С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары



бет34/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

1.2 АІЖ-нің жұқтыру көздері және қауіп топтары
АІЖ-нің жұқтыру көздері: науқастар, АІЖ қоздырғыштарын таратушы, медициналық персонал және науқастардың күтімін қамтамасыз ететін адамдар (сонымен қатар студенттер), науқастың ауруханаға жағдайын білуге келген туысқандары.

Адам ағзасындағы шартты-патогенді микроорганизмдердің ең көп мөлшердегі орналасатын орындары:


Стафилококк (алтын түстес стафилококк): қол, қолтық, шап қатпарлары, жұтқыншақ.
Стрептококк: қолдың тері жамылғылары, жұтқыншақ.
Көк іріңді таяқшасы: қол, жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Клебсиеллалар: жұтқыншақ, ішек, зәр шығару жолдары.
Ішек таяқшалары:қол, ішек, зәр шығару жолдары.
Қауіп топтарына жататын субъект ретінде қарастырылады:

  • иммунологиялық реактивтілігінің төмендеуі бар келушілер, әсіресе балалар және жасы үлкен адамдар;

  • пациентке күтім жасаған туыстар;

  • медициналыққызметкер.

1.3 АІЖ пайда болуына әсер ететін факторлар
АІЖ пайда болуына және таралуына әкеліп соғатын факторларға жатады:

  • Сыртқы факторлар (барлық стационарларға тән):

  • Пациенттің микрофлорасы:

  • тері жамылғылары

  • асқазан-ішек трактісі

  • зәр шығару жүйесі

  • тыныс жолдары

  • Стационарда жүргізілетін инвазивті медициналық манипуляциялар.

  • қуықтың және тамырлардың ұзақ уақытты катетеризациясы

  • интубация

  • анатомиялық барьерлердің хирургиялық әдіспен бүтіндігінің бұзылуы

  • эндоскопия

  • Медициналық персонал:

  • патогенді микроорганизмдерді тұрақты түрде тасымалдаушылар

  • патогенді микроорганизмдерді уақытша түрде тасымалдаушылар

  • аурулар немесе инфекцияға шалдыққан қызметкерлер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет