Сондықтан зерттеу әдісін жазу барысында мынаны есте сақтау керек:
1.Мүмкіндігінше толық ақпарат беру;
2.Басқалар ақпараттың мәліметін түсіне алатындай жаңа тәжірибеде қолдана алатындай болуы қажет;
3.Оқырман нәтижені бағалай және нақтылай алатын болуы шарт;
4.Жинақталған мәліметтерге талдау жасау;
5.Оқырманға бұл әдіс түрін не себепті таңдалғанын түсіндіру;
6.Оқырманға жиналған ақпараттың нақты екенін білдіру.
Зерттеу әдісін жазу барысында ақпаратты жинау үдерісінде кездесетін кедергілер жайлы айта келіп, оның алдын алу үшін қандай шара қолданатыны жөнінде баяндап беру қажет. Арнайы тәжірибелік жолды не себепті таңдап алғаны жөнінде пікір қалдыру маңызды. Өзгелер осы зерттеу жұмысты қайта жасай алу үшін нақты мәліметтермен қамтамасыз етілуі қажет. Сондықтан, ақпаратты жинақталған тәсілдер мен техникалар жөнінде толық мәліметтер беріп, оның қалай жиналғаны мен талданғаны жөнінде түсіндіру керек. Мәселен, зерттеу нысаны ретінде алынған адамдардың жынысы және ұлты сияқты демографикалық мәліметтерді білу қажет.
Егер жануарлар зерттелсе, олардың салмағы, жасы, бойының ерекшеліктері жазылады. Сонымен қатар, мәліметтердің қалай алынғандығы, яғни «Кездейсоқтық әдісі қолданылды ма?», «Мәліметтер алынатын нысандар қалай дайындалды?» және «Мәлімет алушылар қалай бағаланды?» деген сауалдарға жауап беруі тиіс.
Зерттеу әдісінде жинақталған мәліметтер арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы сарапталуы мүмкін. Егер мұндай мәліметтер арқылы зерттеу нәтижесі жасалатын болса, зерттеулерде қолданылған техника мен құралдар сипатталады және мәліметтер алу үшін қолданған статистикалық техникаларды баяндау қажет.
Зерттеу әдісін сипаттау зерттеу үдерісінің қалай жүзеге асырылуын баяндауға құрылады. Зерттеу жұмысын тиімді жүргізу үшін зерттеу әдісін жоспарлау қажет.
Зерттеу жұмысын былайша анықтауға болады:
1.Зерттеу сұрағын айқындау;
2.Ақпарат алатын топты анықтау;
3.Жауапты қалай жинап алатыны туралы білу;
4.Сауалнаманы құру;
5.Сауалнаманы сынақтан өткізу;
6.Негізгі зерттеу жұмысын жүргізу;
7.Ақпараттарды талдау.
Сауалнама. Зерттеу жұмысының әдісінің бірі ретінде сауалнама алу қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Мәселені қазіргі таңда көптеген тауар өндіруші немесе сатушы компаниялар тұтынушылардың талғамын білудің бірден - бір жолы ретінде сауалнаманы қолданады. Олардың не ойлап, не сезетіндерін білу үшін кәсіпкерлер, тіпті өкімет миллиондаған доллар жұмсайды. Нақты және сәтті жүргізілген зерттеулер үлкен жетістіктерге әкеледі, ал керісінше нақты жүргізілмеген зерттеулер миллиондаған шығындарға ұшыратуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |