Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар



бет34/53
Дата09.01.2024
өлшемі290.67 Kb.
#488750
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Гипотезаға түсініктеме
2. Гипотезаны құру үдерісі
3. Гипотезаның жазылуы және тексерілуі


Мақсаты: Зерттеушінің зерттегісі келетін немесе тексергісі келетін тұжырымы, яғни гепотезаны құру үдерісін үйрену.
Гипотеза - дәлелденбеген тұжырым немесе болжам. Бір гипотеза қашанда тексерілуге, дәлелдеуге бағытталады. Әдетте гипотеза шартты райлы сөйлем түрінде құрылады. Мәселен, «Егер жұмыссыздық көрсеткіші ересек адамдардың арнайы білімінің жоқтығына байланысты болатын болса, оларды арнайы курстарда білімін жетілдіргеннен кейін жұмыссыздықтың азайғанын байқауымызға болады». Демек, «Егер арнайы курстарда ересек адамды оқытсақ, жұмыссыздық азаяды» деген болжам жсауды талап етеді. Ал, «Ересек адамдарды арнайы курстарда оқыту жұмыссыздық көрсеткішін азайтады» деген тұжырымды білдіреді. Гипотезаны жазу барысында «егер», «демек», «болсақ» және т.б сөздер қолданылады.
Сонымен, гипотеза - зерттеушінің зерттегісі келетін немесе тексергісі келетін тұжырымы.
Гипотезаны құру барысында мына жайттарды ескеру қажет.
- Логикалық түрде сенімді болуы. (Жұмыссыз жүрген ересектерді елімізге қажетті мамандықтар бойынша қайта дайындықтан өткізсек, оларға жұмыс орындары табылып, жұмыссыздық саны азаятыны логикалық тұрғыдан түсінікті).
- Сенімді ақпараттардың болуы. (Жұмыссыздық саны арнайы сенімді статистикалық дереккөздерінен алынып, оны дәлелдейтін ақпарат көздерінің сенімді болуына толық көз жеткізу).
- Тексерілетіндей болуы. (Жұмыссыз ересектерге арналған арнайы курстар ашылғанға дейінгі жұмыссыздық саны курстары ашылып, олардың білім алғаннан кейінгі жұмыссыздық саны қайта есептелуі тиіс, яғни курстар ашылғаннан кейін жұмыссыздық саны азаяды ма?).
Кейбір ғылыми еңбектерде гипотеза нөлдік болжам мен ғылыми болжам негізінде құрылады. Нөлдік гипотеза - осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырым немесе қандай да бір жайттардың өзара байланысы бар деген болжам. Ал, зерттеушінің жұмыссыздық санын азайтуы үшін тексеруге бағытталған болжам, «Балама гипотеза» деп аталады және ол - зерттелетін (ғылыми) гипотеза. Гипотезаны статистикалық талдау ғылыми немесе нөлдік гипотизаны шығаруға негізделеді.
Гипотезаны құру үдерісін қарапайым мысалмен былай сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет