Сабақ №1 Тақырыбы: ҚР жер санаттары, олардың құқықтық режимі


Жерлер экспликациясын жасау /9 және 10-қосымша/



бет12/16
Дата19.05.2022
өлшемі108.59 Kb.
#457272
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Жер кадастры тәжірибелік сабақтар

Жерлер экспликациясын жасау /9 және 10-қосымша/

22-форманың 9-қосымшасы облыс бойынша нәтижелермен бірге аудан көлемінде мыңдаған гектармен көрсетіледі және 22-форма жолдарының көрсеткіштеріне сәйкес болуы қажет /7,15/.


22 және 22а-формаларының 10-қосымшасы әр жер пайдаланушы бойынша гектарда көрсетіледі және алқаптар бойынша жалпы ауданы, соның ішінде бөлек жолдарда суармалы, тұрақты пайдаланудағы, уақытша пайдаланудағы жерлер және ерекше қорғалатын аумақтар жерлері, алғашқы пайдаланушылардан алынуынсыз жазылады.
Елді мекендер бойынша жерлер экспликациясы әр қала, поселке және ауылдық елді мекен бойынша беріледі.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлер, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, орман және су қоры жерлеріне объектілік экспликация беріледі.


Бар жерлер және олардың категориялар, пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінулері туралы есебіне тіркелетін
түсіндірме хат мазмұны

Бар жерлер және олардың категориялар, пайдаланушылар және алқаптар бойынша бөлінулері туралы есебіне тіркелетін түсіндірме хатта Қазақсатн республикасы Үкіметі мен Парламентінің Президенті Жарлығының орындалу барысы, республика жер ресурстарын қорғау және пайдалану, жер кадастрын жүргізу, жерлерді пайдалануға мемлекеттік бақылау жүргізу, жер заңдары талаптарын сақтау, жерлерді пайдаланудағы кемшіліктерді жою және т.б. туралы толығырақ баяндалады /1, 15/.


Түсіндірме хатта келесі мәліметтер келтіріледі:
- әкімшілік аумақтық бөлулердегі өзгерістер;
- алдыңғы жылмен салыстырғандағы жерлердің категориялар және жер пайдаланушылар бойынша бөліну динамикасы;
- алқаптар құрамындағы өзгерістер;
- пландық, картографиялық материалдар /1-қосымша/;
- аэрофототүсірістер материалдарын өңдеу және пайдалану;
- топырақ зерттеу және геоботаникалық іздестірулер материалдары /3,4-қосымшалар/;
- мемлекеттік есеп бойынша егістіктер ауданын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Сатистика комитетінің оперативтік мәліметтерімен салыстыру /5-қосымша/;
- суармалы ауыл шаруашылық алқаптардың мемлекеттік жағдайы /6-қосымша/;
- стационарлық жерге орналастыру қызметтерінің саны /7-қосымша/;
- жер учаскелеріне иелік құқығы мен тұрақты жер пайдалану құқығына актілер дайындау, рәсімдеу және беру барысы /8-қосымша/;
- жер үлесіне құқық және жер үлесі келісімдері туралы актілерді дайындау, рәсімдеу және беру барысы /9-қосымша/;
- азаматтар мен заңды тұлғаларға сатып алу-сату келісімдерін, жер учаскелерін тұрақты және уақытша пайдалану құқықтарын рәсімдеу және тіркеу /10-қосымша/;
- жер-кадастрлік құжаттарды жүргізу;
- жерлерді графиктік есепке алу;
- есеп беру жылында жер заңдарындағы бұзушылықтарды анықтау;
- топырақ құнарлығын көтеру бойынша шаралар;
- ауыспалы егістерді жүргізу және игеру, парларды өңдеу;
- органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізу;
- орман мелиоративтік шаралар;
- эрозияға қарсы гидротехникалық құрылыстар салу;
- түгендеу материалдары бойынша ауыл шаруашылық алқаптарының құрамын анықтау;
- аудан немесе облыс жерлері жағдайлары мен пайдалануларын жақсарту бойынша ұсыныстар.
Есеп құжаттары келесі тәртіпте іріктеліп жинақталады:
1.Есепті бекіту жөніндегі шешім
2 Түсіндірме хат
3. 22, 22а, 22б – формалары
4.Суармалы жерлердің 22, 22а, 22б – формаларына жұмыстық ведомостар
5 .22, 22а – формаларының нөмірленуі бойынша барлық қосымшалар
6 .Жерлерді пайдалануға бақылау жөнінде есеп /1-форма – жер/
7.Жерлерді қалпына келтіру, топырақтың құнарлы қабатын алу және пайдалану жөнінде жиынтық есеп /2-ТП формасы/
8.Жер реформасы барасы /1-форма – жер/ және басқа материалдар жөнінде есеп
9.Жерлерді бөлудегі ауыл шаруашылық өндірісі шығындарының орнын толтыру үшін пайдаланулар туралы есеп.
Қазақстан Республикасы жерелерін мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулардың күшіне енуіне байланысты, 1993 ж. 27-қазанындағы бұрынғы нұсқауларды күшін жойған деп есептеу қажет.
Түсірістер мен жаспарлы материалдарды дайындау заң бойынша жүгізіледі. Сонымен, күнделікті есепке алу алғашқы есепке алудың жұмыстық көлемі бойынша да, түрі бойынша да ерекшеленеді.
Өзгерістер өзінің түріне қарай келесі түрлерге:алқаптарды трансформациялауға қарай алқаптар ауданына, топырақтың сапалық жағдайында, жерді алу мен бөлуге байланысты.Жер пайдалану мен басқа есепке алу барлығының өлшемінде, әкімшілік бірлігінің территориясы ауданында болуы мүмкін;негізгі және күнделікті есепке алудың өзара байланысы бар, алғашқы екіншінің жүргізілуі үшін қайта құрады, екінші біріншінің мәліметтерін жаңалайды, туралайды және толықтырады, жер туралы мәліметті қазіргі кез деңгейіндежүйелі түрде ұстап тұрады. Алғашқы және күнделікті есепке алубарысында көрсеткіштер сан жағдайында кескінделеді. Есепке алу барысындағы мәліметтер әр түрлі әдістермен, бәрінен бұрын түсіріс, тексеру және өлшеу жолдарымен алынады.
Жерді есепке алуды дұрыс орындау үшін, түсірістер үлкен мағынаға ие.Осыдан бұдан алынған түсірулер, жоспарлы материалдар негізінде Республиканың жер қорын нақты есептеуге мүмкіндік туады. Түсіріс материалдары жер пайдалану ауданы, алқаптар құрамы мен олардың түр тармақтарыныңнақты мәліметтерін алуға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер жердің сапасын есепке алу үшін қажет.
Түсірістержердегі және аэрофототүсіру болып бөлінеді. Қазіргі кезде аэрофототүсіру - жерді мемлекеттік есепке алубарысында түсірістің негізгі түрі.Ол жер қорының өлшемі, жағдайыжәнепайдалануытуралы, соның ішіндеәр жер пайдаланудыңкеректі материалдарын тез және арзаналуға мүмкіндік береді. Оның мәліметтеріжер пайдалану мен жергілікті элементтердіесепке алу үшінқажетті жер бетітүсірістерменсалыстырғанда көбірек қамтиды. Мысалы, аэрофототүсіріс материалдарында тек қанаалқаптар контурларығана емес, басқа да әр түрлідақыл егістері шекаралары, эрозияның даму дәрежесі және тағы басқалары белгіленеді.
Әсіресе бұл мәліметтер ауданы бойынша шағын жер учаскелері көп шаруа қожалықтарының үй іргесіжерлерінесепке алу үшін құнды. Бұл материалдар мен қазіргі кез деңгейіндегіжерді есепке алу мәліміттерін оңай әрі нық ұстап тұру мүмкін.
Аэрофотокосмостық түсіріс үлкен маңызға ие, оның мәліметтері республика жерінің үлкен аудандарын қамтуы мүмкін, оның мәліметтерін пайдалану әдістері өте кең қолданылады. Халық шаруашылығында, әсіресе экономика-сында және қоршаған орта мен жер мониторингінде жартылай қолданылады. Есепке алу мәліметтерін ең маңызды әдіспен алу және тексерудеп аталады. Жерді тексерудің міндетіне жер алаптарын пайдалану мен нақты жағдайын анықтау және оларды ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдалануының ең қарқынды мүмкіндіктерін анықтау кіреді. Олар екі түрге- арнайы және агрошаруашылықтық деп бөлінеді.
Арнайы тексеруге топырақтық, геоботаникалықжәне мелиоративтік жатады. Агрошаруашылықты тексерудің жергілікті жердегі бір алқап контурының жағдайы мен сыртқы белгілері бойынша оның сапасының мүмкіндігі, ең тиімді пайдаланылуыанықталады. Деректі мәліметтерді алу және жер пайдалануына бақылау жасау үшін, үй іргесі учаскелерімен егіс аудандарында өлшеу жүргізіледі. Өлшеу жалпы және таңдаулы болуы мүмкін. Жалпыламаға барлық анықталатын территория, ал таңдаулыға тек бөлігі ғана жатады. Жерді есепке алуда жер-есебі мәліметтері екі әдісте көрсетілді. Бірінші текстік, яғни алынған мәліметтер сандық көрсткіштерде көрсетіледі, арнайы текстік құжаттарға (кітаптар, ведомостар) енгізіледі және жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттар жүйесінде ақпараттарды магниттік тасымалдаушыға енгізеді, оған қажеттілігіне қарай түсініктеме жазулар немесе басқа текстік материалдар беріледі.
Екінші, графикалық жер есебіне ғана тиісті және оны жүргізудің белгілі ерікшелігіне байланысты үлкен мәнге ие. Ерекше ескерілетін жағдай графикалық тәсілде жерді есепке алуда тек есептелінетін объект және олардың құрам бөліктерін бейнелеп қоймастан, объект туралы қажетті алғашқы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді және ондағы уақыттың өтуімен өзгерген өзгерістерді көрсетеді. Онда өзіне тән белгілі бір техникалық жүзеге асыру тәсілдері бар. Бұл тәсілдің мәні мынада бұнда, арнайы техникалық тәсілдер көмегімен жергілікті жерде тынымсыз өлшеулер нәтижесінде, жоспарлы-картографиялық негізде көрінеді. Бұндай жолмен құрылған жоспарда есептелінетін территорияның, яғни қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар кішірейтілген кескіндер алынады.
Пайдаланатын жоспарлы-картографиялық материалдар түрлеріне байланысты алаптардың, жер пайдаланудың және әкімшілік бірлік территориясы аудандарын анықтаудың екі тәсілі қолданылады. Бірінші тәсілдегі деректі материалдарға бөлек алап түрлері мен жер пайдаланудың жалпы ауданы бойынша есептейтін бөлек жер учаскелері жоспары жатады. Аудан жері ауданы мен оның алаптарының жалпы аудандарын қосу жолымен анықталады. Республика және облыстарда аудандарды аналитикалық жолмен есептейді. Бұл тәсілдің де өзіне тиісті жеткіліксіздігі бар. Бұдан әр түрлі дәлдіктер бар екені көрініп тұрса, онда ірі масштабты карталар бойынша есептелінген аудандар дәлдігін де айтуға болады.
Бұдан басқа, бөлек жер учаскелері аудандарын анықтау барысында жіберілген қателер қосу мен алынған аудандарға механикалық жолмен кіреді. Үшіншіден аудандарды есепке алу дұрыстығы мен дәлдігіне нақты бақылау болмайды, сондықтан жіберілуі және жер қорының кейбір бөліктерін қайта есепке алуы мүмкін. Екінші тәсілде, жерлерді есепке алу үшін жоспарлық материалдар ретінде аудандары аналитик тәсілмен есептелінген, жалпы мемлекеттік бөлшектеу трапециялары пайдаланылады.
Пайдаланатын жерлердің, аудандардың, облыстардың және Республика шекараларын координаттар бойынша трапецияларға түсіреді. Содан кейін жер учаскелерінің, пайдаланатын жердің, әкімшілік бірліктердің аудандары есептеліп, оларды трапециялар аудандарында байланыс-тырады /увязка/, осындай әдіс аудандардың дәлділігін жоғарылатады.
Егер бөлек-бөлек пайдаланатын жерлердің және олардың алқаптарының аудандары осы екі әдіспен анықталғанда /тек дәлдікпен/ және бірдей техникалық жағдайдарда келесі тұжымдарға келеміз:
- пайдаланатын жерлерді жоспармен салыстырғанда трапеция бойынша аудан көлемінің қатесі екі есе төмен;
- облыс бойынша 4-5 есе аз;
- ең кең тараған жағдайда /пайдаланатын жерлердің шекаралары бойынша еркін теодолиттік жүрістер салынғанда/ аудандар және облыс алқаптары, аудандары трапеция, пайдаланатын жерлер жоспарлары бойынша қарағанда, 2-9 есе дәлірек. Сонымен, трапеция бойынша дәлірек анықталады деуімізге толық мүмкіндік бар.
Жер пайдаланудағы алқаптардың құрамында болыпжатқан барлық өзгерістер, жоспарлы материалда графикалық жолмен белгіленеді.
Кәзіргі кезде /уақытша/ республикамызда есепке алынатын аудан және облыстық жер учаскесінің компьютерге енгізілген электрондық карталары бар. Жер учаскесінің есептелінетін квартал, аудан және облыстық электрондық карталарды компьютерде алу жолымен графикалық тәсілді әбден жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электрондық карталар түріндегі есеп алудың графикалық тәсілін қолдану, тек есепке алудың дәлдігін жоғарылатып қоймай, бастапқы /алғашқы / күнделікті есепке алудағы өзгерістерді енгізу процесін автоматтандыруға және картографиялық есепке алу материалдарын беруге мүмкіндік береді. Графикалық тәсіл, анықталатын жердің кеңістік жағдайы, олардың құрамымен пайдалануынан көрініс беруді қамтиды. Тектік және графикалық тәсілдердің өзара белгілі /айқын/ байланысы бар.
Мәліметтерді анықтауда графикалық тәсіл дәл болған сайын, текстік құжаттарда қамтылатын мәліметтер де соншама дәл болады. Көрсетілген тәсілдер, бір бірін толықтырып, жерді есепке алу барысында, оған жан-жақты сипаттама беруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет