Тапсырма 1. Әндерді тыңдау және талдау
Олай болса сабағымызды ән тыңдаудан бастайық
Балалар қазір біз өткен сабқтардың бірінде үйренген әнді және жаңа әнді тыңдаймыз. Әнді тыңдаған кезде әннің құрылымына көңіл бөліп, әуеніне көңіл бөліп отырыңыздар.
«Дала әуендері» сөзі: С. Қалиев, әні: Б. Қыдырбек«Әуендер сарайы» сөзі: Е.Тілепбердиев, әні: Х. Сетеков
Талдауға арналған сұрақтар:
Әндерде неше шумақ бар?
Ал неше қайырма бар?
Балалар бұл әндердің құрылысында қандай айырмашылық байқадыңыздар?
Қай ән шумақты форма, ал қай ән шумақты қайырмалы формаға сәйкес? Неліктен?
Тапсырма 2. Музыкалық форманың құрылымын көрсету
Қазір сіздер жұптасып осы әндердің формасының құрылымын пішіндер арқылы көрсетесіздер.
Әннің шумағы - дөңгелек
Қайырмасы - үшбұрыш
Әндегі әуен - төртбұрыш.
Оқушылар әнді тыңдап қосылып айта отырып, әннің құрылымын жасайды.
Өзара бағалау.
Жұптар бірін бірі бағалайды.
Музыкалық форма тізбегі дұрыс па?
Қандай қателіктер кетті?
Музыкалық форма – дегеніміз музыкалық шығарманың құрылымы болып табылады.
|
Презентация
Дала әуендері» сөзі: С. Қалиев, әні: Б. Қыдырбек«Әуендер сарайы» сөзі: Е.Тілепбердиев, әні: Х. Сетеков
|
|
Тапсырма 3. Ән үйрену.
«Әуендер сарайы» сөзі: Е.Тілепбердиев, әні: Х. Сетеков
1.Әуездің ойнар аспабын,
Оркестр емей басқа кім?!
Осы бір әсем сарайда,
Әуелеп жатыр асқақ үн.
Қайырмасы:
Құлпырған гүлмен арайы,
Әуенге тұнған маңайы,
Жанымның жарқын шуағы,
Жайнай бер, Әуендер сарайы,
Жайнай бер, Әуендер сарайы!
2.Дауылпаз, шертер, жетіген,
Аспаптар ғажап шетінен.
Ән тұнған сазды сарайда,
Сырнайлат, сырнай, өтінем.
3.Сиқырлы қобыз үніндей,
Төгілген қазақ күйіндей,
Көз тоймас ғажап ғимарат,
Қарарсың қайтіп сүйінбей?!
Әнді орындау үшін сыныпты 3 топқа біріктіру.
1топ - Динамика
2 топ - Екпін
3 топ - Дауыс бояуы
Әр топ әнді орындау барысында өздерінің музыкалық көркемдеуші құралдарын көрсете отырып орындауы керек. Мысалы Динамика тобы динамиканың көшуін нақтылықпен көрсетуі тиіс.
Екпін тобы орындау барысында әннің екпінін сақтауға назар аударуы тиіс.
Дауыс бояуы тобы әнді қыз балалар және ер балалар деп бөліп орындап бір бірінің дауыс бояуын тыңдауы тиіс.
|
Әннің сөзі
Әннің минусы мен плюсы
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |