Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу


Қаржылық операциядағы факторингтiң ролi



бет10/10
Дата17.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#141952
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қаржылық операциядағы факторингтiң ролi

Тест

14 апта 2 балл
1. Туынды бағалы қағазға қайсысы жатады:

А) акция;

В) облигация;

С) вексель;

D) опцион;

Е) чек.


2. Жер және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып ұзақ мерзімде қаражаттарды тарту және орналастыру бойынша несиелік операцияларды жүзеге асыратын банктер:

А) ипотекалық;

В) инвестициялық;

С) эмиссиондық;

D) орталық банк;

Е) трасталық банк.

3. Ұзақ мерзімге ақша қаражаттарын шоғырландыруға маманданған банк:

А) ипотекалық;

В) инвестициялық;

С) эмиссиондық;

C) жинақ банктері;

Е) клирингтік банк.

4. Валюталық нарық-бұл:

А) әр түрлі валюталар айырбастау процессі жүзеге асырылатын арнайы орталық;

В) арнайы орталқтың айналмындағ валюталардың сату-сатып алу жүргізілуі;

С) сұраныс пен ұсыныс негізінде арнайы орталықта валюталарды сату-сатып алу ерекше процессі жүргізілетін жер;

D) бағалы қағаздарды сату-сатып алу жүргізілетін арнайы орталығы;

Е) айырбас жүзеге асырылатын арнайы орын.

5. Кәсіпорындар мен ұйымдардың алдындағы қарыздарын өтейтін мемлекеттің бағалы қағазы қалай аталады:

А) акция;

В) қазынашылық міндеттеме;

С) коммерциялық қамтамасыз ету;

D) вексель;

Е) жинақ облигациялары.

6. Белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы боршқордың қарыздық міндеттемесі:

А) акция;

В) қазынашылық міндеттеме;

С) вексель;

D) коммерциялық қамтамасыз ету;

Е) жинақ облигациялары.

7. Аваль-бұл:

А) вексельдің келесі бетіне аударып жазу;

В) вексельдік кепілші;

С) вексельдің қосымша беті;

D) номинал;

Е) түбіртек қағаз.

8. Қаржы тәуекелдерінің түрлерін атаңыз:

А) несиелік, валюталық, пайыздық, депозиттік, инвестициялық;

В) елдік, валюталық, шұғыл, ішінара, бәсең, тура;

С) операциялық, кездейсоқ,бәсең, тура;

D) бос, бос емес, ішкі, жиі;

Е) несиелік, ішкі, сыртқы, бос емес.

9. Банктік тәуекелге не жатпайды:

А) өтімділік;

В) салалық;

С) несиелік;

D) пайыздық;

Е) валюталық.

10. Валюталық операциялардың қандай түрлерін білесіз:

А) ағымдық және капитал қозғалысымен байланысты;

В) валюталарды диверсификациялау;

С) валюталарды аудару;

D) валюталық реттеу;

Е) аудармалы және мерзімді.

11. Өзінде көрсетілген қажетті құқықтарын пайдалану үшін арнайы үлгіде толтырылған қаржылық құжат қалай аталады:

А) бағалы қағаздар;

В) шоттар;

С) шоттар жоспары;

D) депозит;

Е) сенім хат.

12. Төмендегі бағалы қағаздардың қайсысының тәуекелі жоғары

А) мемлекеттік бағалы қағаздар;

В) муниципалды бағалы қағаздар;

С) венчурлік бағалы қағаздар;

D) корпоративтік бағалы қағаздар;

Е) халқаралық бағалы қағаздар.

13. Траст дегеніміз не:

А) сенім;

В) сенімсіздік;

С) жол беру;

D) жол бермеу;

Е) оқиға.

14. Мемлекетік бағалы қағаз-бұл:

А) қазынашылық вексельдер, қазынашылық бондар, қазынашылық міндеттемелер;

В) коммерциялық вексельдер, чектер, облигациялар;

С) акциялар және вексельдер;

D) тек қана ноталар;

Е) тек қана қазынашылық бондар

15. Листинг- бұл:

А) бағалы қағаздарды шығару;

В) эмиссия проспектісін дайындау;

С) биржалық тізімге эмитенттерді енгізу;

D) бағалы қағаздардың сапасын дәйектеу;

Е) барлық жауап дұрыс;

16. Котировка процедурасы ( әр валюта бойынша ұсыныс және сұранысты қатар қою арқылы банкаралық курсты тіркеу және анықтау) дегеніміз:

А) валюталық паритет;

В) спред;

С) фиксинг;

D) техникалық талдау;

Е) валюталық интервенция.



22-тақырып. Форфейтинг операциясындағы форфейтинг мәмілесi

Жоспар:


Форфейтинг сөзі

Форфейтинг мәмілесі



Теориялық мәліметтер

Форфейтинг сөзі француз тілінде «a forfait» аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг- тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білідіру үшін пайдаланылатын термин. Форфейтинг - қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.

Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабына сатып алуы.

Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы – форфорейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай –ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингте несие беру мерзімі небары алты айды құрайды.

Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны – импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады;



  1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

  2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

  3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе ұйым.

Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор-банк несиелік талдау жүргізіледі. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

  1. Мәмілеге қатысушылар арасында келісім-шарт жасалады;

  2. Тауарын несиеге береді;

  3. Аудармалы вексельді (5-7жылға) жазып береді;

  4. Аудармалы вексельді қайта сатады;

  5. Аудармалы вексельді есепке алып, оның 70%-дай мөлшерінде банк ссуда береді;

  6. Мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады;

  7. Вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады;

  1. қаржы мәмілесінде – орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.

  2. Экспорттық мәміле бойынша - шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшада түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда - 7 жыл.

Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:



  • Векселін форфейтор – банк сатып алғаннан кейін, экспортер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешеді;

  • Уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцияның қолма қол ақшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады.

  • Пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады:

  • Құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдығы;

Бақылау сұрақтары.

Форфейтинг және оның пайда болуы

Форфейтинг операцяларының түрлерi және оларға байланысты несиелiк тәуекелдер

Форфейтинг сөзі

Форфейтинг мәмілесі

Студенттердің үй тапсырмалары.



Форфейтинг мәмілесінің мерзімі







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет