық және ыстық тағамдар берілмейді.
Тамақтану режимі: тамақты тәулігіне 5-6 рет береді.
Ұйықтар алдында с.т, кілегей беріледі.
Диета №1Р (кеңейтілген).
Көрсеткіш: Зат алмасуы бұзылған ауыр ағымды жара ауруы. № 1Р диетасын жазылғанша қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет