ҚБ: «Бас бармақ». Шарты: Бас бармақтарын көрсету арқылы түсінгендерін өзара бағалау.
Бас бармақ жоғары қарап тұрса- «Мен түсіндім»
Бас бармақ көлденең қарап тұрса- «Мен түсінгендеймін»
Бас бармақ төмен қарап тұрса-«Мен түсінбедім»
Мақсаты:Оқушылар бір-бірін бағалайды
«Жан-жануарлардың жылға таласуы»ертегісін тыңдап,алған әсерлерімен бөлісу.
«+,-» әдісі Шарты:Топтар бір-біріне 2 дұрыс,1 бұрыс сұрақ қойып жауап береді.
Мақсаты: Ашық-жабық сұрақтар арқылы тыңдалым-айтылым дағдыларын қалыптастыру.
5-тапсырма. «Ротация» әдісі Шарты: Сынып бөлмесінде түрлі-түсті қағаздар ілінген ,ұнағанын таңдайды,тапсырманы орындайды.Берілген сөздердің орфоэпиялық нормаларын ажыратады,дыбыстық талдау жасайды
Мақсаты: Әдеби тілдік норманы білетіндігін анықтау.
Мысалы: сүті ,дүркірей, жас жігіт,Досжан,қорегі