1943 жылы орыс тегінен шыққан американдық психофизиолог А. Маслоу ұсынған қажеттіліктің иерархия теориясы кең таралды.Маслоу адамның 14 негізгі қажеттіліктерін көрсетіп, оны бес сатыға бөлді.Пирамиданың негізін фундаментті қажеттілік құрайды (сурет 34).
Әлеуметтік
www.dekanblog.ru
Сурет13.
Маслоудың қажеттілік пирамидасы
Бұл теорияға сәйкес адамның қажетттілігі төменнен жоғары қарай дамиды, адам алдымен төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, одан соң жоғары деңгейдегі қажеттіліктер туындайды [22, ].
Адамның бірінші деңгейдегі қажеттіліктері – физиологиялық қажеттіліктер: 1. тыныс алу
2. жеу
3. ішу
4. шығару
5. ұйықтау, дем алу
Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүруге қажет және оған тамақ, су, тұратын жер, дем алу және жыныстық қажеттіліктер жатады.
Екінші деңгей– сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі: 6. таза болу
7. киіну, шешіну
8. температураны ұстап тұру
9. дені сау болу
10. қатерден, аурудан, күйзелістен қашу
11. қозғалу
Сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі болашақта сыртқы ортадан келетін қатерден физикалық және моралды қорғау қажеттілігін туындатады және болашақта физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратынына сенеді.