2 тапсырма. Ақпарат іздеу.
Балалар, жаңа біз тыңдаған Қорқыттың күйі бағдарламалық музыкаға жатады.
Бағдарламалық музыка дегеніміз не? Өз ойларыңмен бөлісіңіздер.
Бағдарламалық музыка —музыканың негізгі жанры. Программалық музыкаға әдейі көркем әдебиет шығармаларының желісімен жазылған, яғни программасы бар, мазмұнды аспапты музыкалық шығармалар жатады.
- Бағдарламалық музыка жазған қандай қазақ композиторларын білесіздер?
Мысалы Құрманғазының «Кішкентай» күйі Исатай мен Махамбеттің көтерілісіне арнлып шығарылған.
Күйдің шығу тарихы бойынша Махамбет пен Исатай көтеріліске аттанып бара жатқанда Құрманғазы кішкентай өнерпаз бала болыпты. Ол өзін де соғысқа барғысы келетіні жайлы Махамбет Өтемісұлына айтқан көрінеді. Махамбет оған сен өз өнерің арқылы үлес қосып, осы көтеріліс туралы бір күй шығар, әзірге кішкентайсың бізбен бірге бара алмайсың. Сенің өнерің осы көтеріліске қосқан үлесің болсын деген екен. Өсе келе осы оқиғаны еске алып Құрманғазы өзінің кішкентай кезіндегі сезімін күй арқылы жеткізген екен.
Дина «Набор»(Он алтыншы жыл) –Патша үкіметі бұратана деп есептейтін ұлт аймақтарының 18-ден 43-ке дейінгі азаматтарды тыл жұмысына алуды ұйғаруына байланысты 1916 жылдың уақиғалары Динаға үлкен əсерін тигізіп “Набор” күйінің шығуына себеп болды. Бұл күй халық арасында “Он алтыншы жыл” деген атпен тарап, сол уақыттағы халық көтерілісшілерінің ерлігін, патшаның тақтан түскендігіне халықтың қуануын паш етеді. Күйде Дина халқының күшіне, болашағына сенетіндігін көрсетті. Он алтыншы жыл көтерілісшілердің жауынгерлік ұраны, жауға қарсы шапқан жауынгерлердің көңіл–күйін, жылқының дүбірі, сонымен қатар жаңа өмірдің алыс еместігін де байқататын сыршыл күй.
3 тапсырма.
Дина«Набор» мен Құрманғазы «Кішкентай» күйлерінен үзінді тыңдау және аспапта орындау.
Оқушыларды қатар бойынша үлкен екі топқа біріктіру.
Әр топ тыңдалған күйдің үзіндісіне аспаппен ырғақтық импровизация орындайды
|