С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет48/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Органикалық қышқылдар медициналық мекемелердегемодиализдіаппараттардың дезинфекциясы үшін қолданылады. Қазіргі уақытта ғалымдар перокси қышқылдардың антимикробтық қасиетін зерттеуде, аз концентрацияда препарат оның негізінде жоғары бактерицидті әсер көрсетеді. Кең қолданылмайды.

Қазіргі күнде химиялық дезинфекцияға кешенді әмбебап шешім жоқ. Әрбір топ құралдары – бұл күшті және әлсіз жақ комбинациясы.
Емдік-алдын-алу мекемеде дезинфекция, дезинсекция, дератизация заттары Мемлекеттік Реестрінде тіркелген, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі бар дезинфекциялық заттарды ғана қолдануға рұқсат етіледі.
ҚР кең қолданылатын препараттар гигасепт, лизетол, терралин, перформ, октенисепт, октениман, октенидерм, және де біраз белсенді енгізілетін лизоформин және дезэфект. Бұл ретте препараттың біраз үлкен тізбегі толық ақпараттың жоқтығына байланысты сол қалпында талап етілмейді [15].
3.6 Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар

«Деохлор» құралы салмағы 3,4 г қамтитын дәрілер түрінде келеді, оның құрамында 1,5 г (44,2%) белсенді хлорлы дихлоризоциануралық қышқылының қызметтік заты - натрий тұзы бар. Оның бактерияға қарсы, вирулицидтік және фунгицидтік қасиеті белгілі. Асқазанға енгізілгендегі қалыпты-қауіпті заттардың 3 классына жатқызылады. Белсенді хлоры 0,1% немесе одан да жоғары шоғырлануы жағдайында тыныс алу ағзалары мен көздің зақымдануын туғызады.

Бактериялық туындау себебі бар инфекциялар кезінде (өкпе құрт ауруы мен аурухана ішілік инфекцияларды туындатушылар), вирусты инфекциялар кезінде (ЖИТС, парентеральды жұғу механизмді гепатиттер), түрлі салалы ЕАМ-дегі қышыма қотыр туындау себебі бар инфекциялар кезінде (күнделікті және жаппай жинастыру жүргізу үшін), балалар мекемелеріндегі инфекциялық ошақтар кезінде (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) бөлмедегі жиһаз, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтар, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау үшін қолданылады. Ауруларды алдын-алу мақсатында 0,015% ерітінді пайдаланылады (1 дәріні 10 литр суға ерітеміз).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет