САНИТАРИЯ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ТӘРТІП
Санитария және эпидемияға қарсы тәртіп – бұл ұйымдық кешен, гигиеналық және эпидемияға қарсы, ауруханаішілік инфекцияларды алдын алуға арналған санитарлық эпидемиялық іс – шараның кешені. Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ЕАМ–гі негізгі тапсырманың бірі деконтаминация- қорғау және жою мақсатындағы микроорганизмдерді құрту және жою үдерісі [7, 15, 32].
Емдеу-алдын-алу мекемелерде аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу сұрақтары бойынша басты рөл орта және кіші медицина қызметкерлеріне тиесілі. Санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимінің талаптарын күнделікті, толық ұстану қауіпсіз аурухана ортасының негізі.
Санитарлық – эпидемияға қарсы режимге қойылатын негізгі талаптар ҚР ДСМ бұйрықтары және нұсқауларымен, санитарлық нормамен немесе ережелермен (СНжЕ) реттелінеді. Эпидемиолог ЕАМ санитарлық–гигиена және эпидемияға қарсы тәртіптің зерттемесін жасайды, санитарлық-алдын-алу іс-шараның орындалу жауапкершілігі бас медбикеге, бөлімнің аға медбикелеріне артылады.
Аурухананың санитарлы жағдайы мекеменің жабдықтары мен аспаптарында санитарлы-эпидемияға қарсы талаптарын ұстанумен анықталады. Барлық бөлмелер таза ұсталынуы қажет. Алдын-алу-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету, инфекциялардың таралуын алдын алу, санитарлы-гигиеналық режимді қамтамасыз ету үшін тазалау жұмыстарын жасайды.
2.1 Емдеу-алдын-алу мекемесіндегі тазалау түрлері:
Жинаудың мына түрлері бар:
Дымқыл жинау;
Генеральды жинау;
Қорытынды дезинфекцияға сәйкес жинау.
Дымқыл жинау палатаға (еден, жиҺаз, құрылғылар, терезенің алды, есіктер) тәулігіне 2 рет жүргізіледі (терезенің жақтаулары, жиҺаздар дымқыл шүберекпен сүртіледі, еден жуылады); жуу ерітіндісін 1 рет қосу арқылы (10 л суға 50 г құрғақ зат), 2-ші рет бекітілген концентрациядағы дезинфекциялақ затты қолдану арқылы.
Бөлімше палаталарын, функциональды бөлмелерге қорытынды жинау дезинфекциялық заттарды қолдану арқылы айына 1 рет және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша қабырға, еден, құралдар, инвентарьлар, жарық шамдарды өңдеумен жүзеге асырылады. Операциялық блок, таңу, босану бөлмелері, егу, манипуляциялық, стерилизациялық бөлмелер, қарқынды емдеу бөлмелеріне қорытынды жинау аптасына 1 рет жүргізіледі.
Қорытынды жинау кезінде бөлменің төбесі, қабырғалар, кереуеттер, тумбалар, үстел және ас жиҺаздарды сүртуге болады:
а) 0,5% жуу ерітіндісі (10 л суға 50 г ұнтақ немесе жуғыш қасиеті бар дезинфекциялық ерітінді) және таза сумен шаю;
б) шаю немесе сүрту әдісі бойынша 10 л сумен беткейлер сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).
Бөлме өндеуден өткеннен кейін дезинфекциялық ерітіндінің белгілі экспозициясына жабылады, экспозициядан кейін, бөлмені желдетеді. Барлық беткейлер таза мата арқылы сумен жуылып, кептіріледі (қабырғалар, жиһаздар, аппараттар, аспаптар).
Достарыңызбен бөлісу: |