4.2 Жасандытамақтандыру Науқасты табиғи жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса міндетті түрде жасанды тамақтандыруды ұйымдастыру қажет. Жасанды тамақтандыру науқастың дене салмағын жоғалтуының, тапшылық жағдайлардың (микроэлементтер, дәрумендер) алдын-алады, ақуыз синтезін төмендетеді және қарқынды емдеу әдісіне жатады.
Жасанды тамақтандыру асқазанға ауыз немесе мұрын арқылы енгізілген зондтың немесе гастростома арқылы (асқазанның операциялық жыланкөзі) немесе илеостома (ащы ішектің опреациялық жыланкөзі) көмегімен жүзеге асырылады. Егер бұл жолмен тамақтандыру мүмкін болмаса қоректік заттар және сұйықтықтар парентеральды – асқазан ішек жолдарынан тыс (көктамырға тамшылап) енгізіледі [6, 7, 29, 30, 32].
Энтеральды (зондпен) тамақтандыру Зондпен тамақтандыру – ауыз арқылы тамақтану қиындық туғызса және мүмкін болмаған жаңдайда ағзаға тамақтық заттарды енгізудің бір әдісі. Зондпен тамақтандыру инсульт, бас сүйек-ми жарақаты кезінде шайнау және жұтыну бұзылғанда ауыз-жұтқыншақ зақымдануда, ми бағанасының ісігінда, жүйке жүйесінің ақауы және т.б. кезде қолданылады. Зондпен тамақтандыруды ес түсі жоқ науқастарға тағайындайды. Зондпен тамақтандыруға қарсы көрсеткіш: ішек парезі немесе ішек инфарктісі, ішек өтімсіздігі [7].
Зонд немесе фистула арқылы тек сұйық тамақ енгізіледі: сүт, сорпа, кілегей, шикі жұмыртқа, ерітілген май, езілген көкөністі көже, сұйық кисель, шырын, шәй, кофе. Бір рет тамақтандыруға 600-800 мл сұйықтық қажет. Энпит деген арнайы препарат құрамында ақуыз, май, көмірсу, минералды заттар және дәрумендер дұрыс теңестірілген қоректік қоспа болып табылады.
Назогастральды зонд арқылы науқасты тамақтандыру Назогастральді зонд – асқазаннан сұйықтықты немесе ауаны шығарып алуға, дәрілік затты енгізуге арналған асқзанға мұрын арқылы енгізілетін зонд (сур. 85).
Жабдықтар: зонд, 200 мл көлемді оймақ немесе Жане шприці, қоректік қоспа, вазелин майы (немесе глицерин), фонендоскоп, астау, салфеткалар, қысқыш, 100 мл ыстық су бар ыдыс, қолғап.
www.nesidelki.ru
www.kp.ru
Сурет 85
Науқасты назогастральды зондпен тамақтандыру
Емшараны орындау:
Қолғап кию.
Зондтың енгізілетін ұзындығын анықтап оған белгі салу: зондпен мұрын ұшымен құлақ сырғалығы арасын өлшеп оған төстің төменгі бөлігі мен (семсер тәрізді өсіндіге дейін) кіндік аралығын қосу(немесе басқа әдіс бойынан 100 см алып тастау).
Пациентті Фаулер қалпына жатқызып мұрын тесігі арқылы жіңішке асқазан зондын 15-18 мм тереңдікке енгізіп пациенттен жұтынуын өтіну.
Фонендоскопты іштің іштің алдыңғы қабырғасына қойып тыңдау (зонд ішке түскенде іштен бүлкілдеген дыбыс естіледі).
Зондты бекіту (бинт немесе лейкопластырьмен).
Зондты қысқышпен қысу, зондтың бос бөлігін астауға салу.
Жане шприціне дайын тамақты сору немесе зондтың бос ұшына оймақты жалғау.
Зондтағы қысқышты босату және асқазанға қоспаны баяу енгізу.
Тамақтандырып болған соң басқа шприцпен зондты жуу.
Зондты қысқышпен қысып зондтың бос ұшын салфеткамен орап келесі тамақтандыруға.