С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы



бет35/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

1.4 Аурухана ішілік инфекцияның себептері және дамуы:

  • Аурухана ішілік инфекция көздерінің эпидемиологиялық қауіптілігін, іріңді-септикалық инфекциямен ауыратын науқастармен қатынаста жұқтыруды дұрыс бағаламау және дер кезінде шектей алмау;

  • Медицина қызметкерлері мен науқастар арасында аурухана ішілік инфекция тасымалдаушылар мен жұқтырғандардың болуы;

  • Медицина қызметкерлерінің асептика және антисептика, жеке гигиена, ағымды және қорытынды дезинфекция ережелерін, тазалау ережелерін бұзуы;

  • Медицина құралдарының, аппараттарының, жабдықтарының стерилизация және дезинфекция режимін бұзу;

  • Шектеу және қорғау режимі іс-шараларын бұзу [7, 32].

1.5 АІЖ жататын аурулар

  • Таралған инфекциялар: сепсис, бактериальдышок, вирусемия және т.б.

  • Шектелген инфекциялар

    • Тері жамылғылары және тері асты клетчатка инфекциялары: инъекциядан кейінгі абсцесстер, омфалит, тілме, пиодермия, тері асты клетчаткасының абсцессі және флегмонасы, парапроктит, мастит, дерматомикоздар және т.б.;

    • Респираторлы инфекциялар: бронхит, пневмония, плеврит және т.б.;

    • Көз инфекциялары: конъюнктивит, кератит, блефарит және т.б.;

    • ЛОР-инфекциялар: отиттер, синуситтер, ринит, мастоидит, ангина, ларингит, фарингит және т.б.;

    • Стоматологиялық инфекциялар: стоматит, абсцесс жәнет.б.;

    • Ас-қорыту жүйесі инфекциялары: гастроэнтероколит, энтерит, колит, холецистит, гепатит, перитонит және т.б.;

    • Урологиялық инфекциялар: пиелонефрит, цистит, уретрит және т.б.;

    • Жыныс жүйесі инфекциялары: эндометрит және т.б.;

    • Буын және сүйек инфекциялары: остеомиелит, артрит, омыртқа аралық дискіинфекциялары;

    • Орталық жүйке жүйесі инфекциялары: менингит, ми абсцессі және т.б.;

    • Жүрек-қан тамырлар жүйесі инфекциялары: эндокардит, миокардит, перикардит, ота жасалғаннан кейінгі медиастинит [7].





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет