Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар



бет23/53
Дата09.01.2024
өлшемі290.67 Kb.
#488750
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Тәжірибелік сабақ №22-23-24-25
Тақырып: Плагиаттық және одан сақтану жолдары
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Плагиат түсінігі және плагиаттықтан сақтану жолдары.
2.Парафразға анықтама және оның қолданылуы.
3.Сілтеме жасаудың стильдері.


Мақсаты: Студенттердің плагиаттық жөніндегі мағлұматтарды меңгеру арқылы плагиаттық нормаларын сақтану қажеттілігін меңгеру.

Эссені жазу барасында студент өз ойын жазғаны дұрыс. Академиялық жазылым барысында студент кітаптарды, газеттерді, ғылыми журналдарды, вебсайттарды және өзге де материалдарды пайдалануы мүмкін. Бірақ оларды плагиаттық жасамай өз еңбектерінде қолдана білудің маңызы зор.


Сонымен, плагиаттық:

  1. Өзге адамның ойын немесе идеясын ұрлау немесе қолдану.

  2. Біреудің ойына, сөзіне сілтеме жасамай қолдану

  3. Осы кезге дейін айтылған ойды немесе идеяны өз ойы есебінде беру

Плагиаттық көптеген елдерде өрескел заң бұзушылық болып табылады. Плагиат бойынша жауапқа тартылған ЖОО-ның оқытушылары ғылыми атағынан айырылып,студенттер оқудан шығарылды. Қазіргі таңда елімізде де плагиатпен күресу жоолдары қалыптасқан жане заң бойынша жауапкершілікке тартылады.
Әдетте жиі кездесетін плагиаттық түрлерін шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады.
1. Қасақана плагиаттық жасау – нақты сілтеме берместен өзінің ойын немесе сөзін қолдау.
2. Өзіне өзі плагиаттық жасау - бұрын жазылған өз жұмысын рұқсатсыз қайта қолдану.
3. Тыныс белгілерді дұрыс қолданбай плагиаттық жасау - өзгелердің сөзін арнайы тыныс белгілерсіз (тырнақшасыз) қолдану.
4. Абайсызда плагиаттық жасауматериалға сілтеме беруді, тыныс белгілерін қоюды, парафразаға сілтеме жасауды ұмытып кету.


Плагиаттықтан сақтану жолдары
Плагиаттық жасамау жазып отырған тақырып туралы толық мәлімет алуға, ойды қорытындылауға, жүйелеуге тақырыпты талдауға үлкен ықпалын тигізеді. Плагиаттықтан сақтану үшін өзге еңбектерден алынған басқа авторлардың сөзіне, оларға жасалған қорытындыға және парафразға қашанда талапқа сай сілтеме берілуі қажет.
Сол себепті, плагиат жасамау үшін мына амалдарды орындаған абзал:
Сілтеме жасау - басқа бір автордың пікірін қолдану үшін үнемі сол авторға сілтеме жасауды ұмытпау керек. Сілтеме дегеніміз - өзге автордың ойын немесе сөзін алған әдебиетті, яғни материалды көрсету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет