С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет49/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

«ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралының белсенді заты - дихлоризоциануралық қышқылдың натрий тұзы. Ол салмағы 3,35 гр-дық хлорлы иісті ақ дәрілер түрінде шығарылады. Бұл дезинфекциялық құралдың микробқа қарсы әсері бактерияларға (өкпе құрт ауруы микобактериясын қоса айтқанда), вирустарға (полиомиелит, энтеровирус инфекциялары, Коксаки, ЕСНО, энтеральды және парентеральды гепатиттер, ЖИТС инфекциясы, тұмау, «H5N1 құс тұмауы», ЖРВИ, герпетикалық, аденовирустық және т.б. инфекциялар), Кандида текті қышыма қотыр, дерматофиттерге бағытталады.


«ДЕЗ-ХЛОР» дезинфекциялық құралын коррозияға тұрақты металлдар, әйнек, пластмасса, резеңке; бөлмедегі бедерлер (еден, қабырға, есіктер және т.б.), қатқыл жиһаз; санитарлық транспорт; санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар (ванна, шұңғылша және т.б), резеңке төсеніштер; төсек жабдықтар; асханалық және лабораториялық ыдыс-аяқтар (сонымен қатар бір реттік қолданылатын), ыдыс жуу құралдары (шөтке, ерш және т.б.), ойыншықтар (жұмсақтарынан басқа), науқастарды күту құралдары; жинастыру материалдары, медициналық қоқыстар (қолданылған сүлгілер, байлап-таңу материалдары және т.б.).
«Вапусан» дезинфекциялық құралының құрамында альдегид, хлор мен фенол жоқ. Белсенді заттары – төртік аммонийлік қосындылар қоспасы мен этанол 1 л пластик бөтелкелеріне құйылып шығарылады. Жақсы жуып-шаюшы, тазалаушы әсерге ие. Жіті токсикалық қасиеті жағынан қатерлігі төмен қосындылардың 4-ші класына жатады. Өңдеу жұмыстары бөлмеде адамдардың болуымен жүре алады.
ЕАМ-дегі бөлмелердің бедерін, жиһаз, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын алдын-алу, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирусық (ЖИТС пен гепатитті қоса алғанда) инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады. Дезинфекцияны сүрту және суармалау тәсілімен жүзеге асырады, сүрту үшін заттың 100 мл/м2 ерітіндісіне салса, суармалау үшін 250 мл-іне салып қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет