Кері байланыс: «Ауа райы» әдісі бойынша таратылған күн белгісіне тапсырманы орындаудағы жетістіктерін, бұлт белгісіне түсініксіз немесе орындауда қиындық тудырған тұстарын жазады
Күн – үй тапсырмасын орындауда не сәтті болды?
Бұлт – үй тапсырмасын орындауда қандай қиындықтар туды?
«Мозаика» әдісімен қима қағаздағы сөздерді құрастырып, жаңа тақырыпты табады.
ІІІ Жаңа тақырып.
Алғашқы ғарышкерлер. Сын есімнің шырайлары
Мұғалім түсіндірмесі
Слайдта көрсетілген үйлердің көлемін сын есіммен айтқызу.
Бағыттаушы сұрақ:
Үйлердің биіктігі бірі екіншісіне қарағанда қандай?
Биік- биігірек- тым биік.
Бір тектес сапалық сынның бірінен екіншісінің артық я кемдігін, әр түрлі дәрежеде болатынын білдіруді сын есімнің шырайы деп атайды. Мысалы: қызыл-ырақ сөзі заттың сынын салыстырмалы түрде көрсетіп тұрса, қып-қызыл сөзі бір заттың сынын екінші заттың сынына қарағанда күшейтіп көрсетіп тұр. Шырай жасауға негіз болатын тұлға- сапалық сын есімдер. Сын есімнің екі түрлі шырайы бар.
1. Салыстырмалы шырай - бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстыру арқылы оның артық немесе кем екендігін білдіретін шырайдың түрі.
Салыстырмалы шырайдың жасалуы:
-рақ, -рек, -ырақ, -ірек;
-дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: үлкен – үлкенірек, қызыл – қызылдау.
2. Күшейтпелі шырай – біркелкі сындық белгінің бірі екіншісінен өте артық немесе өте кем екендігін білдіретін шырайдың түрі.
Жасалуы:
1) сын есімге күшейткіш буын қосарлануы арқылы жасалады: үп-үлкен, қып-қызыл;
2) өте, аса, тым, ең, тіпті, орасан, кілең және тағы басқа күшейткіш сөздердің сын есімдермен тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: өте үлкен, тым қызыл, аса үлкен, орасан зор.
Сын есімнің заттануы
Сын есімге көптік, септік, тәуелдік жалғаулары
жалғанса, сын есім зат есімнің орнына жүреді. Сын есімнің зат есім орнына жұмсалуы сын есімнің заттануы деп аталады. Мысалы: Ақылды (кім?) байқап сөйлейді, ақымақ (кім?) шайқап сөйлейді. Ақылды, ақымақ (адам) – бастауыш. Еріншектің (кімнің?) ертеңі бітпес. Еріншек тің (адамның?) – анықтауыш.
2. Сын есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің жалғауын меңгеріп, заттанады. Мысалы: Білімдіден (кімнен?) шыққан сөз, талаптыға болсын кез. (Абай.) Үлкенге (кімге?) құрмет, кішіге (кімге?) ізет. Жасы кіші болса да, ақылдыны (кімді?) аға тұт. Жақсыда (кімде?) жаттық жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |