Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар



бет28/53
Дата09.01.2024
өлшемі290.67 Kb.
#488750
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Тәжірибелік сабақ №26-27-28-29
Тақырып: Зерттеу әдісі
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Зерттеу әдісін сипаттау
2. Зерттеу әдісінің бірі – сауалнама, оның құрылымы
3. Зерттеу әдісінің бірі – сұхбат алу


Мақсаты: Белгілі бір тақырыпқа байланысты студенттерді теориялық еңбектерге шолу жасау арқылы зерттеу жүргізуді үйрету.


Академиялық жазылым - белгілі бір зерттеу жұмысын баяндап бағытталатын жазба жұмысы. Зерттеу жұмысы әдетте белгілі бір тақырыпқа байланысты теориялық еңбектерге шолу жасау тақырып жөнінде автор қандайда бір пікірге келуі мүмкін. Ал, зерттеу жұмысының екінші түрі теориялық еңбектерге шолу жасау арқылы қорытылынған пікірді олардың өзі мәліметтер жинау арқылы негіздеуі немесе жоққа шығаруына бағытталған жұмыстар болуы мүмкін. Бұл жұмыстар негізінде біршама зерттеу үдерісін қажет етеді.
Зерттеу жұмысы үдерісінде студент мынадай он қадамды жүзеге асыруына тура келеді:
1.Тақырыпты түсіну;
2.Ойшақырту амалдарын қолдану;
3.Идеяларды шағын тақырыпшаларға біріктіру;
4.Кіріспені, негізгі ойлар мен сұрақтарды жазу;
5.Негізгі бөлімнің параграфтарын жазу - негізгі сөйлемдерді жазу;
6.Негізгі бөлімнің параграфтарындағы түсініктемелер мен әңгімелер, мысалдарды жазу;
7.Қорытынды, зерттеу нәтижесі бойынша нақтыланған мәліметтерге сүйене отырып қорытынды жасау;
8.Бөлімдерін тексеру;
9.Идеясы мен сұрағынан ауытқымауын тексеру;
10.Мәтінді тексеру, оның нақты және дәлелді болуына көз жеткізу;
Әдетте, мақала немесе шағын зерттеу жұмысында оның әдісін бөлімдерден бөліп көрсетеді. Себебі, зерттеу әдісі мәтіннің бөлімдеріне қарағанда атқаратын қызметімен ерекшеленеді.
Оның атқаратын негізгі қызметі мынадай:
1.Зерттеу әдісі зерттеу жазба жұмысының бір бөлігі;
2.Бұл бөлім жұмыстың ғылыми түрде жүргізілгендігінің бөлігі;
3.Бөлімде жұмыстың негізділігі бағаланады, бұл өте маңызды;
Әдістеме бөлімі мынадай негізгі екі сұраққа жауап береді:
1.Ақпарат қалай жинақталды және қалай қорытындыланды?
2.Ақпарат қалай талданды?
Зерттеу жұмысын оқитын көптеген ізденушілер сөз санамайды, оларды зерттеу жұмысының әдісі қалай жүргізілгені қызықтырады. Оқырман ақпаратты қалай жиналғанын білу қажет, өйткені олар үшін нәтижеге қалай қол жеткізілгені маңызды. Мысалы, егер сатып алу туралы ақпарат жиналатын болса, сауалнама жасалынады.
Әдістеме бөлімін жазу оқырманға ақпараттың жинақталуының нақтылығы туралы білуіне мүмкіндік береді. Егер сатып алу туралы зерттеу әдісі тек қана бір адаммен жасалса,оқырман нәтиженің нақтылығы туралы толық мәлімет ала алмауы мүмкін және бұл зерттеу нәтижесіне деген күмәнін тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет