ЕАМ-дегі бөлмелердің бедерін, қатқыл жиһаз, құрал-аппараттардың бедерін, медициналық қолданысқа арналған бұйымдарды, төсек-жабдық, ыдыс-аяқ, науқастарды күту құралдарын алдын-алу, күнделікті және қорытынды жинастыру мақсатында қолданылады. Бактериалды (өкпе құрт ауруын қосқанда), қышыма қотыр (кандидоз, дерматофития), вирустық инфекция ошақтарын дезинфекциялауда жіті қолданады.
«Акватабс» дезинфекциялық құралы – дезинфекциялаушы хлорлы дәрілер; белсенді заты – дихлоризациануралық қыщқылдың натрий тұзы мен толықтырғыштар (натрий бикарбонаты, адипинді қышқыл мен натрий сульфаты). Бұл құралдың бактерицидті, вирулицидті және фунгицидті әсері бар.
Ас суы, жүзу бассейндеріндегі суды, беткейлерді, су сақтаушы ыдыстарды, қосалқы бөлмелердің бедерін, санитарлық-техникалық құрал-жабдықтарды, жинастыру құралдары, жеміс-жидектерді зарарсыздандыруға қолданылады. Түрлі заттарды дезинфекциялау үшін белсенді хлоры 0,0025-тен 0,2%-ға дейінгі дәрілерді ерітіп қолданамыз.
«Медифокс»дезинфекциялық құралы – инсектоакарицидті зат. Дезинсекциялау тәжірибесінде қолдануға бағытталған: бас және шат биттерін жою мақсатында, іш-киім педикулезімен, ұшпайтын синантропты көпаяқтылармен, сорғыш тарақандармен, төсек-жабдық қандаламен, сірке, қышыма кенелермен күрес пен ЕАМ-дегі қышыма мен педикулез ошағын зарарсыздандыру үшін қоланылады. Құралдың қолдану нормасы - 0,5%-ды сұйық эмульсияның 50 мл-ін кез-келген бедерге пайдаланамыз.
Жоғарыда аталған құралдар жақсы дезинфекциялық әсерге ие және қолданыста өте ыңғайлы болып табылады. Дегенімен, уақыт есебімен сыналған хлорлы әк пен хлораминді де қолдануымызға болады [15].
Хлорлы әк ерітіндісін дайындау техникасы[7, 18, 30].
1) Алдымен 10% хлорлы әк ерітіндісін дайындайды - 1 кг құрғақ хлорлы әкті 10 л (ыдыс) суық суға араластырады (хлорлы әкті ағаш күрекшемен ұсатады);
2) қосындыны бір тәуілікке қалдырып қояды;
3) дайын болған ерітіндіні қара ыдысқа құйып, ауызын бекітіп қояды;
4) хлорлы әк ерітіндісінің жұмыс ерітіндісін дайындайды:
0,1 % - 100 мл 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9,9 л суға;
0,2 % - 200 мл 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9,8 л суға;
0,5 % - 500 мл 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9,5 л суға;
1 % - 1 л 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 9 л суға;
2 % - 2 л 10 % хлорлы әк ерітіндісін қосу 8 л суға.
Хлорамин ерітіндісін дайындау техникасы Хлорамин ерітіндісін қолданар алдында дайындалады: