Тапсырма 2. Импровизация жасау
Оқушыларды түрлі түсті асықтар бойынша 3 топқа бөлу.
1 топ қызыл асық - шулы аспаптар /маракас, асатаяқ, қоңырау, сылдырмақ/
2 топ көк асық - ұрмалы аспаптар /тоқылдак, барабан, тұяқтас, бубен/
3 топ жасыл асық- музыкалық аспаптар /металлофон/
Әр топ өз аспаптарымен жетіген аспабында орындалатын күйге импровизация жасау керек.
Балалар, сүйемелдеу жасау барысында күйдің сипатын жеткізу қажет. Сіздер топтарыңызда орындайтын ырғақты қайталап алыңыздар. Егер барлық оқушыларға аспап жетпесе, би қимылдарын да қосуға болатыны жайлы ұмытпаңыздар. Ол үшін күйді тыңдайық
«Арман» күйі тыңдатылады
Шығармашылық жұмысқа дайындалу үшін оқушыларға 4 минут уақыт беріледі.
Тапсырма 3. Шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау
Топтар кезекпен шығып күйге импровизация жасайды.
Әр топ өз жұмысын бағалау үшін сұрақтарға жауап береді.
Орындауда не сәтті шықты?
Қай тұстарын жақсартуға болады?
Тапсырма 4. Ән үйрену және орындау.
«Жетіген үні»
Сөзін жазған: Е.Тілепбердиев,
әнін жазған: Б. Аманжол
1.Мың түрлі әуені бар,
Салт-дәстүр дәнегі бар.
Асықтан тиегі бар,
Халқымның мәйегі бар.
Қайырмасы:
Жетіген аспабын-ай,
Сазының асқағын-ай.
Үні бар мөлдір, әсем,
Аспап жоқ басқа мұндай.
Ойна деп он саусақпен,
Тіземде жатқанын-ай.
2.Шектерін шерткен сайын,
Сазды әуен төккен дәйім.
Қосылып ән салғанда,
Бойыңнан кеткен уайым.
Қайырмасы:
Жетіген аспабын-ай,
Сазының асқағын-ай.
Үні бар мөлдір, әсем,
Аспап жоқ басқа мұндай.
Ойна деп он саусақпен,
Тіземде жатқанын-ай.
3.Мөп-мөлдір сезімдей бір,
Анамның сөзіндей нұр.
Жанымды жадыратқан,
Бабамның көзіндей бұл.
Қайырмасы:
Жетіген аспабын-ай,
Сазының асқағын-ай.
Үні бар мөлдір, әсем,
Аспап жоқ басқа мұндай.
Ойна деп он саусақпен,
Тіземде жатқанын-ай.
|