2.Төменде университет жатақханасы жөнінде сауалнама берілген. Сауалнаманы оқып, онда қойылған сұрақтар түрлерін анықтаңыз. Сауалнамаға жауап беруге тырысыңыз, сауалнама құрылу барысында кеткен кемшіліктерді анықтаңыздар:
1)Өзіңіз туралы
- Аты – жөніңіз:
- Мекен жайыңыз:
- Телефоныңыз:
- E-mail:
2) Сіз қандай студент тобына жатасыз?
-Сіз бакалаврда оқитын, университет жатақханасында тұратын студентсіз бе? Иә/жоқ
- Сіз магистратурада оқитын, университет жатақханасында тұратын студентсіз бе? Иә/жоқ
3) Жатақханада тұру
Алматы қаласында қандай жатақхананы қолданасыз?
Студенттік жатақханада тұрамын
Отбасыммен тұрамын
Пәтер жалдап тұрамын
4) Жатақхана жөніндегі пікіріңіз
- Бұл жақсы
- Кейбір жері жақсы, кейбірі жаман
- Бұл жақсы емес
5) Асхананы қолдану
Асхананы қаншалықты жиі қолданасыз?
- Күніне бір рет
- Аптасына бір рет
- Айына бір рет
6) Жатақхана саясаты
Сіз жатақхананың тәртібімен келісесіз бе?
- Иә
- Жоқ
7) Жатақхана бағасы
Сіздің ойыңызша, университетте оқу бағасы қымбат па?
- Иә
- Жоқ
8) Таңдау талабы
Жатақхананың қолайлығы универсиетті таңдау барысында қаншалықты әсер ететінін 1 (өте маңызды) мен 10 (аса маңызды емес) көрсеткіші бойынша белгілеңіз.
Қолайлы болуы
Орналасуы
Ғимараты
Спорттық орындардың болуы
Интернетпен қамтамасыз етілуі
Жатақхана қызметкерлерінің сыпайылығы
Жиһазы
Бөлмелердегі студент саны
Мәдени шаралардың ұйымдастырылуы
Кітапхананың болуы
Тәжірибелік сабақ №30-31-32-33
Тақырып: Гипотеза және оны құру
Достарыңызбен бөлісу: |