Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау



бет3/10
Дата24.02.2016
өлшемі0.83 Mb.
#15826
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Пайдаланған әдебиеттер
1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.

2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.

3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.

4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.

5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.

Қосымша:

6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973



7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж


Ескерту:

Студенттердің білімін бақылау, бағалау – СӨЖ – тапсырмалар, жаттығулар, тестілік бақылау (Т), рефераттар (Р), глоссарий (Г), коллоквиум (К) – оқытушыға тапсыру кестесі: әр аптада:
Бейсенбі – 900 – 1100 – 43 ауд

Бірінші аралық бақылау





Тақырыптар





Бақылау түрі

Апта реті

Ұпай саны

1

Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы.

Консультация

1

4,0

2

Дүние жүзі саяси картасының қалыптасуының ортағасырлық кезеңі.

Коллоквиум

2

4,0

3

Дүние жүзі мемлекеттерінің мемлекеттік құрылысы

Картамен жұмыс

3

4,0

4

Тарихи география ғылымындағы елдердің саяси және экономикалық-географиялық жағдайы

Тест тапсырмасы.


4

4,0

5

Тарихи география және геосаясат, саяси карта.

Реферат бағалау.

5

4,0

6

Тарихи география және дүние жүзі елдерін топтастыру және типке бөлу.

Коллоквиум

6

5,0

7

Тарихи география және мемлекеттердің саяси-географиялық жағдайы.

Глоссарий

7

5,0




Барлығы: 30




30

Консультатция
1-апта. Бағалау балы – 4,0
Тақырыбы: Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы.

Жоспары:


    1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан жері.

    2. Қазақстан территориясының межеленуі.

ХХ ғасырдың басында “Ресей бодандығындағы қазақ жері өзінің басқарылуы жағынан біртұтас ел жүйесінде қалыптаспаған күйде болып, ал Қазақстанның саяси - әкімшілік құрылымы аумақтық та, әлеуметтік-экономикалық жағынан да өте тұрпайы түрде бөліністе болды. Өйткені, патшалық Ресей саясаты- жерін бөлшектеу арқылы қазақ ұлтының басының бірігуін қиындату, әрі оның ұлт-азаттық қозғалысын болдырмау мақсатына бағытталған еді. Оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі (ӘАБ) ешқандай саяси-экономикалық және ұлттық-әлеуметтік мүдделерді есепке алмай жүргізілді. Мұндай бөлініс тек патшалық өкіметтің әскери-саяси пайымдауларына сай, басқарудың оларға қолайлы ғана жақтарын ескеріп, ал ұлттық мемлекеттің құрылу мүмкіншілігін болдырмау жағы көзделді.”

Ресей империясы кезінде өзінің мемлекеттілік құрылымынан жұрдай Қазақстан бірнеше әкімшілік бірліктер арасында бөлшектену күйінде болды. 1917жылғы төңкерістер қарсаңында оның аумағында келесі алты облыс болды. Олар: Ақмола, Атбасар, Омбы және Петропавл уездері Ақмола мен Зайсан, Қарқаралы, Павлодар, Семей және Өскемен уездерінен тұратын Семей облыстары. Бұл аталған екі облыс та Далалық генерал губернаторлығы құрамында болып, Омбы қаласында басқарылатын. Ал орталығы-Ташкент қаласы болған. Түркістан генерал-губернаторлығы құрамына: Верный, Жаркент, Қапал, Лепсі, Пішпек және Пржевальский уездері кірген-Жетісу мен әулиеата, Қазалы, Перовек, Ташкент және Шымкент уездерінен құралған-Сырдария облыстары қарады. Ал Гурьев, Лбищенск, Темір, Орал уездерімен Орал облысы мен өзінің құрамындағы –Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Торғай уездері кіретін-Торғай облысы жеке әкімшілік құрылымдар ретінде болды. Бұлардан басқа Бөкей ордасының жері Астрахань губерниясына бағындырылып, ал Маңғыстау түбегі мен оған жанасып жатқан Арал және Атырау теңіздерінің аралығындағы жерлер, Закаспий облысына қаратылды. Міне, осылайша қазіргі Қазақстан жерінің аумағында сол кезде бірде-бір ұйымдастырушылық орталық мәніндегі губерниялық қала болмады.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

1.Т.О.Увалиев Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы. Алматы,1998 ж.


2.Назарбаев Н.А. Ғасырлар тоғысында.-Алматы. “Қазақстан”. 1996 ж.
3.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. “Экономическая и социальная география мира. Москва 1993.
4.Двоскин Б.Я. Экономико-географическое районирование Казахстана-Алма-ата.1986г.
5.Готовимся к экзамену по географий. М.2002.
Қосымша:
6.Марков К.К , Дабродив О.П ,Симонов Ю.Г,Суетова И.А .Сведение о физической географии.М 1973
7.География және табиғат /журнал/ 2000 –2007 жж

Коллоквиум.
2 – апта. Бағалау балы – 4,0
Тақырыбы: Дүние жү зі саяси картасының қалыптасуының ортағасырлық кезеңі.


  1. Дүние жүзісаяси картасының өзгерістері.

  2. Дүние жүзі саяси картасының ерекшелігі.

  3. Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы.

  4. Дүние жүзі саяси картасының қалыптасуының ежелгі кезеңі.

  5. Дүние жүзі саяси картасының ортағасырлық кезеңі.

  6. Дүние жүзі саяси картасының жаңа кезеңі.

  7. Дүние жүзі саяси картасындағы дамыған елдер.

  8. Дүние жүзі саяси картасының қазіргі жаңа кезеңі.

  9. Дүние жүзі саяси картасындағы дамушы елдер.

  10. Дүние жүзі саяси картасының қалыптасуының сандық өзгерістері.

  11. Орталық Азияның қауіпсіз мәселелері.

  12. Қазіргі дүние елдері.

  13. Елдерді саралаудың маңызы.

  14. Қазақстан территориясының межеленуі.

  15. ХІХ ғ басындағы Қазақстан жері.

  16. ХХ ғ басындағы Қазақстанның саяси-әкімшілік дамуы.

  17. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасының бағыттары.

  18. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы жайлы.

  19. Қазақстанның саяси-әкімшілік картасының қалыптасуының ежелгі кезеңі.

  20. Қазақстан саяси-әкімшілік картасының қалыптасуының ортағасырлық кезеңі.

  21. Қазақстан саяси-әкімшілік картасының қалыптасуының жаңа кезеңі.

  22. Қазақстан территориясының межеленуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет