Төл сөзді қолдану - мәтіннен керекті деген ақпаратты өзгертпей сол күйінде тырнақшаға алу арқылы қолдану. Кейде ол тура сілтеме жасау деп те аталады.
Парафраз жасау - автор сөзін мағынасын сақтай отырып, өз сөзімен қайта жазып шығу. Қазақ тілі ережесі бойынша өзгенің сөзін мағынасын өзгертпей қайталау «төлеу сөз» деп аталады. Бұл әдіс студент үшін өзге автор ойын толық түсінуге көмегін тигізеді.
Қорытынды жасау - студенттің оқыған, көрген немесе тыңдаған дәрісінің мазмұнын үсінгендігін көрсетеді. Бұл – академиялық жұмыстың басты мақсаты. Ол үшін өзге авторлардың пікірлеріне сілтеме жасай отырып еңбектің қысқаша мазмұнын беруге болады.
Сонымен қатар, өзге авторлардың сөзін тікелей қолдану барысында тыныс белгілерді дұрыс қолдану қажет. Әдетте, автор сөзін сол күйінде ,яғни т өл сөз ретінде алу барысында тырнақша ашылады. Бұл өзге автор сөзімен жазушы (студенттің) сөзін ажыратуға көмектеседі.
Үнемі өзге авторлардың сөздерін идеяларын қолданғанда сілтеме жасап отыру қажет. Идея авторына сілтеме жасамау плагиаттық деген сезім тудыруы мүмкін.
Зерттеу жұмысын жазуды бастамас бұрын тақырып жайында жазылған еңбектерге шолу жасау керек. Сол себепті алдымен ғылыми әдебиеттер мен құжаттарды мұқият тыңдап алып жүйелеп алу қажет. Қолданылатын материалдарды жұмыста плагиат талаптарын сақтай отырып қолдану үшін төл сөз және қорытындыны қолданылу жолдарын жақсы білу қажет. Бұл аталғандардың барлығында сілтеме қажет, ал төл сөз талданған жағдайда міндетті түрде сілтеме алынған бет көрсетілуі тиіс.
Төл сөз
Төл сөздерді қолдану кез келген ғылымиеңбекті жазу барысында қолданылатын әдістердің қатарына жатады. Төл сөздерді қалай қолдану автордың мақала жазып отырған тілді қаншалықты игеруіне тікелей байланысты. Сондай-ақ төл сөздерді қолдану алдында мыналарды меңгеру қажет:
Төл сөз еш өзгеріске түспей қолданылуы қажет;
Төл сөз тырнақшаға алынуы шарт;
Төл сөздер жиі қолданбауы қажет;
Төл сөз негізгі ойды қолдау үшін ғана беріліп, негізгі ойды келтіруі керек;
Төл сөздің тілі анық және мазмұны нақты, шағын болуы керек;
Төл сөздің авторы осы саланың беделді ғалымы болуы тиіс;
Төл сөздің гармматикалық құрылым автор тілінің грамматикалық құрылымымен сай болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |