Бақылау сұрақтары
-
Төле би жас кезінде кімнен бата алды.
-
Төле бидің басшылық, шешендік дарыны
-
“Жеті жарғы” ережесін қай билер жұмыла отырып жасады.
4. Халықтық өнердің бірі – шешендік өнер.
Студенттің үй тапсырмасы.
1. Хронологиялық кесте.
2. Реферат
3. Сұрақ – жауап.
-
Конспект.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ – жауап.
2. Сөз жұмбақ шешу.
3.Хронологиялық кесте
4.Халықтық өнердің бірі – шешеендік өнер.
5. Төле би – білікті би, білімдер шешен.
6. Көрнекті мемлекет қайраткері - қаз дауысты Қазбек би.
7. Турашылдығымен аты аңызға айналған Әйтеке би.
4 - ОБСӨЖ (Сабақтан тыс)
ТАҚЫРЫБЫ : ²àçຠõàíäû¹û ä¸óiðiíäåãi ¸äåáèåò (XV - XVIII).
Жоспары :
1. Қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.
2. Жырау және жыршы, жыраулық дәстүр.
3. Жыраулық поэзияның зерттелуі.
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы, негізінде, жыраулық поэзия. Алғашқыда иыр, иырағу- жыр, жыршы сөзінен шыққан жырау аты әрі өз жанынан өлең - жыр шығарушы, әрі бұрыннан қалыптасқан туындыларды-эпостық дастандарды жатқа айтып, ұрпақ санасына жеткізуші, орнықтырушы қызметін атқарған халық поэзиясының өкілі.
Жыраулық поэзия-ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы. Жыраулық поэзия көбіне қазақта кең дамыған ақындық өнердің түрі, оның шығу тегі, көшпелі, жартылай көшпелі өмір сүрген ру, тайпалардың бай мұрасы. Сондықтан жыраулық поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктермен бірге жазба поэзияға тән өрнектер де қатар кемелденген. Жыраулық поэзияда әсіресе бұрын ауыз әдебиетінде көп тараған толғау жанры, сөз үлгілері кеңінен қолданылған. Толғауда, негізінен, терең азаматтық әуен, замана келбеті, ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси, философиялық мәселелер мен тақырыптар ерекше орын алады.
Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері эпостық жырларды шығарушылар, ауызша таратушылар, таратқанда жанына өлең, жыр шумақтарын қосушылар, сәл өзгертушілер, сөйтіп бір эпостың бірнеше нұсқасын тудырушылар болғаны сөзсіз.
Қазақтың ежелгі эпостық жырларының кейбірінде және жекеленген өлең шумақтарында, бірде тарихи құжаттарда жыраулық поэзияның алғашқы өкілдерінің кейде аты, немесе айтқан сөзі кездеседі. Сондай құнды деректердің бірі- жыршы, күйші аңыз кейіпкері Кетбұға (шамамен 1150-1225ж.ж) жайында.
XIV ғасырда жазылған “Шаджарат ат-түрік” (“Түрік шежіресі”) атты кітаптағы деректер мен ел есіндегі аңыздар бойынша Дешті Қыпшақ әмірі Жошы хан нөкерлерімен аң аулап жүріп 1227 жылы қаза тапқанда, Шыңғысханға қаралы хабарды жеткізуге ешкім бата алмаған шақта, әрі жыршы, әрі күйші Кетбұға осы ауыр жүкті көтеруге батыл шығады. Шыңғыс ханды қаралы хабарға әзірлеп алады да , Жошы ханның қайғылы қазасын өзі шығарған “Ақсақ құлан, Жошы хан ” күйімен естіртеді.
Ертеде қазақ жырауларының бірі-есімі түрік халықтарының бірсыпырасына кең жайылған Сыпыра жырау. Оның туған, өлген жылы белгісіз, шамамен Тоқтамыс пен Едіге тұсында өмір сүрген деп саналады, өйткені оның ақыл-кеңестері, бата-болжамдары осы тарихи тұлғалармен байланысты жырларда бар.
Эпостық жырларда Сыпыра жырау ұзақ (180 жас, бірде 230 жас) жасаған қария, қарт, ақылгөй деп әсіреленеді.
“Ер Тарғын” жырында Сыпыра жырау “Ханзада ханның елінде жүзден жасы асқан бір Сыпыра жырау деген қарт бар еді. Сыпыра жырау өз өмірінде тоғыз ханды өткізген, толғау толғап, тоғыз ханды түзеткен еді”, - деп суреттеледі.
XIVғасырдың соңғы ширегі мен XV ғасырдың 60-шы жылдары шамасында өмір сүріп, аңызға айналған, әрі тарихи, әрі замана жайын толғаған өлең-жырлар шығарушы ретінде аты сақталған қазақ жыраулық дәстүрінің алғашқы өкілдерінің бірі-Асан қайғы. Асан туралы аңыз әңгімелер қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ халықтарында сақталған.
Асанның “Қырында киік жайлаған”, “Тақырлауға қонған қаз, тырна”, “Әй, хан, мен айтпасам білмейсің”, “Еділ бол да, Жайық бол”, “Заманыңды жамандап”, “Әділдіктің белгісі”, ”Бұ заманда не ғаріп”, “Көлде жүзген қоңыр қаз”, “Ғылымның пайдасы”, “Атадан алтау тудым деп”, “Жәнібекке айтқан толғауы” әлеуметтік, моральдық, адамгершілік, дидактикалық әуендерге толы.
Асан атына “қайғы” сөзінің жалғасуы қашаннан бері бар екені белгісіз. Бұл сөз Асан өмірі мен іс-әрекетінің, өлең-жыр сырларының негізгі мазмұнын анықтайды, әрі оған халықтың берген жоғары бағасы. Табиғат дарыны, құдіреті дарыған ерекше адамдардың өзгеше қалпына мәнді айдар тағу (Жиренше шешен, Ақан сері, Біржан сал, Бұқар жырау, т. б) – қазақтарға тән ертеден, ежелден келе жатқан құбылыстардың, дәстүрлердің бірі.
XV ғасырдағы қазақ көркем сөз өкілдерінің бірі Қазтуған Сүйіншіұлы туралы өмірбаяндық деректер аз. Қазақ поэзиясында, әсіресе, жыраулық жыр-толғауларда пайда болып, дамытуға бет алған өзін таныстыру, мадақтау дәстүріне сәйкес туған оның өлеңдерінде өмірбаяндық деректер де кездеседі. “Қайран менің Еділім”, “Менен қалған мынау Еділ жұрт...”, ”Ақ ала ордам қонған жұрт”, ”Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт” деуіне қарағанда, Қазтуған Еділ бойында туып, мекендеген. ”Сүйіншіұлы Қазтуған”, ”Анамыз біздің Бозтуған, келіншек болып түскен жұрт”,-деп әкесінің де, анасының да, өзінің де атын өлеңге қосқан екен. Туған жер, ата, ана, тегі туралы өрнектер кейін поэзиялық ғұмырнама жанры дамуына бастама болды.
Қазтуған толғауларында, негізінде, асқақ, жарқын ақындық, жыраулық мәнер басым.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет тарихында Асан қайғы (XVғ.), Қазтуған жырау (XVғ.), Шалкиіз Тіленшіұлы (XVғ. Екінші жартысы – XVIғ. Бірінші жартысы), Доспамбет жырау (XVIғ.), Жиембет жырау (XVII ғ.), Ақтамберді Сарыұлы (XVIII ғ.), Үмбетей Тілеуұлы (XVIII ғ.), Бұқар жырау Қалқаманұлы, Көтеш ақын, Шал Құлекеұлы (XVIII ғ.), тағы басқа ақын-жыраулар мұрасының маңызы зор. Осы бай мұрада қазақ халқының бірнеше ғасырлық көркемдік ойы, сөз өнерлік тәжірибесі жинақталуы арнайы ғылыми жүйеде зерттелуде. Қазақтың сөз өнерінің зерттелуі, қорытындылары, нәтижелері ұлт әдебиетінің көп томдық академиялық тарихы тууына, жазылуына негіз болуда.
Соңғы жылдарға дейін қазақ әдебиеті тарихын зерттеу саясат, идеология қыспағында, талай қаулылырмен шектеуге мәжбүр болған қиын жағдайларда жүргізілсе, енді еліміздің тәуелсіздігі орнығып, дами түсуі кезінде қазақ халқының бай көркем сөз қазынасы жөніндегі ғылым да өрнектеп, биік деңгейде болары хақ.
Бақылау сұрақтары
1. Қазақ хандығы дәуіріндегі ақын- жыраулар мұрасының маңызы.
2. 15ғасырдағы көркем сөз өкілдері.
3. Жыраулық поэзияның зерттелуі.
4. Шоқан Уалиханов қазақ өлнңдерінің классификациясын жасауы .
Студенттің үй тапсырмасы.
1. Хронологиялық кесте.
2. Реферат
3. Сұрақ – жауап.
4. Конспект.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ – жауап.
2. .Қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.
3.Жырау және жыршы, жыраулық дәстүр.
4.Жыраулық поэзияның зерттелуі.
5. Қазақ хандығы дәуірінің әдебиет тарихына Асан қайғының қалдырған мұрасы.
5 – ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ : Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясынан
алатын орны
Жоспары :
1. Жыраулардың қоғамдық - әлеуметтік тұлғасы
2 . Жырау-өз қоғамының бас идеологы.
3. Жырау туындылардың баспа бетін көруі.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы аса бір айтулы мұра, тот баспас асыл, ағынды да, арналы сала – жыраулар поэзиясы.
Негізінен, жаугершілік уақыттарда туып, тарих көшіне ілескен жыраулық өнер “тұлпар мініп ту байлап, жауға шаптым айғайлап” замандардың атыс-шабыс дерегі емес - өткір, өр, сұлу өлең, аруақты бабаларымыздың арманы мен ардағы жатқан сиқырлы жыр дүниесі.
Жырау поэзиясы әдебиеттану ғылымымызда, әдебиет тарихында көркемдік негіздері жөнінен де, әлеуметтік, тарихи мәні жөнінен де жан-жақты қарастырылып, жүйеге түскен сөз өнері.
Қазақ әдебиетіндегі жыраулар өмірнамасының пайда болу, туу себептері, оның толығу, даму, кемелдену кезеңдері; жекелеген жыраулардың өмірбаян деректерін жүйелеп, шығармашылық мұрасының сақталу, басылым, зерттелу жайы жөнінен, жырау поэзиясының көркемдік өзгешіліктері ұзақ жыл бойы қазақ әдебиетінің бар мұрасын жиып, бағалап, саралап, бастырудың тұтас шаруасының аясында қамтылып келген іс.
Қазақ әдебиетінің жүздеген, тіпті мыңдаған жылдық тарихы бар асыл мұрасының жасау тарихын жекелеген жыраулардың қазақ әдебиеті тарихындағы орны жайлы тұжырым, тоқтамдарды ілгеріде өткен, бәрі де жасаған, қазіргі уақыттағы Ш.Уәлиханов, В. Радлов, Х. Досмұхамедұлы, А. Байтұрсынов, М.Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Марғұлан, Б. Кенжебаев, Е. Смайылов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, Х. Сүйіншәлиев, З. Ахметов, Р. Бердібаев, Ә. Дербісалин, Р. Сыздықова, М. Мағауин, К. Келімбетов, М. Жолдасбеков, С. Негимов, Ә. Әбілқасымов, С. Дәуітов, Ш. Қуанғанов, т.б. ғалымдарымыздың еңбектерінен табамыз.
Қазақ поэзиясын ең алғаш классификациялаған Шоқан Уәлиханов қазақ өлеңін: жыр, жылау (жоқтау), қайым (айтыс) қара өлең, өлең деп беске бөлді. Жырау деген сөздің алғаш тасқа басылып берілуі де осы Шоқан зерттеуі сияқты. Осы зерттеуде Шоқан мадақ өлең естірту түрлерін атады.
Түркі халықтарының мәдениет үлгілерін жинап, бастырушы әрі ғылыми жүйеге алғаш түсіруші В. Радлов қазақ өлеңінің тақырыптық, мазмұндық жақтан жіктеп отырып қайсыбір көркемдік өзгешеліктерін де нақты айқын тұжырымдайды.
Қазақтардың бүкіл өлеңдерінің түп негіді ретінде қазақтар өздері “өлең” және “жыр” деп айтатын екі түрлі өлең Турін қабылдауға болады.
Халел Досмұхамедұлы жиырмасыншы жылдары, халық әдебиеті үлгілерін мазмұн, мән, сипат жағынан клавссификациялап келіп оның бір түрі болжал өлеңдер екенін айтады. Оның шу басында Жәнібек хан тұсында өмір сүрді делінетін Асан қайғы тұрады деседі.
Х. Досмұхамедұлы Асанның Жәнібекке айтқаны дейтін толғауды талдайды.
Поэзияның билер сөзі, ұтымды да тапқыр жауапты түрі бар ол билік сөз дейді. (Жырау көсем, би, т.б. деген тұжырымдардың бұрынғы сол негіздерде жатыр – Қ. М.).
“Насихат” – поэзиясында қазақтардың дүние, тіршілік туралы таным-түсінігі, не жақсы, не жаман, не дұрыс, не бұрыс дегендер көрінді.
Насихат жырларында қазақтардың адамшылық пен ізгілік туралы барша таным-түсінігі алақанға салғандай анық көрініс тапқан.
Х. Досмұхамедұлы жасаған қазақ халық әдебиетініңклассификациясында үгітшіл, ғұмырнамалық өлім алдындағы өсиет өлеңдер, батырлық жырлар, тарихи жырлар, т.б. сол уақытқа сақталып жеткен, жасап отырған әдебиеттің бар түрі қамтылып айтылады. Сөз жоқ, ол жіктеулердің жырау поэзиясы деп аталып қарастырылмағанымен, жырау поэзиясына қатысты тұстары да аса мол.
Ахмет Байтұрсынов “Әдебиет танытқышта” (1926) жыр түрлеріне қатысты толғау, терме, тақпаққа анықтама береді, ерекшеліктерін ажыратып айтады.
Толғау қысқасын айтқанда, іші қазандай, қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі,
Терме (яки түрлі өлеңдер). Терме деп ат қойылуының мәнісі – бұл түрлі шығармалар бір нәрсенің жайынан сөйлеп тұрғанда көп нәрсені теріп, сөз қылып етеді.
Тақпақ. Салт санасына сәйкес пікірлерді келтесінен келтіріп, өлең түрде ұйқвастырып айту тақпақ болады.
А. Байтұрсынов толғауды бірнеше түрге: сап, марқайыс, қалыс, намыс, сұқтаныс, оймалдау, сөгіс тлоғау деп бөледі. Таза толғаудан аз, әр түрлі аралас болатынынын айтады. Толғаудың тысқы, ішкі сырты легенді ұғындырады. (Кейінде Мұхтар Мағауин бәрінің басон қайырып, ой-толғау деп ажыратады – Қ. М.).
Мухтар Әуезов қазақ әдебиеті тарихындағы жыраулар поэзиясының орны, жыраудың әлеуметтік тұлғасы жайлы алғаш мақсатты, арнайы еңбек жасады. “Әдебиет тарихы” (1927) оқулығында жырау кім, оның айтқаны мен айтпағы не еді, жыраудың міндеті мен өлеңшілік шарты жөнінен жан-жақты сөз қозғады. Асан мен Бұхар жырауға арнайы тоқталды. Бұл зерттеуде әдебиет тархындағы жырау тұлғасын ашудың ғылыми негіздері жасалды.
Жыраудың негізгі міндеті өлеңшілік емес, елге басшылық істеп, басалқа айту.
Ол – алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманының сыншысы, қырағысы.
Өз елінің не биі, не батагөйі.
Елді меңгерген хан мен бектің ақылшы уәзірі. Хан шеше алмаған түйінге шешу сөз айтқан.
Тыныштық заманда қиюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырушы бітімші би.
Қысылшаң заманда жол табатын, бет нұсқайтын кемеңгер кереген.
Оның сөзі өтімді, өткір, асыл өлең өлшеуінен шыққан сөз. Толғау мен тақпақ.
Көпке айтқан сөзі ел мұңы, ел қамы. Сөздердің барлығы әлеуметшілдік сарынмен айтылады.
Жырау заман сыншысы,
Ақылшы. Үгіт, өсиет айтады.
Керек кезінде ханның да, қараның да қатал тезі.
М. Әуезов Бұхар жырау шығармаларындағы басты сарын, негізгі күй төңірегінде ең алғашқы байлам, тұжырымды жасады. Жыраудың әдебиет тарихындағы бағасын берді, тұғырын тиянақтады.
1929 жылы “Еңбекші қазақ” арқылы халыққа хат жолдап, әдеби мұраны мақсатты түрде жиып, теруді, жариялауды, зерттеуді қолға алған Сәкен Сейфуллин қазақ жыраулар поэзиясының әдебиет тарихына орнығуында, әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына айналуында өлшеусіз орны бар іс атқарды.
Жыраулар мұрасы, негізінде, халық ауыз әдебиеті үлгілері ішінде қарастырылып келеді.
Сәбит Мұқановтың 1942 жылы шыққан “Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” еңбегі әдебиет тарихын жасаудағы, әдебиеттану ғылымындағы биік белес. Еңбектің әдебиет тарихындағы барша құндылығын айту – кең әңгіме. Тек жыраулар поэзиясына қатысты қарастырғанның өзінде С.Мұқановтың еңбегінде Бұхар жыраудың шығармашылық мұрасы, өмірбаян деректері алғаш рет ғылыми жүйеге түсті.
С. Мұқанов еңбегінде қазақ жырауларынан Үмбетейдің, Ақтамбердінің, Нысамбай, Балғожа жыраулардың аты аталады. С.Мұқанов Мұрат ақын қазақтың көне жыраулары Қазтуған, Шалкиіздің өз жырлары деп берген толғаулар туралы тұжырым жасайды.
Қажым Жұмалиев жыраулық өнер, оның көркемдік сипаттары; Бұхар жыраудың шығармашылық мұрасының негіздерін біршама қарастырады. Жыраулар мұрасының зерттелу тарихына тоқталды. Ал жырау болудың ең басты шарты ырғағы бар, ұйқасы бар өлең шығара алуы екенін айтты: “Екіншіден, жыраудың сөздері терең мағыналы, сырты сұлу келген шешендік сөздер тобына жататын тақпақ болып келуі керек. Үшіншіден, әлеуметтік мәні бар ойлы пікір айтуы керек. Сонда ғана жыраудың міндетін атқара алады”. Ғалым Бұхар шығармаларынан ұйқас, буын, көркемдік негіздер жөнінен талдауында жалпы жыраулар поэзиясына да қатысты бірнеше түйінді тұжырымдар жасады.
Е. Ысмайылов “Ақындар” монографиясында жырауларды әдебиеттің көне өкілі дейді. Олардың шығармаларының басты ерекшелігі, тақырыбының, сарынының бірыңғайлылығы екенін баса айтады. Негізінде олардың шығармаларында адам мұңы, қайғы-зар, өткен-кеткен жайларға, күйлерге бойлау, батагөйлік, шешендік басым. Бұл жыраулар поэзиясының дәстүрлі сипаты.
Х. Сүйіншәлиев жыралар поэзиясының қазақ әдебиетінде өріс алған кезеңі деп 14-16 ғасырларды атайды. Ғалым жыраулар поэзиясының толғау, терме, өсиет, өнеге түрлерінде келетінін, ерлік, мадақ жырлардан, арнаулардан тұратынын ажырата қарастырады.
Х. Сүйіншәлиев “Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері” (1967) монографиясында қазақ жыраулар поэзиясын әдебиетіміздің жеке мұрасы ретінде ғылыми-деректік жақтан алғаш рет жүйелеп берді. Осы орайда қазақ әдебиетіндегі жыраулық өнер аса айқын көрінген, даусыз жасаған қазақ хандығы дәуірі туралы, сол дәуірдің әдебиетін белгілі бір жүйемен, ғылыми негізбен қарастыруды, зерттеуді жолға қойған ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың еңбегі өлшеусіз.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті Мұхтар Мағауин түбірімен түбегейлі, індете зерттеді.
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетті осыдан отыз жылдан астам бұрын жан-жақты қарастырып, жүйелеп, зерделеген, көпшілік жыраудың ғұмырбаян деректерін тұңғыш рет жұртшылық назарына ұсынған ғалым М. Мағауин жыраулар поэзиясын қарастыруда толымды, түбегейлі еңбек тындырды. Ғалымның жыраулар поэзиясының туу, жасау себептерін тарихи жағдай мазмұн, мән жағынан тайға таңба басқандай, жіліктеп, жіктеп отырып, сол жайларды енді әдебиеттің, поэзияның көркемдік заңдылықтарымен қос-қабат қарастыруы, негіздеуі қазақ әдебиеттану ғылымының айтулы табысы.
Ғалым Немат Келімбетов “Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ жыраулары” атты зерттеуінде (Ежелгі дәуір әдебиеті) мынадай түйіндер жасайды: “15-18 ғасырларда өмір сүрген қазақ жыраулары поэзиясындағы әлеуметтік және дидактикалық сарындардың түп-төркіні ежелгі түрік әдебиетінде жатқанын аңғару қиын емес”.
Жырау туындылары 19 ғасырдың екінші жартысынан бері мынадай жинақтарда баспа жүзін көргенін айтуға болады.
Бақылау сұрақтары
1. Жырау деп кімді айтамыз?
2. Жырау деген сөздің алғаш тасқа басылып берілуін кім зерттеген?
3. Қазақ поэзиясын ең алғаш классификациялаған кім?
Студенттің үй тапсырмасы.
1. Хронологиялық кесте.
2. Реферат
3. Сұрақ – жауап.
4. Конспект.
Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ – жауап.
2. Сөз жұмбақ шешу.
3. Жыраулардың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы
4 . Жырау-өз қоғамының бас идеологы.
5. Жырау туындылардың баспа бетін көруі.
№ 6 - ОБСӨЖ (Сабақтан тыс)
ТАҚЫРЫБЫ : Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері
Жоспары :
1. Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың
өзіндік ерекшеліктері.
2. Қазақ қоғамында жыраулардың алатын орны.
3. Жыраулар пэзиясының дара табиғаты, тақырыбы ерекшеліктері.
4. Жыраулар поэзиясының негізгі сарыны.
Қазақ жырауларының қай уақыттарда жасап, олардан қалған мұраның қалай сақталып жеткені, қандай қалыпта екендігі туралы ғалымдарымыздың еңбектерінен көп мәліметке қанығамыз.
Махмұт Қашқаридің сөздігінде Шөже дейтін жыраудың аты аталады. Ол 11 ғасырда көшпелі түріктерден шығып, көп жыр білген жыршы болыпты.
9 ғасырда аты жеткен Қорқыт түрлі деректерде 13 ғасырда жасаған Кетбұға, 14 ғасырдан Сыпыра жырау аталады.
Қытайда тұратын Зейнолла Сәнік “Тарих тұнығы тереңде” атты зерттеуінде (“Жұлдыз”, №3. 1993) қытай жазуында жазылып қалған сақтар мен ғұндардың; түркілердің әдеби мұрасы жайлы айтты.
Осы тұста Мағауиннің мына бір тұжырымы ойға оралады. “Қазақ әдебиеті қазіргі Қазақстан жерін жайлаған тайпалар туғызған бай рухани қазынаның заңды мұрагері еді. Ол өзіне дейін ғасырлар бойы жасаған мұрадан нәр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, соны соқпақ сараптар қалдыру нәтижесінде кемелденді.
“... Халықтың рухани өмірінде жетекші орынға шыққан поэзия әлденеше ғасыр бойы қазақ әдебиетінің жай ғана көшбасшысы ең басты жанры қызметін атқарды. Ал осы кезеңдегі Қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген, сөз өнерінің жетекші өкілдері - жыраулар болды. Қазақ жыраулары 15-18 ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасады”.
Жырау кім? Оның өз қоғамда алған орны қандай еді? Жырау өнері қандай жағдайларда туып, қалай көрінеді, қай түрге (өлеңнің) қатысты не жайларды қамтыды, жырау қай кезеңдерде жасап, қай уақытта қоғамдық, әдеби өреден ығысты деген мәселелер, сөз жоқ, жырау поэзиясының табиғатына, жыраудың алабөтен айрықша қоғамдық статусына алып барады. Жырау поэзиясының көркемдік сипаттарын ашады, ғылыми негіздерін жүйелейді.
Зерттеушілер қазақ атымен аталатын әдебиеттің жасай бастаған уақытын қазақ хандығы құрылған уақытпен сабақтастырады. Бұл әдебиет, жыраулар поэзиясы түрінде жасады.
Белгілі бір себептерге орай қазақ әдебиеттану ғылымында жырау кім, жыраудың әлеуметтік тұлғасы, жыраулар мұрасының негізгі сарындары, жырау поэзиясының көркемдік негіздері дейтін мәселелер сол қазақ хандығы дәуірінде (15-18 ғасырлар) жасаған қазақ әдебиетінің өкілдері, әдеби мұраның негізінде қарастырылып келеді.
Бұл дәуір поэзиясы бізге ата қоныс, құт мекеннен ауа көшудің қасіретін; қырық жыл қырғында ат үстінен түспеген жауынгердің жан мұратын; ел басқарған хандардың тура тартқан тұсы мен бұралаң бұрылыс – қате кеткен шалғайларын, т.б. толып жатқан, жазба тарихқа ауыс түскен құдырет шындықтарын қаз-қалпында жеткізді.
Қазақ қоғамында Жыраудың атқарған ісі көп; алған орны алабөтен. Көркем сөзді сүйеніш еткен өнерпаздың қазақ тарихында әсіресе аса бір беделді, аса бір өтімді болған тұсы Қазақ хандығы дәуірі болды.
Әрине, жырау, ең алдымен ақын. Өз жанынан өлең шығарушы. Және соны белгілі бір күй аспабы мен орындаушы ... Яғни күй әуенін туғызушы Сазгер. Жырау бұл өнерінің барлығын белгілі бір мақсатқа бағыттап отырды. Өз қоғамының, қазақ мемлекетінің ішкі-сыртқы жағдайларына: ел басқарған хандардың ісіне, айнала көрші елдермен қарым-қатынас саясатына, сырт жаулармен соғыста бірлік, ерлік жайына, ел ішінің бітім-шар тұтастығына, жеке адам тірлігіндегі дүние кезеңдеріне, ұрпақ тәрбиесіне т.б. мәселелерге бағыттады; қазақ қоғамының моральдік, провалық, діни нормаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру ісіне араласты. Жырау поэзиясы ежелгі түркі әдебиетіне тән жалпы өсиет, шеңберінен шығып, қоғамдық әлеуметтік ой-пікірлерді білдіретін, тұтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой ағымына айналды.
Сол себептерден де жырау - өз қоғамының бас идеологы. Бұл миссия қазақ хандығы дәуірінде аса айқын көрініп; қазақ хандығы жойылып, билік жүйе өзгергенде аяқталды. Жалпы, жыраудың әлеуметтік статусы, қоғамдық тұлғасы қазақ мемлекетімен аса байланысты құбылыс. 18 ғасырдың аяғында, қазақ хандығы жойылған тұста жыраудың әлеуметтік сипатының бірталайы тарих сахнасына көшті. Жыр түрі, үгіт, өнеге, ел қамын жеу, т.б. құбылыстар, сарындар сақталғанымен, негізгі жырау қызметі – мемлекет, қоғам ісін басқаруға – реттеп отыруға қатысу аяқталды.
Әрине, жыраулық өнер, оның табиғатын танытар басты сипаттар әлде де ғылыми тұрғыда негізделе береді. Сонымен бірге басы ашық, әдебиеттанушы ғалымдарымыздың барлығында да қажет, қисынды ой, тұжырым аз емес. Соның бұлтарпас басты айғағының бірі – ол жырау поэзиясында жаугершілік заман сарыны жатуы. Яғни, жырау поэзиясы – жауынгерлік эпос.
Қаһармандық жырларды туғызушылар – жыраулар. Бұған бір қисынды дәлел – батырлар жырындағы өлең өлшемінің жыраудың өлең ерекшелігімен аса ұқсастығы.
Сырт жауларға қарсы күрес, елдің сыртқы, ішкі жағдайы түскен саяси ахуал көрініс беріп жататын; қаһарман жауынгердің тұлғасы соғыс сәтінде сомдалған ерлік жырларда туғызушы Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Қожаберген, Ақтамберді, Бұқар, Үмбетай, Тәттіқара жыраулар емес еді деп айта алмаймыз.
Жыраулар өнернамасының негізінде біздің әдебиетімізде қазақ халқының қилы кезеңдердегі тағдыр-талайы, ел басқарған ұлы хандар тұлғасы, олардың төңірегіндегі ер жастанып жатып, қырық жыл қырғынның ортасында жүріп, халқының азаттығы мен ар-намысын қорғаған Дарабоз батыл тұлға-тұғырлар жайлы толып жатқан батырлық жырлар, дастандар, аңыз-әңгімелер, шежіре хикаялар, шешендік ағындар қалды. Әдебиетіміздің көп асылы, үлкен томдары осы дәуірлерде туды.
Үмбетай жырау қазақ әдебиетінде Алатаудай Ақша батырдан асып, болат туған Бөгембай бейнесін сомдады. Тәттіқара әр елдің атақты батырын дәріптейді. Қожаберген елінің күйініш, тілегі солар екенін толғайды...
Жырау – қаһармандық эпосты туғызушы, батырлар бейнесін сомдаушы ғана емес, қолбасшы батыр. Оның шығармаларының басты жауынгерлік рух, ұлт-азаттық, бостандық арман.
Жырау поэзиясының негізгі сарындары ұлт-азаттық күрес, заман күйі, ұрпақ тәрбиесі, пенделік ғұмырдың жеке бас көңіл-күйі, адамның жас шамасы, опасыз жалған дүние-тірліктен табар тиянақ-тұғыр, т.б. жайлар. 15-18 ғасырлар арасында жасаған жыраулардың шығармаларынан осы сарындарды ұшыратамыз.
Жырау поэзиясындағы басты сарындардың бірі – туған жер, ата қоныспен қоштасу, қымбатын жоқтау, қимасын аялау. Бұл сарын сонау қазақ хандығы құрылудың алдындағы өткен тарихи жағдайлардан күйін шерткен беріде Бұқарды алаң көңіл еткен, онан беріде Дулатты аһ ұрғызып, Мұратты мұңға батырған, Нарманбетті нар түйедей шөктірген зар еді.
Туған жермен қоштасу сарыны, қоныс мекен жайы сонау 15 ғасырдағы Асан жыраудан бар. Осы сарын әсіресе 17 ғасырға шейінгі жыраулар мұрасында басым көрінеді.
Еділ менен Жайықтың
Бірін жарға жайласаң,
Бірін қыста қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!...
(Асан)
Жырау поэзиясының басты сарындары туралы жалпы сөзбен басын қайырып айта салу мүмкін емес. Әр жыраудың әрбір жеке шығармасының ішіне еніп, сезіне білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |