Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#126080
1   2   3   4   5

ЕКІНШІ РЕЙТИНГ БАҚЫЛАУ







Тақырыптар

Ұпайлар

Бақылау түрі

15

Зейнелғабиден – Абай шығармаларын баспа арқылы насихаттаушылардың бірі







16

Кәкітай Ысқақұлы – Абайдың тұңғыш биографы

2,0

Реферат

17

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың абайтану тарихындағы орны







18

„Қазақ” газеті және Абай шығармашылығы

2,0

Семинар

19

Самат Әбішұлының абайтанудағы орны







20

Абай мұрасының орыс тілінде танылуы

2,0

Дөңгелек стол

21

Абай мұрасы 1918-1920 жылдар аралығында







22

Абай мұрасы 1926 – 1940 жылдар аралығыда

2,0

Семинар

23

Абай мұрасының 1940 жылдардан кейінгі зерттелуі







24

Абайтанудың қазіргі жайы

2,0

Консультация

25

М.Әуезовтің „Абай Құнанбаев” монографиясының тарихи мәні







26

Абай мұрасының шығысқа қатысы

3,0

Консультация

27

Абай мен орыс әдебиетінің қарым-қатысы







28

Абайдың әдеби ортасы

2,0

Коллоквиум

29

Абайдың ақындық мектебі







30

Абайдың ақын шәкірттері




Дөңгелек стол

Барлығы: 30 балл

№15.
1. Сабақтың тақырыбы:



Зейнелғабиден – Абай шығармаларын баспа арқылы насихаттаушылардың бірі

2. Сабақтың жоспары:

1. Зейнелғабиден - Абай мұрасын туысқан татар халқына танытқан жан

2. „Насихат - Қазақия” - Абай шығармаларын алғаш дұрыс тұрғыдан бағалаған

еңбек


3. Зейнелғабиденнің өмірі мен шығармашылық жолы

4. Ә.Жиреншиннің Зейнелғабиден туралы пікірлері

5. Зейнелғабиден көтерген мәслелер

6. Зейнелғабиден еңбегінде насихатталған Абай өлеңдері



3. Бақылау түрі: Ой – бөліс, дебат
4. Тапсырма сұрақтары:

1. Зейнелғабиден - Абай жөнінде арнай пікір көтерген жан.

2. Зейнелғабиден - Абай мұрасын туысқан татар халқына танытқан жан

3. „Насихат - Қазақия” - Абай шығармаларын алғаш дұрыс тұрғыдан бағалаған

еңбек

4. „Насихат - Қазақия” - Абай шығармаларын алғаш танытқан еңбек



5. Зейнелғабиденнің өмірі мен шығармашылық жолы

6. Ә.Жиреншиннің Зейнелғабиден туралы пікірлері

7. Зейнелғабиден көтерген мәслелер

8. Зейнелғабиден еңбегінде насихатталған Абай өлеңдері

9. Зейнелғабиденнің „Замандастарымы бір – екі сөз” деген арнау өлеңінің мәні

10. Зейнелғабиден пікірінің Шоқан, Ыбырай, Абай ойларымен сабақтастығы

11. Зейнелғабиден ақындық өнер туралы

12. Зейнелғабиден тіл жайлы

№16
1. Сабақтың тақырыбы: Кәкітай Ысқақұлы – Абайдың тұңғыш биографы
2. Сабақтың жоспары:

1. Абайтану саласындағы Кәкітай Ысқақұлының орны

2. Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі

3. Кәкітай құрастырған Абай өлеңдері

4. Кәкітай жинағының басты олқылығы

5. Кәкітай Абай өмірі мен шығармашылығына тұңғыш тоқталған жан


3. Бақылау түрі: Реферат
4. Теориялық мәліметтер:

Кәкітай Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі де Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып жариялауы мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. Кәкітай Абай мұрасын жинастырып, бастырудағы тарихи еңбегі жайлы Абай мұрасын зерттеушілер еңбегінде молынан айтылады да, бірақ М. Әуезовтың монографиялық еңбегінде болмаса, басқа зерттеулерде Кәкітай еңбегі сын көзімен қаралмаған.

Кәкітай олқылығы – Абай шығармаларын түгел қамти алмауы демесек, Абай өлеңдерін түрлі тақырыптарға бөліп, жіктеуі сол дәуір жағдайына байланысты қарағанда орынды да. Кәкітай мәдениет пен білімнен кенже қалған қазақ қауымының ой - өрісін еске алып, тақырыптық принципке сүйенуді жөн көрген. Бүкіл қазақ ақындары Абай шығармалары мен өмірбаяны жайлы дерекпен тұңғыш рет Кәкітай арқылы ғана танысты. Кәкітай Абай өмірі мен творчествосына жалпы тоқталғанымен, сол дәірдің өзінде – ақ Абай жөнінде ойлы пікірлер айта білді. Кәкітай Абайдың шын мәніндегі ақындық өнерге сексенінші жылдары батл бет бұруының себебі оның орыс халқының озық ойлы әдебиетімен танысуында жатыр деп көрсетуі, Абай творчествосы мен өміріндегі елеулі құбылыстардың төркінін дұрыс аңғара білгенін байқатты. Ақындық дарыны асып туған Абайдың осы өнерге қолын кеш сермеуі, Кәкітай пікірінше, өскен ортасына тікелей байланысты қаралады. Аталы ортаның ақындық өнерді кемсіте қарауы Абайға белгілі дәрежеде әсер еткен. Бірақ ел ісіне ерте араласып, халықпен тығыз байланыста болуы арқылы ғасырлар бойы сұрыпталған тіл өнерін терең меңгеруі – Абай ақындығының тербеліп өскен алтын бесігі деді.
5. Реферат тақырыптары:

1. Кәкітай Ысқақұлы – Абайдың тұңғыш биографы

2. Абайтану саласындағы Кәкітай Ысқақұлының орны

3. Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі

4. Кәкітай құрастырған Абай өлеңдері

5. Кәкітай жинағының басты олқылығы

6. Кәкітай Абай өмірі мен шығармашылығына тұңғыш тоқталған жан

7. Кәкітай еңбегі туралы сыни еңбектер

8. Кәкітайөмірі мен шығармашылығы

№17
1. Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыровтың абайтану тарихындағы орны



2. Сабақтың жоспары:

1. Абайтану саласындағы С.Торайғыровтың орны

2. Сұлтанмахмұт – Абай дәстүрін шығармашылықпен дамытушы ақын

3. Сұлтанмахмұт - Абай мұрасын тереңірек танып бағалаған ақын

4. Ақынның Абайдың эстетикалық ойын өз шығармасына батыл ендіруі

5. Сұлтанмахмұттың көркем туындыға қойған шарттары

6.Сұлтанмахмұттың қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері туралы

7. Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылық жолы


3. Бақылау түрі: Ой – бөліс, дебат
4. Теориялық мәліметтер:
Абай мұрасын тереңірек зерттеп, танып бағалауда қазақтың талантты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың пікірлері абайтану тарихында ерекше орын алмақ. Сұлтанмахмұт - Абай дәстүрін творчестволықпен дамыта түсушілердің көрнектісі әрі ақын мұрасының әлеуметтік тамырын тереңірек танығандардың бірі. Ол Абайдың жаңа бағыттағы қазақ әдебиетінің негізін салып, класскалық дәрежеге көтерген еңбегін жете түсінді. Мұндай биік танымға Сұлтанмахмұт творчестволық іздену, азабы мол ақындық жолды бастан кешіру, әдеби тілдің тазалығы туралы заман талабы күн тәртібіне қойып отырған мәселеге жауап беру тұрғысынан келеді.

ХХ ғасырдың басында революцялық қозғалыстардың өріс алуына байланысты бұратана атанған халықтардың ұлттық санасының ояна бастауына қарсы патша өкіметінің саясаты шегіне жете күшейе түсті.

С. Торайғыров Абайдың әдеби тіл үшін күресін терең барлап бағалаушы ғана емес, ол көркем өнердің мәніне материалистік тұрғыдан қарап, Абайдың эстетикалық танымдарын да терең біліп, бағалай алды. Абайдағы эстетикалық ойды өз шығармасына батыл ендіруімен бірге оны замандастарынан та талап еткен. Сұлтанмахмұттың пікірінше, әрбір көркем туынды нағыз өмір шындығының қазанында қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілдің толғанған жүректің сығындысы болуы керек. Бұл пікір оның Абайдың ақындық дәстүрін нақтылы түрде дамытуға ұмтылуымен бірге өз шығармаларының негізгі эстетикалық танымына айналды.

С. Торайғыров өз өмірінің идеялық бұлыңғыр дәуірі кезінде де өткен дәуір мұрасына көз салып, сөз еткенде, өз қатынасын Абайдың эстетикалық танымы тұрғысынан білдіріп отырады. Өз алдына өткен әдебиет өкілдеріне Абай «сөзінің бірі жамау, бірі құрау» деп сыншылдықпен қараса, Сұлтанмахмұт та көне дәуірдің әдеби мұрасына осы тұрғыдан қарайды. Ол Абай поэзиясы мен өткен дәуір әдебиеті өкілдерінің туындысын салыстырғанда, ақындық шеберлікті ғана өлшем етпей, шығарманың идеялық мәніне баса көңіл бөледі. Абайда үлкен ақындық қуат пен озат ойдың әсем өріліп, тұтастық тауып отыратын осы сомдалып құйылған тұтастық бірліктің Абайдан бұрынғы әдебиетте көмескі тартуын аңғартады. Яғни Сұлтанмахмұттың көркем туындыдан талп етіп отырған басты шарты – нағыз реалистікпен суреттелетін өмір шындығы – ақиқат. Оның ойынша, қазақ әдебиеті тарихын үш дәуірге бөлу керек:

1. Абайға дейінгі көне дәуір әдебиеті;

2. Абай дәуіріндегі әдебиет;

3.Абайдан соңғы дәуірдегі әдебиет

Ал осы дәуірлердегі әдеби мұраларға қай тұрғыдан келу керек деген мәселеге зерттеуші Сұлтанмахмұттың Абайдан дарытқан эстетикалық танымына қарама – қарсы бағытта, яғни көне мұра аталуының біріңғай дәріптеу тұрғысынан қарайды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – Абайдың ақындық дәстүрін дамытушы өнерпаз сөз зергерлерінің алдыңғы сапындағы өнер қайраткерлерінің бірінен саналатын дарынды ақын.

Оның туындыларындағы Абай өлең құрылысының іздері мен ақындық тіліндегі көркемдігіне сөз бедерлеріндегі абайлық дәстүрлерді анық көреміз. Саяси - әлеуметтік тақырыптардағы халықтық тұрғыдан толғанатын мұң – шері де Абай поэзиясындағы сарынмен өзектесіп жатуындағы рухани туыстықтың өзінде де айтарлықтай сырлар жатыр.


5. Бақылау сұрақтары:

1. ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының тарихи жағдайы

2. Қоғамдық ой - сананың әдебиетте көрінісі

3. Абай негізін қалаған қазақ әдебиетіндегі халықтық дәстүр

4. Абай шығармаларының жаңашылдығы

5. Сұлтанмахмұт – Абайдың әдеби тіл үшін күресін жалғастырушы

6. Абайтану саласындағы С.Торайғыровтың орны

7. Сұлтанмахмұт – Абай дәстүрін шығармашылықпен дамытушы ақын

8. Сұлтанмахмұт - Абай мұрасын тереңірек танып бағалаған ақын

9. Ақынның Абайдың эстетикалық ойын өз шығармасына батыл ендіруі

10. Сұлтанмахмұттың көркем туындыға қойған шарттары

11.Сұлтанмахмұттың қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері туралы

12. Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылық жолы

№18
1. Сабақтың тақырыбы: „Қазақ” газеті және Абай шығармашылығы



2. Сабақтың жоспары:

1. ХХ ғасыр - қазақ қоғам ой- санасының ояну дәуірі

2. Қоғамдық ой – санаға қозғау салған газет – журналдар

3. „Қазақ” газетінің тарихи - қоғамдық мәні

4. Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай „Айқап”, „Қазақ” баспасөзі

беттерінде мақалалар жарияланды

5. Баспа бетінде әдеби сынның нышан бере бастауы

6. „Қазақтағылардың” Абай мұрасын танып бағалауы

7. А.Байтұрсыновтың мақалалары

8. М.Дулатовтың „Абай”, „Дауқұмар” мақалаларының мәні

9. Н.Төреқұловтың „Әдебиетімізге көз салу” мақаласының мәні
3. Сабақ түрі: Семинар
4. Теориялық мәліметтер:

1905 жылғы революциядан кейін – ақ Ресей қоластындағы отарланған шет аймақтарда ұлттық сана оянып, жаңадан баспасөз орындары пайда болып, көбейе түсті. Осы тұста қазақ азаматтары да қозғалып, қоғамдық ой – санаға қозғау салған газет – журналдар шығара бастады. Соның бірі – «Қазақ» газеті болатын. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының ой – санасында ояну дәуірінің басты сарыны «Қазақ» газетінде көрініс беріп жатты. Абайдың әдеби мұрасын таныту, бағалау, насихаттау жайы да сол кезеңнің саяси - әлеуметтік болмысына сай қазақ қоғамының отаршылдық саясатқа қарсылығынан туындап отырған ұлттық сезім мен кезеңде басылым көрген қазақ тіліндегі газет, журнал және жеке кітап, жинақтардың бәріне ортақ құбылысқа айналып үлгерген де еді.

Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай «Айқап», «Қазақ» баспасөзі беттерінде қазақ әдеби сынының нышаны белгі бере бастады.

Жандана бастаған әдеби сын, әсіресе, Абайдың әдеби мұрасының асыл мұраттарын, ақындық өнер жолын танып бағалау, таныту, насихаттау жолындағы әрекет қанат жая бастады. Осы мәселені қолға алып сөз етуде Ахмет Байтұрснов пен Міржақып Дулатов, Нәзір Төреқұлов т.б. Абай шығармаларының әлеуметтік, халықтық бетін негізгі идеялық бағдарын жұртшылыққа өздері ұстанған ұлттық ояну сарыны тұрғысынан танып, бағалауға жол алды.

А. Байтұрсынов ә дегенде – ақ Абайды оқу үстіндегі өз тәжірибесіне, өзіндік түйсіну сезіміне сүйене отырып аңғартқан бір пікірі – ақын сөзін оқырман атаулының бірден байлап ала алмайтын, тереңдеп бойлап ене бермейтін ерекшелікті ескертуінде жатыр.

М. Дулатов «Қазақта» жарияланған «Абай», «Дауқұмар» мақаласында айтарлықтай мәні бар келелі мәселені көтере білді. Абай мұрасы сол заман бейнесін суреткерлік шеберлікпен сомдаған шындығы, уақыт айнасы.

«Қазақтағылар» Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай ұлы ақын мұрасын танып – білу, насихаттау жолында қоғамыдық ойды алғаш рет саналы түрде бағыттаған ұйымдасу орталығына айналғаны байқалады. Түрлі әдеби кештер туралы хабарлар беріліп, 1913 жылдан бастап Абайға арналған алғашқы мақала, зерттеулерді жиілете жариялауы осының айғағындай.

Абай - әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біз үшін пайдалы екндігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе Абай үшін араб, парсы жолы да ашық еді. Өйткені Абай Шығыстың әдебиеті мен мәдениетін Батыстан кем білмеген. Бірақ Абайдың орыс классикалық әдебиетінің реалистік бағытын ұстанып, бұл жолдың қазақ әдебиеті тағдыры мен болашағы үшін шешуші мәні бар жол екенін кәміл білді. Бұл пікір төңкеріске дейінгі қазақ қаумының ой – санасында Абайдың әдеби мұрасын таныту мен бағалауда сол мұраның бағыт – бағдарын жете танып білген жасампаз пікір болатын



5. Бақылау сұрақтары:

1. ХХ ғасыр - қазақ қоғам ой- санасының ояну дәуірі

2. Қоғамдық ой – санаға қозғау салған газет – журналдар

3. „Қазақ” газетінің тарихи - қоғамдық мәні

4. Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай „Айқап”, „Қазақ” баспасөзі

беттерінде мақалалар жарияланды

5. Баспа бетінде әдеби сынның нышан бере бастауы

6. „Қазақтағылардың” Абай мұрасын танып бағалауы

7. А.Байтұрсыновтың мақалалары

8. М.Дулатовтың „Абай”, „Дауқұмар” мақалаларының мәні

9. Н.Төреқұловтың „Әдебиетімізге көз салу” мақаласының мәні

10. Абай шығармалары туралы сыни пікірлер


№19
1. Сабақтың тақырыбы: Самат Әбішұлының абайтанудағы орны

2. Сабақтың жоспары:

1. Абайтану саласындағы С.Әбішұлының орны

2. С.Әбішұлының Абай шығармаларының жинағын шығаруы

3. Оның „Абай термесі” деген еңбегінің мәні

4. С.Әбішұлының өмірі мен шығармашылық жолы

5. С.Әбішұлы - Абай мұрасын тереңірек танып бағалаған ақын

6. Ақынның Абайдың қара сөздерін өз еңбегіне енгізуі

7. „Абай термесіне” енген Абайдың өлеңдері

8. С.Әбішұлының „Абай термесінің” соңына енгізген өз өлеңі

9. Саматтың Абай өлеңдерімен үндестігі

10. „Абай термесі” туралы М.Әуезовтің пікірлері
3. Бақылау түрі: Реферат
4. Теориялық мәліметтер:
Абай шығармаларының жинағын 1916 жылы Орынборда «Абай термесі» деген атпен жариялаған әрі қаламының ақындық желі бар Самат Әбішұлы.

Революцияға дейінгі дәуір ішінде Абай шығармаларының жинағы деп жалғыз ғана 1909 жылы Петербургте Кәкітай бастырған басылымды атап келеді. Ал кеңестік дәуірде 1922 жылы Қазан мен ташкентте баслыған Абай өлеңдерінің жинағы осы 1909 жылғы жинақты қаз – қалпында қайталап басумен ғана шектеледі. Оларда Абайдың өмірі мен шығармаларынан ешқандай тың деректер берілмеді.

Ал 1916 жылы Орынборда Самат Әбішұлы тарапынан бастырылған «Абай термесі» деп аталатын, яғни бұрын жарық көрмеген Абай шығармалары, тыңнан енгізілген өлеңдер жинағы санға алынса да санатқа қосылмай келді. Шындығына келер болсақ, осы жинаққа енгізілген Абайдың «Бірінші» қара сөзі мен жеті өлеңінен тұратын бұл кітапша ұлы ақын өлеңдерінің революцияға дейін жарияланған екінші жинағы деп аталуға толық негізі бар тамаша жаңа басылым. Екінші жинақты бастырушы Самат Әбішұлы 1909 жылғы Абай шығармаларының тұңғыш жинағыме мейлінше жақсы таныс сияқты. Өйткені өзі жарилап отырған «Абай термесіне» 1909 жылғы тұңғыш жинаққа енбеген өңшең жаңа шығармалардың енуі – осы ойдың айғақты дәлелі десе де болғандай. Өзі құрастырып отырған жинаққа ұлы ақын өлеңдерін бұрын – соңды бастырылмаған соны шығармалар деп жайдан жай айтып отырмаған тәрізді.

«Абай термесінде» жарияланған ұлы ақын өлеңдері жоғарыда аталып өткен көлеммен ғана шектеледі. Самат қолында 1909 жылғы тұңғыш жинақ болған. Бірақ ол жинақтағы көпшілікке танымал өлеңдерді қайта жаңғыртып басуды қажет тұтпай, тек қана беймәлім, көпшілкке әлі де танылмай жатқан Абай шығармаларымен таныстыруды мақсат еткен сияқты.

«Абай термесі» деп аталатын екінші жинақта жарияланған Абай шығармалары текстологиялық жағынан қарағанда, революцияға дейін әр түрлі жағдайда баспа бетін көрген Абай өлеңдерінің бәрінен де биік тұр. «Абай термесіндегі» өлеңдер ұлы ақын шығармаларының бастапқы түпнұсқа қалпын дәлме - дәл қайталайтын ерекшелігімен де айрықша көңіл бөлуді қажет етеді.

Самат Әбішұлы «Абай термесінің» соңынан «Ойлы жұртым» деген сегіз аяқ өлеңінің үлгісімен жазылған өз өлеңін ұсынады. Саматтың Абайдағы «Сегіз аяқ» өлеңіндегі үлгісін жақсы білетіндігі байқалып тұр. Яғни Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңі Саматтың қолында болған. Абайдың бұл өлеңі алғашқы жинақта жариялануы себепті мұны өзі құрастырған жинаққа қайта бастыруды қажет деп таппаған. «Сегіз аяқ» үлгісін ең алдымен Абай маңындағы шәкірт ақындар жалғастырды.

Самат Әбішұлы 1916 жылы Орынборда жариялаған «Абай термесі» жинағы – абайтану тарихында ұлы ақын мұрасын революцияға дейінгі дәуірде қалың бұқараға тарату, насихаттау саласында өзіндік орны бар елеулі еңбектердің бірі. Өйткені революцияға дейінгі қазақ баспасөздерінде жарияланған 1909 жылғы тұңғыш жинақтан басқа әр түрлі жағдайда жарияланып келген ақын өлеңдерінің бәрі бірдей Абай атынан жариялана бермеген. Олардың басым көпшілігі бөгде кісілер атынан жарық көріп келді. Текстологиялық жағынан әрі Абайдың бұрын баспа бетін көрмеген жаңа өлеңдері тұңғыш рет баспасөзде жариялануы жағынан қарағанда, Самат Әбішұлы тарапынан басылым көрген «Абай термесі» түпнұсқасы дәлме – дәл келеді де, 1909 жылғы жинақтан басқа жарық көрген Абай шығармаларының бәрінен де жоғары тұрғаны ешқандай талас тудырмайды, Самат құрастырған «Абай термесіндегі» Абай өлеңдері сөзсіз Мүрсейіт көшірмелерінің біріне сүйенуі себепті абайтану тарихында өзіндік елеулі орны бар ерекше құбылыс. Осы себепті де бұл «Абай термесі» жинағы 1909 жылы жарияланған тұңғыш жинақтан соң, Абай шығармаларының екінші жинағы болып енуімен –ақ жалпы абайтану тарихында өзіндік орны бар елеулі баслым ретінде бағалана бермек.
5. Реферат тақырыптары

1. Абайтану саласындағы С.Әбішұлының орны

2. С.Әбішұлының Абай шығармаларының жинағын шығаруы

3. Оның „Абай термесі” деген еңбегінің мәні

4. С.Әбішұлының өмірі мен шығармашылық жолы

5. С.Әбішұлы - Абай мұрасын тереңірек танып бағалаған ақын

6. Ақынның Абайдың қара сөздерін өз еңбегіне енгізуі

7. „Абай термесіне” енген Абайдың өлеңдері

8. С.Әбішұлының „Абай термесінің” соңына енгізген өз өлеңі

9. Саматтың Абай өлеңдерімен үндестігі

10. „Абай термесі” туралы М.Әуезовтің пікірлері
№20
1. Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасының орыс тілінде танылуы

2. Сабақтың жоспары:

1. Абай мұрасының орыс тілінде танылуы мен зерттелуі – орыс, қазақ халқының

достығының айғағы

2. Абайды танытудағы орыс интеллигенттерінің ролі

3. Абайдың Семейдегі мәдениет өкілдерімен араласа бастауы

4. Ә.Бөкейханов – Абайды орыс қауымына алғашқы таныстырушылардың бірі

5. Нұқ Рамазановтың „Абай Құнанбаев” мақаласы

6. Абай өлеңімен орыс жұртшылығының ресми түрде танысуы

7. 1914 жылы Шығыстану институтында „Әл - Шархият” жинағының басылуы

8. Осы жинаққа енген Абай өлеңдері

9. Абай шығармаларын аударушы ағайынды Белослюдовтар

10. М.Әуезовтің Абай шығармаларын орыс жұртшылығына танытуы


3. Сабақ түрі: Дөңгелек үстел
4. Теориялық мәліметтер:
Ұлы ақынның көзі тірісінде шығармалары өз атынан жарияланбағанын еске алсақ, қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тағдыры қандай жан төзбестік дәрежеде болғанын көрсетеді. Бірақ солай бола тұрса да халықтың көкейкесті арманын жыолаған Абай шығармаларының қазақ даласына төңкерсіке дейін – ақ бірден – бірге көшу арқылы өз атынан, кейде тіпті аты аталмай – ақ халықтық шығарма ретінде таралса, кейде біреулердің атынан, кейде тіпті аты талмай – ақ халықтық шығарма ретінде таралса, кейде біреулердің атынан басылып таралғаны белгілі болып отыр. Тағдыры қызық Абай мұрасына баға беру, таныту мәселесі қазақтың қоғамдық ой – пікірінде ерте кезден – ақ басталғаны сияқты бұл мәселе ге орыс тілінде де ертеден – ақ басталған екен. Тіпті Абайдың әдеби мұрасының бағыты сияқты күрделі мәселеге орыс тілінде тұңғыш рет пікір айту, іш тарта жазу да демократиялық бағыттағы интеллигенттерінің дәстүріне мықтап енген еді.

Абайды танытудағы орыс интеллигенттерінің рөлін сол дәуірдегі демократиялық бағыттағы «Айқап» журналы «Біздің көбімізге Абайдың кім екені де белгісіз. Оның кім екенін бізге орыстар танытып жатыр» - деп , әділ, тарихи шындыққа сай бағалаған. Төңкеріске дейін орыс тілінде жарияланған Абай туралы оннан астам деректерде пікір қозғалуы «Айқап» журналы айтқан ойдың дұрыстығын көрсетеді. Онымен бірге бұл деректерде айтылған пікірлердің Абай мұрасының танылу, зерттелу тарихында өзіндік орны мен елеулі мәні бар.

Абайдың орыс әдебиетімен танысуын біз, көбнесе, оның достарымен қатынасынан бері қарай деп келеміз. Шынында, орыс оқығандарының хабарлауынша, Абайдың орыс әдебиетімен танысуы ертеректен – ақ басталған. Оған Потаниннің Абайдың немере туысы Халиолла туралы айтқаны дәлел.

Абайдың өмірі мен шығармашылық өнеріндегі ерекшелікті орыс қауымына алғаш таныстырушылардың өзі қазақтардың орысша оқып, Еуропаша білім алған дарынды ұлдары Ә. Бөкейхановтан басталып, осы дәстүрді ары қарай жалғастырушылар – Нұқ Рамазанов, Сатылған Сабатаев, қазақ қыздарынан шыққаны Нәзипа Құлжановалар болатын – ды. Атақты ғалым, фольклорист Потаниннің өзі Абайды Белослюдовтар арқылы білген.

Орыс тілінде Абайдың өмірі мен творчествосын топтастырудың тұңғыш қадамын Әлихан Бөкейханов бастады. Бірақ кеңестік заманда Әлихан Бөкейхановтың жазаға ұшырап, ол жазған аса бағалы еңбектердің бәрі де, тіпті оны атаудың өзіне тыйым салуы – соңғы ұрпақтың ол жөнінде мүлде хабарсыз қалуына алып келді. Яғни оның қаламынан туған еңбектің бәрі де ақтандаққа айналып кетті.

Абай өмірбаяны мен өскен ортасы көшпелі өмір бесігінде тербеліп өскен қазақ болмыс ерекшелігі білгірлікпен аша отырып, ұлы ақынның сөз өнеріндегі шеберлік пен шешендік билік өнеріне халық арасында жетілу жолы да қапысыз ашылуы орыс оқырмандарына тосын жаңалық ретінде қабылданды.

Абайтану тарихында Абайдың ақындық өнер мен ислам дініне қарым – қатынасы жайлы аса күрделі мәселеге де тұңғыш рет Әлихан Бөкейханов тарапынан білікті пікір айтылуы сол кезең үшін айтарлықтай жаңалық болумен бірге бүгінгі ұрпақ үшін де мән – мағынасын сақтап отырған танымдық мәні бар пікір деп білеміз.

Орыс жұртшылығы Абай өлеңімен ресми түрде 1914 жылдан бастап таныса бастады. Ал Абайдың 1889 жылғы «Дала уәлаяты» мен 1896 жылғы Алекторовтың бастырған өлеңдері орыс тіліне ауларылып басылғанымен, Абай атынан тарамай, Көкбайдың атымен тараған еді.

Орыс тілінде басылған кейбір деректер ақынның өмірі мен оның орыс достары туралы, өлеңдері мен әндерінің барынша халықтық сипат алып, халықтың рухани дүниесіне сіңісіп кеткені жөнінде нақты мәліметтер берумен ғана шектеледі. Бұл мәліметтердің де Абайды және оның әдеби мұрасын орыс қауымына танытуда елеулі мәні бар.

Абайдың қайтыс болғанына он жыл толғанда Мәскеуден шыққан «Әл - Шархият» жинағында ақынның өмірі мен творчествосын таныстыруды мақсат еткен біраз материалдар жарық көрді.

Абай шығармаларын орыс тіліне аудару жайында В.А. Кудашев қолжазбасы мен ағайынды Белослюдовтардың өзара жазысқан хаттарының елеулі мәні бар. Семейлік ағайынды Белослюдовтар Абай шығармаларын орыс тіліне аударып, орыс қауымынадд



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет