Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау



бет2/7
Дата24.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#12785
1   2   3   4   5   6   7

БІРІНШІ АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ







Тақырыптар

Ұпайлар

Бақылау түрі

1

Қазақ хандығының құрылуы

3.б.

Консультация

2

Қазақ хандары.


2.б.

Коллоквиум

3

Ел бірлігін жоғары көтерген билердің қазақ тарихынан алатын орны


2.б.

Ой бөліс дабат

4

Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

(XV – XVIII).




2.б.

реферат

5

Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны


2.б.

Коллоквиум

6

Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері


2.б.

глоссарий

7

Қазтуған жырау(XV).


2.б.

Конспект

8

Асан қайғы (XV ғасыр).


2.б.

Реферат

9

Асан қайғы – аңыз кейіпкері


3.б.

Ой бөліс дебат

10

Асан қайғы - XV ғасырдағы бүкіл Дешті қыпшақтың ірі жырауы

2.б.

Ой бөліс дебат

11

Доспамбет жырау (XVI ғасыр.).

2.б.

Коллоквиум

12

Шалкиіз жырау (1465 - 1560).

2.б.

Реферат

13

Шалкиіз жыраудың Би Темірге айтқан троғаулары


2.б.

Конспект

Сұрақ – жауап



14

Шалкиіз жыраудың философиялық

ой-толғаныстарынан туған афористік сөздері




2.б.

Тест

І аралық 15 + 15 ұпай



1 - ОБСӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ

Қазақ хандығының құрылуы.

Жоспары :

1. Алғашқы қазақ хандары.

2. Осы кезеңдегі қоғамдық, әлеуметтік, саяси жағдай.

3. Ел бірлігін жоғары көтерген Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қазақ

тарихынан алатын орны.

14-15-17 ғасырлардағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар осы аймақтардың жүзжылдық материалдық, рухани өмірі мен тарихына әсер еткен. Монғолдар ұлыстарына бағындырылған халықтардың бірнеше ғасырғы үстемдікке қарсы тәуелсіздік жолындағы күрес толқындары Шыңғыс ханның (1155-1227) үлкен баласы Жошы ордасын әлсіретіп, оның мұрагері Батый негіздеген Алтын Орда мен оңтүстік жақтағы шағатайлықтар мемлекетінің ішараздықтарын өршітті. Түркі тілдес тайпалардың өз мемлекетінің құралу процесі аяқталуға бет алды. Монғол езушілігінің ауыр экономикалық салдары сейіліп, шаруашылықтың бірнаға түсуі мен қоғамдық-саяси қарым-қатынастарда белгілі бір алға басушылықтар нәтижесінде бірнеше мемлекет – Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай ордасы, т.б. пайда бола бастаған.

Дешті-Қыпшақта сонау 13-15 ғасырларда монғолдардан кейінгі дәуірде Ақ Орданың өз алдына мемлекет болып тұру тарихы да қиындықтар мен күреске толы болыпты. Оның едәуір көтерілген дәуірі – 14 ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орыс хан билеген кезі. Алайда, сол уақытта Ақ Орданың өз тәуелсіздігін сақтап қалуы үшін тағы Әмір-Темір басқыншыларымен де бірнеше жыл күресуіне тура келген.

Түріктендірілген монғол тайпасы – барластан шыққан Әмір-Темір (1336-1405) 14 ғасырдың 60-жылдары Мәуереннахрдегі феодалдық келіспеушілік – тайталастар кезінде Орта Азияны өзіне бағындырып, 35 жыл бойы үстемдік еткен. Оның қанды жорықтарына қазақ жерінің де іліккені, жандайшабы Тоқтамысқа Ақ Орда бағындырылғаны, жергілікті күш пен әскери қорға сүйенген ол Темірдің ықпалынан шығуға тырысуы, Тоқтамыс пен Едіге арасы, Темірдің үлкен үш жорығы нәтижесінде 1395 жылы Алтын Орданың құлауы, үздіксіз шапқыншылық жорықтарының нәтижесінде Темір иелігінің Мәуереннахр, Түркістан, Хорезм, Иран, Ирак, Ауғанстан, Закавказьеге жайылғаны, 1402-1405 жылдары Қытайға аттанған кезде Ақсақ Темірдің 1405 жылы Отырарда өлуі – осының бәрі де тарихтан белгілі. Темірдің қазақ жерінде болуының айқын көріністерінің бірі – Ясы (Түркістан) қаласында Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдыртуы.

Темір жорықтарынан әлсіреген Ақ Орда бұрынғы Орыс ханның немересі Барақ 1423-1428 жылдары билік еткенде едәуір еңсесі көтеріле бастайды, бірақ Барақ өлтіріледі. Ақ Ордаға Дәулет-Шайх-Олған баласы Әбілхайыр хан етіп сайланады. Ол қырық жыл бойы ұлан-байтақ шығыста Жайықтан Балқашқа дейін, оңтүстікте Сырдарияның төменгі маңы мен Арал теңізі жағы және солтүстікте Ертістің орта ағысына дейінгі жерді мекен еткен халықтарды билейді.

16 ғасырда қазақ халқы өзінің этникалық территориясында әбден орнығып, қазақ елі атанып, дамудың жаңа сатысына көтерілуге бет алады, жазба деректерде “Қазақстан” терминімен атала бастайды.

“Дәшті-Қыпшақтың бұл кездегі әміршісі Әбілхайыр хан еді. Әбілхайыр Жошы әулетінен тараған сұлтандарға көп теперіш көрсетті, сондықтан олардың екеуі – Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанға ауып кетті. Иса-Бұға хан оларды меймандостықпен қабылдап, иеліктеріне Моғолстанның батыс бөлігіндегі Шу, Қозы-Басы деген жерлерді бөліп берді”,- деп жазады Дулат руынан шыққан атақты тарихшы Мұхаммед Хайдар қазақ хандығының құрылуы хақында.

Қазақтың екінші бір тарихшысы Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл деректерді толықтыра келіп, қазақтардың Әбілқайыр ұлысынан бөлінуіне сылтау болған жайды баяндайды.

Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы - әділ төреліктері үшін Ақжол атанған Дайырқожа деген би екен. Осы Дайырқожа мен ханның тағы бір сүйікті адамы. Қара Қыпшақ Қобланды батыр қас бопты. Бұлар іштей жауласып жүргенде бір күні далада оңаша кездесіп қалады да, Қобланды батыр Дайырқожаны өлтіреді. Алайда Дайырқожаның жақтасы Әз-Жәнібек мұны біліп қойып, халықтың ескі салты бойынша қанға қан алмаққа Қобландының басын сұрапты. Қобландыны берсе қалың Қыпшақ бүліншілік шығаратын болған Әбілхайыр Жәнібекке үш кісінің құнын алып бітіс депті. Жәнібек бұған көнбей бөліне көшкен екен.

Дайырқожаның әкесі Қодан-тайшының қаза болған ұлының сүйегін айналып жүріп жылағанда айқан жыры сақталған. Жыр өте көркем: бояуы қою, суреттері ашық.

Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!

Сексен асып таянғанда тоқсанға,

Тұра алмастай үзілді ме жұлыным

Адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының!

Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың,

Қара Қыпшақ Қобландыда не бар еді құлыным!

Қодан тайшының мұрасынан біздің дәуірімізге жеткені осы-ақ. Алайда оның кезінде алты алашқа мәшһүр даңқты ақын болғандығы аңғарылады.

XIV - XV – XVIII ғасырлардағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар осы аймақтардың жүзжылдық материалдық, рухани өмірі мен тарихына әсер еткен. Монғолдар ұлыстарына бағындырылған халықтардың бірнеше ғасырғы үстемдікке қарсы тәуелсіздік жолындағы күрес толқындары Шыңғыс ханның (1155-1227) үлкен баласы Жошы ордасын әлсіретіп, оның мұрагері Батый негіздеген Алтын Орда мен оңтүстік жақтағы шағатайлықтар мемлекетінің ішараздықтарын өршітті. Түркі тілдес тайпалардың өз мемлекетінің құралу процесі аяқталуға бет алды. Монғол езушілігінің ауыр экономикалық салдары сейіліп, шаруашылықтың бір арнаға түсуі мен қоғамдық-саяси қарым-қатынастарда белгілі бір алға басушылықтар нәтижесінде бірнеше мемлекет – Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы, т.б. пайда бола бастаған.

Дешті-Қыпшақта сонау XIII-XV ғасырларда монғолдардан кейінгі дәуірде Ақ Орданың өз алдына мемлекет болып тұру тарихы да қиындықтар мен күреске толы болыпты. Оның едәуір көтерілген дәуірі - XIV ғасырдың 60-70 жылдарындағы Орыс хан билеген кезі. Алайда, сол уақытта Ақ Орданың өз тәуелсіздігін сақтап қалуы үшін тағы тағы Әмір-Темір басқыншыларымен да бірнеше жыл күресуіне тура келген.

Түріктелінген монғол тайпасы – барластан шыққан Әмір Темір (1336-1405) XIV ғасырдың 60 жылдары Мауреннахрдегі феодалдық келіспеушілік – тайталастар кезінде Орта Азияны өзіне бағындырып, 35 жыл бойы үстемдік еткен. Оның қанды жорықтарына қазақ жерінің де іліккені, жандайшабы Тоқтамысқа Ақ Орда бағындырылғаны, жергілікті күш пен әскери қорға сүйенген ол Темірдің ықпалынан шығуға тырысуы, Тоқтамыс пен Едіге арасы, Темірдің үлкен үш жорығы нәтижесінде 1395 жылы Алтын Орданың құлауы, үздіксіз шапқыншылық жорықтарының нәтижесінде Темір иелігінің Мәуереннахр, Түркістан, Хорезм, Иран, Ирак, Ауғанстан, Закавказьеге жайылғаны, 1402-1405 жылдары Қытайға аттанған кезде Ақсақ Темірдің 1405 жылы Отырарда өлуі – осының бәрі де тарихтан белгілі. Темірдің қазақ жерінде болуының айқын көріністерінің бірі – Ясы (Түркістан) қаласында Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салдыртуы.

Темір жорықтарынан әлсіреген Ақ Орда бұрынғы Орыс ханның немересі Барақ 1423-1428 жылдары билік еткен едәуір еңсесі көтеріле бастайды, бірақ Барақ өлтіріледі. Ақ Ордаға Дәулет-Шайх-Олған баласы Әбілқайыр хан етіп сайланады. Ол қырық жыл бойы ұлан-байтақ шығыста Жайықтан Балқашқа дейін, оңтүстікте Сырдарияның төменгі маңы мен солтүстікте Ертістің орта ағысына дейінгі жерді мекен еткен халықтарды билейді.

XV – XVI ғасырларда ежелгі қазақ жерінде Қазақ хандығының қалыптасу процесі тәмәмдала бастады, әр тараптан ру, тайпалардың өзара жақындасуы, бірігуі жиіленіп, халық ретінде ұйысып, ортақ тіл, жазу үдей түсті. “Қазақ” атауы орнығып, тарихи құжаттарда да, көрші елдер де осы аймақ тұрғындарын “қазақтар” дейтін дәрежеге жетті.

Мұхаммед Хайдар Дулатидың “Тарихи-Рашиди” аталатын еңбегінде және басқа құжаттарда “қазақ” атауы, термині әуелде Барах ханның ұрпақтары-ағайынды Жәнібек пен Керей бастаған рулар мен топтардың бөлінуіне байланысты туған.


  1. Бақылау сұрақтары

  1. Қазақ хандығының құрылуы.

  2. 14-15 ғасырларда қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар.

3. Алғашқы қазақ хандары.

4. Осы кезеңдегі қоғамдық, әлеуметтік, саяси жағдай.

5. Ел бірлігін жоғары көтерген Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің қазақ тарихынан

алатын орны.



2. Студенттің үй тапсырмасы.
1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.


3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ – жауап.

2. Сөз жұмбақ шешу.



  1. Қазақ хандығының құрылуы.

  2. ХІV-ХVғасырларда қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар.

  3. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық әлеуметтік саяси жағдай.

  4. Қазақ хандығының негізін салушылар.


2 - ОБСӨЖ (сабақтан тыс)

ТАҚЫРЫБЫ: ²àçຠõàíäàðû.

Жоспары:

1. Қазақ хандығының пайда болуына негіз болған себептер.

2. Қазақ хандарының хандықтың дербестігін сақтап қалудағы ролі.

  1. Қазақ мемлекетінің экономикалық және ішкі жағдайын реттеуге

бағытталған реформалары.
Теориялық мәлімет

Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз болған обьективті себептер: Дешті Қышпақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы.

Хандықтың негізін салушылар – Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек.

16 ғасырдағы қазақ хандығы. 16 ғасырда қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым ханның тұсында қазақ хандығында ішкі қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық жағынан нығаюы, шекараның ұлғаюы.

Алғашқы қазақ ханы – “Қасым ханның қасқа жолы” жасалуы.

16 ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі. Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы және Орта Азияның сауда орталықтарына шығуы.

17 ғасырдағы қазақ хандығы. Есім ханның орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында Оңтүстік шекараларының кеңеюі. деп аталатын заңның сипаты.

17 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы. Тәуке хан билік құратын кезеңде (1680-1717) халықтың бірлік ынтымағының арта түсуі.

Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары.

Қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер жасаған “Жеті жарғы” заңының жасалуы.

17 ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылуы. Қазақ-жоңғар қатынастары.

Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде қазақ хандығының әлсіреуі. Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық жорығы.

1710-1711, 1717, 1723-1725, 1740-1742 жылдарда қазақ жеріне жасалған жоңғарлардың жорықтары.

Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетінің күйреуі. Жоңғар қалмақтарына күйрете соққы берген қазақ батырларының жеңісті жорықтары.

Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың ролі.

Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалудағы Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру, дипломатиялық шеберлігі.

Абылай ханға, жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған қазақ батырларына арналған поэзиялық туындылар. Осы шығармалардағы Абылай бейнесі.

Ежелгі түркі поэзиясының жаңа қоғамдық саяси жағдайлардағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.

“Дәшті-Қыпшақтың бұл кездегі әміршісі Әбілхайыр хан еді. Әбілхайыр Жошы әулетінен тараған сұлтандарға көп теперіш көрсетті, сондықтан олардың екеуі – Жәнібек хан мен Керей хан Моғолстанға ауып кетті. Иса-Бұға хан оларды меймандостықпен қабылдап, иеліктеріне Моғолстанның батыс бөлігіндегі Шу, Қозы-Басы деген жерлерді бөліп берді”, - деп жазады. Дулат руынан шық қан атақты тарихшы Мұхамед Хайдар қазақ хандығының құрылуы хақында.

Қазақтың екінші бір тарихшысы Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл деректерді толықтыра келіп, қазақтардың Әбілхайыр ұлысынан бөлінуіне сылтау болған жайды баяндайды.

Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы - әділ төреліктері үшін Ақжол атанған Дайырқожа деген би екен. Осы Дайырқожа мен ханның тағы бір сүйікті адамы Қара Қыпшақ Қобыланды батыр қас бопты. Бұлар іштей жауласып жүргенде бір күні далада оңаша кездесіп қалады да, қобыланды батыр Дайырқожаны өлтіреді. Алайда Дайырқожаның жақтасы Әз-Жәнібек мұны біліп қойып, халықтың ескі салты бойынша қанға қан алмаққа Қобыландының басын сұрапты. Қобыланды берсе қалың Қыпшақ бүліншілік шығаратын болған соң, Әбілхайыр Жәнібекке үш кісінің құнын алып бітіс депті. Жәнібек бұған көнбей бөліне көшкен екен.

Дайырқожаның әкесі Қодантайшының қаза болған ұлының сүйегін айналып жүріп жылағанда айтқан жыры сақталған. Жыр өте көркем: бояуы қою, суреттері ашық.

Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!

Сексен асып таянғанда тоқсанға,

Тұра алмастай үзілді ме жұлыным!

Адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының!

Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың,

Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!

Қодан-тайшының мұрасынан біздің дәуірімізге жеткені осы-ақ. Алайда оның кезінде алты алашқа мәшһүр даңқты ақын болғандығы аңғарылады.

XVI ғасырда қазақ халқы өзінің этникалық территориясында әбден орнығып, қазақ елі атанып, дамудың жаңа сатысына көтерілуге бет алады, жазба деректерде “Қазақстан” терминімен атала бастайды.

Бірнеше ғасыр бойы Қазақ хандығы ен жерін иеленіп, бірде қанатын жая өркендеп, бірде қарқыны сәл төмендеп , ішкі, сыртқы қайшылықтарына қарамастан тоқтаусыз даму қалпында болды. Қазақ хандығы ыдырамай, ру-руға, тайпа-тайпаға, ұсақ хандықтарға бөлініп, берекесіздікке ұшырамауы ағайынды Жәнібек пен Керей хандардың, олардың ұрпақтары-Керей ханың баласы Бұрындық, Жәнібек ханның баласы - қолбасшы Қасым ханның ойлы, іскер басқаруымен де байланысты болғаны белгілі.

Қасым ханның баласы Хақназар да белгілі ел билеуші болғанын, көрші елдермен саясат жүргізу кезінде оның екі баласы да, өзі де өлтірілгенін тарихтан білеміз. Жәнібек ұрпақтары Шығай, оның баласы Тәуекел мен Есім, Есім мұрагері Жәңгір хандар кезінде де көрші елдермен қақтығыс –соқтығыстар, ойрат шапқыншылықтары болып тұрса да, Қазақ хандығы шайқалмай, беріктік көрсеткен.

Қазақ хандығы Тәуке хан билік жүргізген кезде (1680-1718) едәуір нығая түсті. Оның қырғыз, қарақалпақ халықтарымен бірігіп, әскер дайындауы қазақ жеріне бұрын оқтын-оқтын ойран салатын ойраттар шабуылдарын сиретті. Тәуке хан хандықтағы саяси жағдайды біраз жөндейді, мемлекет құрамы мен құқық тәртіптерінің жиынтығы-“Жеті жарғы” құрғызады, көрші мемлекеттермен тыныштық қатынастар мен бірігу жолдарын қарастырады.

Алайда, бейбіт өмір көпке созылмайды, жоңғарлар қазақ еліне шабуылдауды жиілетеді. Тәуке хан өлгеннен соң елден береке кетеді, 1723 жылғы жоңғарлардың ойраны – “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”- “год Великого бедствия” деп аталатын қара дауылды әкеледі. Мұңлы күндер қазақтардың бірсыпырасын атамекенінен қуғындаған еді. Қазақ халқының одан кейінгі тарихы қазақ жеріне Ресей отаршылдығы орнауына байланысты дамыды.

Осындай қилы –қилы тарихи кезеңдер аясында қазақ сөз өнері де жалғасын тапты. Қазақтың бай фольклоры мен ежелгі ортақ жазба ескерткіштер негізінде қалыптасып, дамыған XV – XVIII ғасыр поэзиясы – қазақ халқының ықылым замандар бойы жасаған сөз өнерінің, тума әдебиет қазынасының үлкен бір саласы, құнды мұрасы. Бұл мұраның ең басты қасиеті-қазақ халқы мен қазақ хандықтарының XV ғасырдың ортасы мен XVIII ғасырдың басында құрылуы, күрделі тарихи кезеңдерінің кейбір тұстары көркемдік дәрежеде бейнеленуінде. Осы кез поэзиясы 1219-1221 жылдарда монғол шапқыншылығынан кейін, Шыңғыс хан империясында, оның балалары Жошы мен Шағатай үлесінде, езгісінде болған байтақ жердің тұрғындары, жергілікті түркі тілдес ру-тайпалар ғасырлар бойы сілкініп, бірігу жолдарын іздеген кездерде қалыптасып, дамыды.

XV – XVII ғасырлардағы бір топ ақындар шығармаларында фольклорлық және жазба шығармашылық сипаттар мол. Бұл ғасырларда Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтанберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар сияқты ақындардың мұрасы пайда болды.



  1. Бақылау сұрақтары

1. Қазақ хандығының пайда болуына негіз болған себептер.

2. Қазақ хандарының хандықтың дербестігін сақтап қалудағы ролі.

3. Қазақ мемлекетінің экономикалық және ішкі жағдайын

реттеуге бағытталған реформалар (Заңдар).

4. Қасым ханның қасқа жолы” жасалуы.

5. “ Есім ханның ескі жолы” жасалуы.

6. Қазақ хандығының құрылуы.

7. Алғашқы қазақ хандары.

8 . Осы кезеңдегі қоғамдық, әлеуметтік, саяси жағдай.

9. 1723 жылғы жоңғарлардың ойраны – “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”


2. Студенттің үй тапсырмасы.
1. Хронологиялық кесте.

2. Реферат

3. Сұрақ – жауап.

4. Конспект.


3. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1. Сұрақ – жауап.

2. Сөз жұмбақ шешу.

3. Хронологиялық кесте


  1. Қазақ хандығының құрылуы.

  2. ХІV-ХVғасырларда қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар.

  3. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық әлеуметтік саяси жағдай.

  4. Қазақ хандығының негізін салушылар.

3 – ОБСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:

Ел бірлігін жоғары көтерген билердің қазақ тарихынан алатын орны

Жоспары:

1. Халықтық өнердің бірі – шешендік өнер.

2. Төле би – білікті би, білімдер шешен.

3. Көрнекті мемлекет қайраткері - қаз дауысты Қазбек би.

4. Турашылдығымен аты аңызға айналған Әйтеке би.
Теориялық мәлімет

Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып, нығаюы процесінде хандардың бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда ұраншы, үгітші қызметін атқаруы.

Жыраулардың саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге орай жорықшы, батыр жауынгер болуы.

Жыраулардың келесі бір функциясы – сәуегейлігі, көріпкелдігі, болашақты болжауы. Жыраулар шығармаларындағы болжам өлеңдер.

Қазақ халқының ежелгі рухани бай қазынасының, асыл өнерінің бірі-шешендік мектебі. Арнайы оқу орны, білім ордасы ретінде қызмет атқарған, халқымыздың ғасырлар бойғы сандаған ұрпағының тәрбиесінде отбасы, ошақ қасынан бастап, адамның бүкіл өмірінде ерекше орын алған,үзілмей келген тәлім-тәрбие,өнеге мектебі, Шоқан айтқандай “Шешендік институты” болған. Қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған, ұлттық тіліміз бен әдебиетіміздің, мәдениетіміздің биік сатыға көтерілуіне ерекше үлес қосқан Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, Төле би сияқты айтулы шешендер өзінің үлкен шешендік мектебін ғана емес, халықтық ақыл-ойдың небір ғажап үлгілерін, шешендік өнердің керемет сөз маржанын қалдырды.

Төле би- қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткерлерінің бірі, білікті би, білімдар шешен, Тәуке ханның тұсындағы атақты “Жеті жарғы” әдет-ғұрып заңы авторларының бірі.

Тарихи құжаттардың деректеріне жүгінсек, ол 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу өзенінің бойында, Әулие- Ата маңындағы Жайсаң жайлауында дүниеге келген.

Ұзақ өмір сүріп, қартайған шағында 1756 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданындағы Ақбұрхан-Орда деген жерде қайтыс болып, денесі өзі 12 жыл билеген Ташкент қаласындағы атақты Бабырдың нағашысы Жүніс ханның қабірінің қасына жерленген. Қазір ол жерде Төле бидің басына арнайы кесене тұрғызылған.

Ол 15-20 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көпке танылды.

Төле би орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды. Тәукенің Түркістан қаласын Қазақ хандығының орталығы (астанасы) етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бір тұтас Қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар-ойрат шапқыншыларына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатысады. Ол сонымен бірге Ресей мен Ұлы жүз қазақтары арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді.

Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығы ыдырап, соны пайдаланған жоңғар хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғынға, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға” ұшыратқан кезде айқын көрінді. Ол сол кездегі қазақтың атақты Қабанбай, Бөгембай, Жәнібек, Жауғаш, Өтеген батырларымен бірыңғай халық майданын құрып, азаттық күресін басқарады. Қазақ жерін басқыншылардан азат етуге басшылық етеді.

Ел аузында Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар мен ертегі-әңгімелер сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік-кесімдер халық арасында кең тараған.

Төле бидің есімі тек Ұлы жүз ғана емес, сондай-ақ Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен де тығыз байланысты. Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары арасында да ол жөнінде аңыз-әңгіме, өлең-жырлар көп сақталған. Демек, ол Ұлы жүздің ғана ру басы, Төле биі болып қоймай, бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген адам.

Төле би жас кезінде Әнет бабадан бата алған және сол кездегі белгілі батырлар мен билердің көбіне ақылшы болған.

Төле би соғысты емес, бейбітшілікті, алауыздықты емес,бірлікті, халықтар достығын, өзара ынтымақ, мәмлегерлікті жақтаған қайраткер, дипломант.

Төле би артына аталы сөз, үлгілі өсиет-өнеге қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен қазақ әдебиетін дамыту ісіне үлкен үлес қосқан айтулы шешен, кемеңгер ойшыл ретінде ұрпақтар жадында қала береді.

Ұлттың сана мен тілінің, рухы мен арман- мұратының ұшан-теңіз ұлылық қасиеттерін ересен қуат-құдіретімен көрсете білген, тәуелсіздік жолында қабырғасы қайысып еңбек еткен көрнекті мәмілегер, мемлекет қайраткері- Қаздауысты Қазыбек би.

Тарихи жазба деректерді сөйлетсек, кемеңгер би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген, 97 жасында, яғни 1764 жылы көз жұмған. Қаздауысты Қазыбектің тегіне, затына, сүйегіне зер салсақ, Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек (Болатқожа) руынан шыққан. Әйгілі ділмар Шаншар абыздың немересі, Бұлбұлдың шөбересі.

Қаздауысты Қазыбек би аумалы –төкпелі күрделі қиын заманда ғұмыр кешті. Кең байтақ қазақ жерінің бір бүйірден Жоңғар хандығы, екінші бүйірден Ресей империясы, үшінші жақтан Бұқар мен Хиуа хандықтары әбден мазасын алып, әзәзілдік көрсетіп отырды. Жан-жағынан анталаған алпауыттарға қарсы Тәуке хан икемді саясат жүргізді.

Қоғамды небір дерттерден сауықтыру мақсатында Тәуке хан Үйсін Төле биді, Алшын, Әйтеке биді және Қаздауысты Қазыбек биді “Жеті жарғы” ережесін жасауға жұмылдырды.

Қаздауысты Қазыбек Жоңғария хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған. Бұған ел аузындағы аңыз-әңгімелер куә. Жол бастаған көсемнің, сөз бастаған шешеннің атақ-даңқы бірінші рет атқосшы ретінде барғанда-ақ шыққан.

Қаздауысты Қазыбектің әділдікке, дұрыстыққа, туралыққа суарылған келісті кесім-биліктері, сұлулық пен мөлдірлікке ие алғыр-тапқыр лебіздері өлшеусіз тереңдігімен, өнегелі пайым- парасатымен, даналық қорытындыларымен ерекшеленеді.

Әдебиет өнер тарихында рухани таза болмысымен, турашылдығымен, даналығымен, күйлі-қуатты әрі сымбатты сөздерімен аты аңызға айналған ақыл-ой алыптарының бірі.

Әйтеке би Тұран мемлекетінің негізін қалаған Әмір-Темірдің жеті кеңесшісінің бірі- заты Кіші жүз Алшынның Әлімінің Айыртау ұранды Төртқара бұтағынан өрбіген. Ораз қажының (1299-1385) ұрпағы, сегіз баласы бар қараш Сейітқұлдың, Ақшаханның Бәйбегінен туған. 1644 жылы өмірге келген. Ол он екі жасына дейін ұлы әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.

Ел аузында “Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады” деген ұлағатты сөз бар. Әділ сөйлеу , ойды шегелеп, нақты, жарып айту батырлық пен батылдықтан, даналық пен білімпаздықтан туады.

Әйтеке бидің мәні мен сәні үйлескен мына бір лебіздерінде дүниетаным тереңдігі, алысты болжар көрегендігі көрініс тапқан:

Ағасы келсе , ардақтап атын байлағандай,

Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай,

Тындырымды інісі болса,

Қанат-құйрығы сай болып,

Көңілі жай болып,

Ағаның алар тынысы болса :

Інінің міндеті- басқару,

Ағаның реті- бас бағу емес пе ?

XV-XVIII ғасырларда данагөй билері мен айбынды, айтулы шешен ділмарлары біртұтас мемлекет құру жолында жан-тәнімен батырларша аянбай күресті. Олар Отанын, жер –суын көздің қарашығындай сақтап, қаһармандықпен қорғады, әрі сот ғұрыптарына, заң ережелеріне жетік, билік, төрелік айтуға аса жүйрік, аузының дуасы бар шынайы өнерпаздар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет