4 Бөлімшедегі науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыру
Ауруханада пациенттер үшін шикі тағамды өңдеу үдерісі және тағамды дайындау орталықтандырылған асханада жүргізіледі және әр бөлімшеге арнайы маркирленген ыстықты сыртқа өткізбейтін ыдыстарда жеткізіледі. Тамақ ішу кезінде қолданатын ыдыстар ас тарататын бөлмеде арнайы сөрелерде сақталынады, арнайы ыдыс жуатын жуылып, ыстық сумен шайылып, залалсыздандырылады, одан кейін қайта сумен шайылып ыдыс кептіргіштерде кептіріледі. Ыдыс жууға қолданылатын сүлгілер дезинфекциялық ерітінділерге салынады. Тамақ қалдықтарын аузы жабық ыдыстарға тастайды [29].
4.1 Ауыз арқылы (пероральды) тамақтандыру.
Тағамды буфетші немесе палата мейірбикесі таратады. Жинастырумен айналысатын санитарлар тағам таратуға жіберілмейді. Жалпы режимдегі пациенттер асты асханада ішеді. Қозғалысы шектелген режимдегі науқастар тамақты палатасында ішеді. Төсек тартып жатқан науқастарды тамақтандыу үшін кереуеттің үстіне науқастың алдына қойылатын үстелше қолданылады. Пациенттің кеудесін және мойнын сүлгімен жабады. Жағдайы ауыр науқастарды оған ыңғайлы жағдайда жатқызып, басын шамалы көтереді. Әлсіз науқастарды қасықпен тамақтандырады. Ал сұйықтық және сұйық тамақтарды ішкізу үшін арнайы су ішкізетін ыдыстармен береді. Күтуші адам бір қолымен пациенттің басын көтеріп, ал екіншісімен қасықта немесе су ішетін ыдысты науқастың аузына жақындатады [6, 30, 32].
(сур. 84).
dic.academic.ru
www.vozrasta.net
Сурет 84
Жағдайы ауыр науқасты тамақтандыру
www.vozrasta.net
а – қасықпен, б – шүмекпен су ішкізу
Жағдайы ауыр науқасты қасықпен және шүмекпен тамақтандыру
Емшараны орындау:
Қолды жуу.
Науқастың тамақ ішкісі келетінін анықтау, дәрігермен немесе диетологпен келісіп ас мәзірін құру.
15 минут бұрын науқасқа тамақ ішетінін ескерту.
Бөлмені желдету, тумбочканы немесе кішкене үстелді жақындату.
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу.
Пациенттің қолын жуу, алдын сүлгімен жабу.
Қолды қайта жуу.
Тамақты және ішуге сұйықтықты әкелу: ыстық тамақ (60°), суық тамақ бөлме температурсындай.
Қолдың алдыңғы бетіне бірнеше тамшы тамақты тамызу арқылы оның температурасын анықтау.
Науқастан сұйықтықты ішу үшін бірнеше рет ұрттауын өтіну.
Тамақтын түрін атап отырып баяу тамақтандыру. Қасықты тамақпен 2/3 көлемде толтыру. Қасықты науқастың астыңғы еріндеріне жақындату. Пациент аузын ашқанда қасықты тіліне тигізу және бос қасықты алып шығу.
Тамақты жұтуға және шайнауға уақыт беру.
Тамақты бірнеше рет жұтқаннан кейін шүмектен сұйықтық ішкізу.
Еріндерін және иегін сүлгімен сүрту.
Соңынан науқастың аузын сумен шаю.
Ыдыстарды жинау.
Қолды жуу.
Достарыңызбен бөлісу: |