Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау



бет7/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.15 Mb.
#19920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция мәтіні


Тарихымызды «ақтаңдақтардан» арылту бүгінгі таңда айрықша маңыздылығына, аса қажеттілігіне біріміз де қүмәнданбайтын бірегей міндеттер бел ортасынан орын алады. Ел шежіресінің күні бүгінге дейін шындық сәулесі түспей келген белгісіз беттерін қайта қарауға, ащы ақиқаттарды ашына айтуға қоғам өмірінің барлық саласын баурап алған атақты Апрель алтын серпілісі жол ашып берді. Тарихтың уақыт табынан сарғыш тартқан парақтарына жаңаша көзқараспен көз жүгірткенде, сол кезеңдердің орны толмас өкінішті оқиғаларына бүгінгі талап биігінен баға бергеніне, біз сол тарихта азды-көпті бедер қалдырған жеке адамдардың ұрпақ алдында жауапкершілігін де жадымыздан шығаруға тиісті емеспіз. Тынысымызды тарылтып, ырысымызды суалтқан тоқырау жылдарынан бері шен-шекпені әр түрлі деңгейдегі «халық көсемдерін», «аса көрнекті», «кемеңгер», т.б. деп дәріптейтін лепірме құлағымызға қанша сіңісті болып кетсе де, айтылмақ ақиқат қаншама ащы болса да, әділдік мерейі толығымен үстемдікке жетуге тиіс. Бұл — уақыт ұраны, өмір талабы.

Қазақстан тарихында «із қалдырғандар» қатарында Қазақстан өлкелік партия комитетінің 1925—1933 жылдар аралығындағы бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің де аты аталады. Бүгінгі таңда оның жеке басына байланысты жарық көріп жатқан газет-журнал материалдарын ой елегінен өткізсек, бұл адам туралы қарама-қарсы екі ұдай пікір қалыптасқанын байқай аламыз. Бір газет, мәселенки, Голощекинге сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны ретінде ескерткіш қою мәселесін көтерсе, басқа басылымдар, радио мен теледидар Қазақстан жерінде оның қолымен жасалған қылмысты әрекеттерді аяусыз әшкерелеуге, күні бүгінге дейін оның атымен аталып келе жатқан станциядан Голощекин есімін аластауға шақыруда.

Ф.И.Голощекиннің партия қатарында алар азды-көпті орны мен Қазақстан жеріндегі қанқұйлы «қызметіне» талдау беруден бұрын оның саяси қайраткерлігіне, марксизм-ленинизм теориясын меңгеру деңгейіне, жеке басты ерекшеліктеріне, т.б. сипаттарына тарихи документтер, негізінде тоқталып өткеніміз мақұл.

Сонымен саясат қайраткері ретінде Голощекинге тән белгілер қандай еді.

Ф.И.Голощекиннің 1876 жылдың 26 ақпанда (жаңа стиль бойынша 10 наурызда) Витебск губерниясындағы Невель қалашығында, ұсақ буржуазия семьясында дүниеге келгені мәлім. Оның өз аузынан жазылып алынып, 1925 жылғы 18 қыркүйекте «Советская степь» газетінде жарияланған өмірбаянындағы деректерге сүйенсек, Филипп Голощекин алты кластық гимназия курсын, сосын (1901—1903 жылдары) тіс дәрігері мектебін бітірген. Осыдан әрі ол білім беру мекемелерінде жүйелі түрде сауатын көтермегенге ұқсайды.

Айтпақшы, жер аударылған революционерлердің басқан қадамын қалт жібермей қадағалайтын түрме бақылаушыларының бірі өзінің әлдебір «хұзыры биік мәртебеліге» жөнелткен хатында оны «Шая Ицкович» деп атайды. Яғни, Голощекиннің ақиқат ныспысы да сол — Шая Ицкович болған. Бұл жайындағы мәліметтерді оқырман Ю.П.Плотниковтың «Свердлов в Туруханской ссылке» (Красноярск, 1976) атты кітабынан таба алады.

35. Голощекиндік дәуір.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ф.И.Голощекиннің билікке келуі.

  2. Қазақстаның қоғамдық саяси өмірі.

  3. «Ауылды кеңестендіру туралы» шешімі.

  4. «Кіші қазан» революциясы.

  5. Қазақстандағы голощекиндік-сталиндік «қайта-құру».

  6. Қазақ зиялыларының қызметтен босатылуы.

  7. 20 жылд. соңындағы саяси жағдай.

  8. «Алашорда» қайраткерлерін жазалауы.

  9. 1929-1931 жылдары қазақ интеллигенция өкілдерін жазалауы.

  10. Ф.И.Голощекиннің тарихтағы орны.



12 апта.Тест 1,5 балл
№ 36. Сталиннің кезеңі.

Тест.

1.Сталинизмнің жазалау шаралары:

А) Ату жазасы.

В) Жер аудару

С) КСРО-дан тыс жерлерге қуып жіберу

Д) Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау

Е) Отбасынан айыру

2. Мемлекет қайраткері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов қай жылдары республикадан аластатылды.

А) 1928-1930 ж.ж.

В) 1927-1928 ж.ж.

С) 1929-1930 ж.ж.

Д) 1927-1929 ж.ж.

Е) 1928-1932 ж.ж.

3. 1930 ж 4 сәуірде кімді атуға үкім шығарылды.

А) Ж.Аймауытов

В) М.Жұмабаев

С) С.Сейфуллин

Д) Т.Рысқұлов

Е) С.Асфендиров

4. Сталиндік жендетердің қолынан қаза болған, қазақтың тарих мектебінің негізін салушы –

А) Е.Бекмаханов

В) Ә.Марғұлан

С) М.Шоқай

Д) Т.Рысқұлов

Е) С.Асфендиров

5. Ұлттық аза күні болып қай күн белгіленді.

А) 22 маусым

В) 31 мамыр

С) 17 желтоқсан

Д) 25 қазан

Е) 2 наурыз

6. Қазақстаннан қанша адам ГУЛАГ-қа жабылып, атылды.

А) 14 мың

В) 22 мың

С) 25 мың

Д) 27 мың

Е) 39 мың

7. Қазақ АКСР-ы Одақтас республика болып қашан құрылды.

А) 1936 ж наурыз

В) 1936 ж шілде

С) 1936 ж қырқүйек

Д) 1936 ж қараша

Е) 1936 ж желтоқсан

8. 1938 ж Қазақ КСР –і Жоғары Кеңесінің бірінші сессиясын кім ашты.

А) Н.Байғанин

В) Ж.Жабаев

С) Ғ.Мүсірепов

Д) Қ.Аманжолов

Е) Ж.Сайн

9. Қазақ КСР-і Конституциясы қашан қабылданды.

А) 1936 Ж

В) 1937 ж

С) 1938 ж

Д) 1939 тж

Е) 1941 ж

10. КСРО Жоғары Кеңесіне республикадан қанша депутат сайланды.

А) 100 депутат

В) 87 депутат

С) 69 депутат

Д) 44 депутати

Е) 25 депутьати

11. 1940 ж салынған Ақмола-Қарталы жолының маңызы қандай

А) Жезқазған мыс кенін Алтай өндірісімен біріктірді.

В) Солтүстіктің астықты аудандарын батыспен байланыстырды.

С) Орталық пен Оңтүстікте тауар айналымы жақсарды.

Д) Экология жақсарды.

Е) Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды.

12. 1939 ж Одақта Ленин орденімен марапатталған зауытты атаңыз:

А) Шымкент қорғасын зауыты

В) Павлодар мұнай өңдеу зауыты

С) Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

Д) Балқаш мыс балқыту зауыты

Е) Лениногорск полиметал зауыты

13. 1940 ж Қазақстан Одақта өндірілетін мыстың қанша пайызын берді.

А) 40

В) 34,7


С) 28

Д) 21


Е) 12,4

14. Орал-Қазақстан-Сібір «үшбұрышы» нені өндірді.

А) мыс, темір,қалайы.

В) Алтын, күміс, платина

С) Мырыш, қорғасын,молибден

Д) Титан,магний, алюминий

Е) Болат, шойын, темір

15. 1941 ж. Маусымда әйелдер арасында «Тракторды меңгеріңдер» деген бастаманы көтерген кім.

А) П.Ангелина

В) К.Дөнентаева

С) Б.омарова

Д) Р.Бүкірова

Е) М.Рогозина

16. 1940 ж. Қазақстан Одақта өндіңретін қорғасынның неше пайызын берді.

А) 4,2

В) 21


С) 55,4

Д) 78


Е) 87

17. 1938-1940 ж.ж. республикадағы шешілмеген проблемалар қандай.

А) Мал шарашылығы артта қалды.

В) Колхозда материалдық ынталандыру төмен болды.

С) Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады.

Д) Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады.

Е) Экология мәселесі.

18. Соғыс алдындағы жылдары салынған ұзындығы 806 км темір жолды атаңыз:

А) Жетісу-Павлодар

В) Өскемен-Барнауыл

С) Ақмола-Қарталы

Д) Мойынты-Шу

Е) Қостанай-Магнитогорск

19. ХХ ғ. 30 жылдары тоталитарлық, казармалық жүйені енгізген қайраткер кім

А) И.В.Сталин

В) Н.С.Хрущев

С) В.И.Ленин

Д) М.Троцкий

Е) Ф.И.Голощекин

20. 1938-1940 ж.ж. суармалы егіншілікті дамыту үшін республикада қандай канал салынды.

А) Орал-Көшім

В) Қарағанды-Ертіс

С) Іле-Қапшағай

Д) Жезқазған-Сарысу

Е) Ембі-Жұрын
12 апта.

№ 37. Сталиннің кезеңі.

Жоспар:

  1. И.В. Сталиннің билік басына келуі.

  2. И.В. Сталиннің елде жүргізген ішкі саясаты.

Мәтіні

Ұлы Қазан социалистік революциясының туында «Бейбітшілік», «Бостандық», «Теңдік», «Жер», «Әділдік» сияқты гуманистік ұрандар жазылып қана қойған жоқ, іс жүзіне асырыла бастады. Алайда, В.И.Ленин социализм принциптерін қалыптастырып, ой-арманын бір ізге салып үлгірмей кетті. Оның мұрагері болып партия басшылығында қалған И.В.Сталин теорияда саяздық көрсетті, іс жүзінде революциялық шыдамсыздыққа салынды, таққа, баққа талас барысында білім емес білек жұмсады. Әділ ел ағасы, халық ағасы болу қолынан келмей қара күшке айналды. Ұлы идея үшін сан ғасыр күрескен халық белшесінен қанға малынды, Ленин ілімі бұрмаланып, социализм құру ісі тығырыққа тірелді.

Ғалым Д.Волкогонов өзінің «Даңқ пен қасірет» деген еңбегінде сталинизмнің құрбаны болып, 3,5—4 млн. адам репрессияға ұшырады, оның 600—650 мыңы атылды,—деп мәлімдейді. Ал Р.Медведов болса, атылғандары бір млн-нан астам деп жобалады. 1938 жылы 5 мамырда «Правда» газеті абақтыға жабылғандар санын 5 миллионнан астам екендігі туралы ақпар береді. Ал егер сталиндік жалпылама террор 1940 жылы 1 сәуірде Ежовтың атылуымен аяқталды деп қана санасақ, онда бұл фактілердің әлі де тек болжам екендігін байқауға болады.

Патшалық Ресейде 1905—1912 жылдары 6 107 адам атылып, 1217 672 адам (қылмыскерлерді қоса есептегенде) түрмеде отырыпты.

Ендеше, сталиндік жалпылама террор ғасырларда болмаған жауыздықпен ұштасады. Сталинизмнің көрсеткен жапа, қайғы-мұңы тек 1937—1938 ж. аяқталмайтынын айтпасақ та болады.

Сталинизмнің қасіреті — бір халықтың басына түскен іс емес, ол бүкіл дүниежүзілік коммунистік қозғалыстың, барша кеңес халқының басына түскен ауыр қасірет. «Сталин және Қазақстан» сол масштабты тақырыптың бір ғана пұшпағы. Біз Сталинизмнің тек қазақ халқына, республика еңбекшілеріне жасаған қиянатынан азын-аулақ қана ақпар бере аламыз. Себебі, архив қоймалары жабық, қолда деректі материалдар жоқтың қасы десе де болады.

Сталин 1921 жылы 1 қаңтарда РСФСР-дың құрамындағы түрік коммунистерінің мәслихатында кіріспе сөз сөйледі. Ол «орыс социализмі» үшін ондаған жылдар бойы күрескенін, тәжірибелілігін дәріптеді.

Бұл бағдарламалық сөзде Сталин Ресейдегі революциялық процесті ұлттық шеңберге шектейді. Ал большевизм болса, ол өзінің тұңғыш қадамынан бастап Россиялық құбылыс екендігін көптеген еңбектерінде көрсеткен-ді.

Қазақ сахарасында 1890—1905 жылдары Сібір, Рязань-Урал, Воскресенскі, Орынбор-Ташкент темір жолдары басып өтетін 2072 темір жол торабы салынды. Қазақстан өңірі россиялық және дүниежүзілік сауда-саттық айналымына қосылды.

Ресейдегі революциялық процесті «орыс коммунизмі», «түрік коммунизмі» деп бөлудің дұрыс еместігін дәлелдеу үшін бірнеше факторларды еске сала кеткім келеді. Біріншіден, шығыс халықтары Ресейдің құрамды бөлігі ретінде дамыды; екіншідең, шеткі аймақ халықтары бүкіл елде жүріп жатқан экономикалық және саяси өмірге еншілес еді, ал еңбекшілер болса таптық күрестің жалпы Ресейлік мектебін бірге өтті; үшіншіден, ұлттық аудандар XIX ғ. аяғында көп ұлттық өңірге айналды, тек қана Түркістан мен қазақ даласында 2 миллионнан астам европалық өмір сүрді; төртіншіден, империя көлемінде жұмысшы табы қалыптасты, жұмысшы қозғалысы шаруалар бұқарасына моральдық-саяси ықпал жасады; бесіншіден, ұлттық аудандар саяси жер аударғандардың қара шекпенді орыс, украин, белорус шаруаларының өлкесіне айналды. Кеше ғана «аграрлық тәртіпсіздік» мектебінен өткен олар жаңа елге де революциялық рух әкелді; алтыншыдан, Ресейдің орталық аудандарымен аграрлық шет аймақтардың мәдени дамуында асып кеткен алшақтық жоқ еді. Жаңа жүргізіліп жатқан зерттеулер ғасыр басында Ресейде сауаттылық 21,6 процент болса, Қазақстанда — 19,5 проц. екендігін дәлелдеп отыр; жетіншіден, Ресей жұмысшы табы халықагралық жұмысшы табының революциялық отрядына айналды, ал ол болса жаңа типті большевиктік партия құрды. В.И.Ленин, оның жақтастары жаңа партияны орыс партиясы емес, Ресей социал-демократиялық партиясы деп атады. Ресейдегі бірінші революция кезінде Самарада РСДРП-нің Шығыс Бюросы құрылды. Шығыс халықтарына татар тілінде «Орал газеті шығарылды, т.б. Сөз жоқ, большевиктік партия қатарында шығыс халқының өкілдері аз болғаны рас, ұлттық кадрлардың шыңдалуына революциядан кейін көп уақыт, күш керек болғандығы рас. Бірақ, ол «Түрік коммунизмі» болып жеке қалыптаспағандығы да рас.

Сталиннің бұл бір тұжырымы Қазақстан партия ұйымы үшін, қазақ сахарасы үшін қасірет әкелгендігін мойындауымыз керек. 1925 жылы 12 қыркүйекте Қызылорда келіп, Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшылығына отырған Ф.И.Голощекин өзінің теориялық және іс жұмысында Сталиннің осы теориялық тұжырымын басшылыққа алды. Біз осы кезге дейін Голощекиннің өз басын «Кіші Қазанның» авторы етіп келдік. Шындығында, Шая Ицкович тек қана қолшоқпар бейшара ғана. Сталиннің артынан іле-шала «ауылда тап күресі жоқ», «қазақ, ауылында кеңес өкіметі жоқ», «ауылда қазан болған емес», «Қазан дауылы қазақ ауылының тұсынан құйындай өтті», «1925 жылы күзге дейін Қазақстанның, оның партия тарапының беташары» деген сияқты лепірме тұжырымдар Сталиннің «Шығыста социализм үшін күрес барысында коммунизм жақында пайда болды»— деген тезисінің жалғасы емес деп кім айта алады.
12 апта. Ауызша сауалнама , Тест 2,0 балл

№ 38. Сталиннің кезеңі.

1.Қазақстандағы лагерьлер жүйесі.

2.1937-1938 жылдардағы репрессия

3.Қазақ КСР-ң құрылуы.

4.Қазақ КСР-ң Конститутциясы.

5.Соғыс алдындағы жағдай

6.Ұлы Отан соғысы.

7.Тыл еңбектері.

8.Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас.

9.Ғылым мен мәдениет.

10.Сталиннің юбилейі.

№ 38. Сталиннің кезеңі.

Тест.

1. 1940 ж салынған Ақмола-Қарталы жолының маңызы қандай

А) Жезқазған мыс кенін Алтай өндірісімен біріктірді.

В) Солтүстіктің астықты аудандарын батыспен байланыстырды.

С) Орталық пен Оңтүстікте тауар айналымы жақсарды.

Д) Экология жақсарды.

Е) Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды.

2. 1939 ж Одақта Ленин орденімен марапатталған зауытты атаңыз:

А) Шымкент қорғасын зауыты

В) Павлодар мұнай өңдеу зауыты

С) Ақтөбе ферроқорытпа зауыты

Д) Балқаш мыс балқыту зауыты

Е) Лениногорск полиметал зауыты

3. 1940 ж Қазақстан Одақта өндірілетін мыстың қанша пайызын берді.

А) 40

В) 34,7


С) 28

Д) 21


Е) 12,4

4. Орал-Қазақстан-Сібір «үшбұрышы» нені өндірді.

А) мыс, темір,қалайы.

В) Алтын, күміс, платина

С) Мырыш, қорғасын,молибден

Д) Титан,магний, алюминий

Е) Болат, шойын, темір

5. 1941 ж. Маусымда әйелдер арасында «Тракторды меңгеріңдер» деген бастаманы көтерген кім.

А) П.Ангелина

В) К.Дөнентаева

С) Б.омарова

Д) Р.Бүкірова

Е) М.Рогозина

6. 1940 ж. Қазақстан Одақта өндіңретін қорғасынның неше пайызын берді.

А) 4,2

В) 21


С) 55,4

Д) 78


Е) 87

7. 1938-1940 ж.ж. республикадағы шешілмеген проблемалар қандай.

А) Мал шарашылығы артта қалды.

В) Колхозда материалдық ынталандыру төмен болды.

С) Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады.

Д) Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады.

Е) Экология мәселесі.

8. Соғыс алдындағы жылдары салынған ұзындығы 806 км темір жолды атаңыз:

А) Жетісу-Павлодар

В) Өскемен-Барнауыл

С) Ақмола-Қарталы

Д) Мойынты-Шу

Е) Қостанай-Магнитогорск

9. ХХ ғ. 30 жылдары тоталитарлық, казармалық жүйені енгізген қайраткер кім

А) И.В.Сталин

В) Н.С.Хрущев

С) В.И.Ленин

Д) М.Троцкий

Е) Ф.И.Голощекин

10. 1938-1940 ж.ж. суармалы егіншілікті дамыту үшін республикада қандай канал салынды.

А) Орал-Көшім

В) Қарағанды-Ертіс

С) Іле-Қапшағай

Д) Жезқазған-Сарысу

Е) Ембі-Жұрын

39. Хрущев кезеңі.



Жоспары.

  1. Хрущевтің ерлік ісі.

  2. Хрущевті орнынан босатудағы әрекет.

Мәтіні:

Берияның үкімет қатарынан кетуі Маленков пен Хрущевтің позициясын одан әрі нығайтты. Берияның өлімі сталинщинаға қатты соққы болды. Осы оқиғадан кейін көптеген газеттер мен журналдар Сталин культің әшкерлей бастады. Ең бірінші болып Сталиннің іс-әрекетін жамандаған Маленков еді. Бірақ ол өзін ойларын тек жоғарғы басшылар топ мүшелеріне айтқан. Сондықтан осы мәселе бойынша Сталин кезінде болған заңсыз іс-әрекеттер мен процесстерді және саяси тұтқындардың ісін қайта қарау үшін ерекше комиссия құрылды. Комиссия сталинщинаның заңсыз істерін дәлелдейтін өте көп материал жинақтады. Бұл материалдарды Хрущев өз қолына түсіріп, өзінің жақындастарына КОКП ОК ХХ съезінде доклад ретінде көпшілікке хабарлайтынын мәлімдеді. Әрине оған көпшілігі қарсылық көрсетті. Өйткені олар сол кездегі орындаушылар болып табылған. Соған қарамастан Хрущев ХХ съезд мәжілісінде “Сталиннің жеке тұлға культі мен оның зардаптары” баяндамасын көпшілікке таныстырды. Таң қалған жұрт алғашқы кезде Хрущевтің баяндамасын қатты сынады, бірақ кейінгі ұрпақ осындай қателерді жібермеу үшін шындыққа тура қарай қажет болды. Сондықтан да Хрущевтің мұндай ерлік ісі жеңіспенен аяқталды. Алғашқы кезде бұл материалды сыртқа жария етпей құпияда сақтады. Кеңес баспасына бұл материалдар тек 1988 жылы түсті. Бірақ түсініксіз жағдайда дүниежүзілік прессаға бұл информация сол 1956 жылдың өзіндей-ақ жетті. Жинақталған материалдар Сталинді 30-шы және 50-шы ж.ж. істермен кінәлады. Бірақ бір ерекшелігі Сталиннің істерін қылмыс емес саяси қателіктер деп көрсетілді. Соған қарамастан көпшілік қауым қай жерде болмасын бұл мәселені ұзақ айтып жүрді. Сталин және сталинщинаға қатты соққы берілді. Сталинге деген көзқарас халық арасында өзгерді.

Осы іс үшін Хрущевқа қарсы Молотов басқарған ОК КОКП Президиумның бірқатар мүшелері шықты.

1957 жылы жазда оппозиция тобы Хрущевқа қастандық ұйымдастырып, ОК КОКП бас хатшы қызметінен түсірмекші болды. Кремльде Президиумның мәжілісінде Хрущев азнаулық бірақ сенімді адамдарымен болды. Әсіресе Хрущев сол кездегі қорғаныс министрі Г.К.Жуков пен КГБ бастығы Серовқа сеніп, ОК КОКП пленумын шақыртуды ұсынды. Пленумда Хрущев көп дауысқа ие болды. Ал Молотов пен оның адамдары жеңіліс тапты. Басшылықтан көп адамдар босап қарапайым қызметтерге отырды, ал Молотов, Маленков, Каганович, Булганин т.б. тіптен кейінгі уақытта пенсия шығарылған. Ал сенімді адамдарын Хрущев көтермеледі, мысалы солардың қатарында Л.И.Брежневті айтамыз.

Өкінішке орай маршал Жуков мәселесі әділетсіз болды. Жуков талай рет Хрущевті қастандықтардан алып қалған. Мысалы соңғы шешуші мәжілісте ол “менің рұқсатымсыз бірде-бір танк орнынан қозғалмайды” деп айтқан. Хрущевтің бұл ісін түсіну қиын емес. Хрущев Жуковтың авторитетінің өсуінен қорқты. Қолында армияны ұстаған адам ең қауіпті болып табылған. Кейбір сылтауларды пайдаланып Хрущев 1957 жылы күзде Жуковты қорғаныс министрі қызметінен бір жола босатып, пенсияға шығарды. Хрущев Жуковты босатқанына кейін қатты өкінеді.

Сталиннің ісін ашып көрсету мен халыққа ақиқат айту мемлекет, қоғам, миллиондаған адам өмірінде “жылулықты” туғызды.

ГУЛАГ-тың көптеген лагерлері жойылды. Миллиондаған кінәсіз сотталған адамдардың ісі қайтып қаралып босатылған. Жүз мыңдаған адамдар өздерінің жанұяларын оралған. Бірақ бұл іс толығымен аяқталмады. Кеңес Одағы мен партияның бірқатар ірі өкілдері Н.И.Бухарин, А.И.Рыков, М:П.Томский т.б. реабилитациядан өтпеді. Көптеген басқа ұлт адамдары елдеріне орай алмады: немістер, қырым татарлары, түрік-месхеттер т.б.

Қорыта айтқанда “жылулық” айтарлықтай көктемді орнатпады, керісінше Хрущев босатылған соң “жылулық” тызғармен ауысты. Оған бірнеше себеп бар: Біріншіден, қоғамның бытыраңқылығы, Сталин әлі де болса көп адамдардың жүрегінде болды. Екіншіден, Сталинді кінәлаған кездегі жүйелік бағдарламаның болмауы және толығымен шешілмеуі. Үшіншіден, бүкіл әкімшілік-командалық жүйенің өзгермеуі. Төртіншіден, Хрущевтің жүргізген саясатының шикілігі және Сталинді төмендете тура өзін-өзін көтеруі. Халық ауызында осы уақытқа дейін Хрущев туралы күлдіргі әңгімелер мен анекдоттар сақталған. Бірақ ақиқатқа келер болсақ оның ерлік ісі халықтың көзін ашты.



4. 1957 жылы жазда оппозиция тобы Хрущевқа қастандық ұйымдастырып, ОК КОКП бас хатшы қызметінен түсірмекші болды. Кремльде Президиумның мәжілісінде Хрущев азнаулық бірақ сенімді адамдарымен болды. Әсіресе Хрущев сол кездегі қорғаныс министрі Г.К.Жуков пен КГБ бастығы Серовқа сеніп, ОК КОКП пленумын шақыртуды ұсынды. Пленумда Хрущев көп дауысқа ие болды. Ал Молотов пен оның адамдары жеңіліс тапты. Басшылықтан көп адамдар босап қарапайым қызметтерге отырды, ал Молотов, Маленков, Каганович, Булганин т.б. тіптен кейінгі уақытта пенсия шығарылған. Ал сенімді адамдарын Хрущев көтермеледі, мысалы солардың қатарында Л.И.Брежневті айтамыз.

Өкінішке орай маршал Жуков мәселесі әділетсіз болды. Жуков талай рет Хрущевті қастандықтардан алып қалған. Мысалы соңғы шешуші мәжілісте ол “менің рұқсатымсыз бірде-бір танк орнынан қозғалмайды” деп айтқан. Хрущевтің бұл ісін түсіну қиын емес. Хрущев Жуковтың авторитетінің өсуінен қорқты. Қолында армияны ұстаған адам ең қауіпті болып табылған. Кейбір сылтауларды пайдаланып Хрущев 1957 жылы күзде Жуковты қорғаныс министрі қызметінен бір жола босатып, пенсияға шығарды. Хрущев Жуковты босатқанына кейін қатты өкінеді.




13 апта. Бақылау сұрақтары, Тест 2,0 балл
№ 40. Хрущев кезеңі.


Бақылау сұрақтары.



  1. Хрущевтің жеке басына табыну саясаты.

  2. 1961 ж. ХХІІ съездегі Хрущев бағдарламасы.

  3. Хрущев түсінігіндегі „коммунизм”

  4. Қазақстанды сынақ алаңына айналдыруы.

  5. Өсімдіктерді гидропоникалық әдіспен өсіруі.

  6. Н.С.Хрущевтің билік басына келуі.

  7. Н.С.Хрущевтің қызметінен босатылуы.

  8. Қала атауларының өзгеруі.

  9. 60 жылд. өнеркәсіптің дамуы.

  10. Қазақстанның экологиялық жағдайы.



№ 40. Хрущев кезеңі.

Тест.

1. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.С.Хрущев қашан тағайындалды.

А) 1953 ж тамыз

В) 1953 ж мамыр

С) 1953 ж тамыз

Д) 1953 ж Қыркүйек

Е) 1953 ж. Қазан

2. Жеке адамға табыну жайлы мәселе партияның қай съезінде талқыланды.

А) ХІХ съезінде

В) ХХ съезінде

С) ХХІҮ съезінде

Д) ХХІІ съезінде

Е) ХХҮІ съезінде

3. 50 –жылдары республикада қанша өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды.

А) 730

В) 597


С) 348

Д) 204


Е) 229

4. 1959 жылы Қазақстан өнім өндіруден нешінші орында болды.

А) төртінші

В) алтыншы

С) үшінші

Д) бесінші

Е) бірінші

5. Тың игеру кезінде басқа республикадан көшіп келген адамдар неше жылға ауыл шаруашылығы салығынан босатылды.

А) 1-3 жылға

В) 2-5 жылға

С) 4-8 жылға

Д) 7 жылға

Е) 10 жылға

6. 50-жылдары мал шаруашылығын дамытуда еңбек етіп, Социалистік Еңбек Ері атағын алған кім.

А) Ж.Қуанышбаев

В) М.Әлиев

С) С.Ашапов

Д) Қ.Орманов

Е) Ж.Амандықов

7. Тың игеру кезінде республикаға көшіп келген адамдарға 1500-2000 сом несие не үшін берілді.

А) тұрғын үй салуға

В) мал сатып алуға

С) техника сатып алуға

Д) жер сатып алуға

Е) астық сатып алуға

8. 1954-1962 ж.ж. тың игеруге Қазақстанға қанша адам келді.

А) 1 млн. Адам

В) 1,5 млн. Адам

С) 3 млн. Адам

Д) 2 млн адам

Е) 2,5 млн адам

9. 1958 жылы республикада қанша совхоз болды.

А) 320

В) 500


С) 700

Д) 198


Е) 1200

10. 1958 жылғы Теміртау оқиғасының себебі неде

А) Әлеуметтік мәселелер

В) Экономикалық жағдай

С) Саяси көзқарастар

Д) Табиғи жағдай

Е) Әскер жағдай

11. «Жылымық жылдар» дер қай кезеңді атайды.

А) 40 ж.соңы

В) 50ж.бірінші жартысы

С) 50ж.екінші жартысы

Д) 60 ж.ортасы

Е) 70 ж. Басы

12. Кариб дағдарысының нәтижесі:

А) КСРО-ҚХР арасында соғыс қаупі туындады.

В) БҰҰ құрылды

С) Кеңес Қарулы Күштері қатары азайтылды.

Д) Семей полигонында ядролық сынақ жер сатына көшірілді.

Е) АҚШ-КСРО арасында экономикалық байланыс тоқтатылды.

13. Халық шаруашылық кеңестерін ірілендіру әрекеті қашан жасалды.

А) 1967 ж

В) 1962 ж

С) 1953 ж

Д) 1950ж


Е) 1947 ж

14. МТС-тар қашан жойылды.

А) 70ж

В) 60ж.екінші жартысы



С) 60ж. Бірінші жартысы

Д) 50ж.екінші жартысы

Е) 50ж.бірінші жартысы

15. 1954ж. Көктемде Қазақстанның тың аймақтарында қанша совхоз құрылды.

А) 200

В) 180


С) 160

Д) 140


Е) 120

13 апта.

41 Брежнев кезеңі.



Жоспары.

    1. Жетістігі

    2. Қателігі


Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:

М.Қойгелдиев “Ақтаңдақтар ақиқаты” А.,1992ж



Қосымша:

Талас Омарбеков “Зобалаң” А.”Санат” 1994ж


Лекция мәтіні:

Республиканың сол кездегі дамуы тек сырттан келген кадрларға байланысты болды да, жергілікті мамандарға жауапты қызметтер сеніп тапсырылмады. Оларға шаруашылықтың кәсіподақ ұйымын басқару, бөлімшеде агроном болудан өзге қызмет тимеді. Баяғы Л. И. Брежнев салған кадр саясатындағы данғыл жол солтүстіктің, тың совхоздарында ұзақ жылдар бойы үстем болып келді.

Әдебиетке Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін қарышты дамуы, даңқының өсуі Л. И. Брежневтің есімімен байланыстырылды. Бірақ шын мәнінде осылай ма еді? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін нақты деректерге жүгінелік.

Шындық бетіне әділ қарайтын болсақ, Л. И. Бреж­нев Қазақстан экономикасын стратегиялық, бағдарламалық бағыт бере алмады. Ол «КПСС аграрлық саясатының мәселелері және Қазақстанның тың жерлерін иге­ру» атты еңбегінде Қазақстанның шикізаттық сипатын арттыру бағытында ғана ой түйіндейді. Қазақстан пар­тия ұйымының VIII съезінде, сондай-ақ 1955 жылдық тамызында болған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумында жасаған баяндамасында «көсемнің» мәселе қоюы мыс, қорғасын, қола балқытудан, көмір-өндіруден, таукен кәсіпорындары жұмысын жақсартудан әріге бармады. Л. И. Брежнев Қазақстан Компартиясының 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде: «Қазақстанның мал шаруашылығының ірі базасы ретіндегі рөлі үнемі артып келеді»,— деп ашық айтты. Ол Қазақстанның оңтүстігінде де: «Ауыл шаруашылық дақылдарынан кепілді өнім алатын ұлан-байтақ аймақ жасау»,— міндетін алға қойды. Содан кейін Леонид Ильич Қазақстан партия -шаруашылық активінің 1973 жылғы 15 тамызда Алматыда өткен республикалық жиналысьшда сөйлеген сөзінде: «Республикадағы екінші тың мал шаруашылығы. Қонаев жолдаспен бір әңгімелескенімде мен атап айтқанда, қой шаруашылығы жөнінде мәселе қозғап, республикада қой санын таяу жылдарда аз дегенде 50 миллионға жеткізу туралы ұсыныс әзірлеуді етінген едім: Қазір бұл цифрдың - өзі де жеткіліксіз деп ойлаймын»— деген еді. Ал Қазақ ҚСР-іне «Халықтар достығы» орденін тапсыруға арналған мәжілісте ол бұл цифрды «елу-алпыс миллионға жеткізу» міндетін қойды. (Л. И. Брежнев. «Ленин жолымен», IV-том, 268-бет). Алайда, 50 миллион қой басына жеткілікті азық қоры республикада ол кез­де жоқ болатын. Қазірде де жоқ. Бірақ мұндай шешімді нақтылы негіздеу Л. И. Брежневтің есіне кіріп те шықпады.

Ол Н. С Хрущевтіқ тұсында да космос бағдарламасымен айналысқан еді. Ал билік қолына тиген шақта әскери полигондарға бөлінген казақ жерінің көлемін 18,3 миллион гектарға жеткізігі тынды . Л. И. Брежнев билік басында болған жылдары Қазақ жерінде ядролық даруды сынау етек алды. Сол кездері Семей, Ембі, Нарын, Маңғыстау өңірі полигон болғаны енді бүгін баршаға аян. 1977 жылы Қарағанды кеншілері бір миллиард тонна көмір шығарғанын атап өтті, Бұл отынның, теңжартысы соңғы 10 жылдың ішінде өндірілген болатын. Л. И. Брежнев Қарағанды кеншілеріне құттықтау хат жолдап, еңбекшілердің cay-саламат, бақытты болуларына тілектестік білдірді. Сөйтіп, ол республика өндірісінің мұндай шикізаттық бағытын заңдылық деп қарады және болашақта да оны өзгермейді деп сенді. Бұл уақытта техникалық прогрестің дамуы баяулады; Екібастұз, Маңғыстау байлығы орталыққа қарай аш-көздікпен тасымалданды. Жамбыл, Шымкент, фосфор тұздары, Ақтөбе мен Гурьев химия заводтары «үлкен-химияға» үлес қосты. Қаратау химия құрылысы Басқармасы 1971 — 1975 жылдар аралығында ғана 27 химия кешені мен өндірісін іске қосты. Республиканы химияландырудың етек алғаны соншалық, ішетін таза су мені жұтатын таза ауаға көптеген елді мекендер мен қалалар зәру болды. 1966—1977 жылдары химияландыру; ісіне бұрынғы онжылдықпен салыстырғанда екі есе күрделі қаржы жұмсалды.

1975 жылы Қазақстан бірыңғай энергетикалық жүйеге енді де, 1972 жылы ұзындығы 1380 километрлік Өзен Куйбышев мұнай құбыры «Дружба» мұнай құбырына апарып қосылды. Сөйтіп Маңғыстаудың мұнайы мен газы бүкіл Европаға арнасынан асқан өзендей сарқырап ақты. Денесі мұнайға күйіп жараланған жер өртенген газдың иісіне тұншықты. Табиғатының сұлулығы жан, баласын таңдандыратын ерке Алтай барша әлемді корғасын мен мырышқа, титан, мен магнийға, басқа стратегиялық металдарға қарық қылды, өзі болса солардың шаң-тозаңын жұтып экологиялық өлі аймаққа айналды. Бұл тақырыптағы әңгімемізді жалғастырсақ, тек ІХ ғ бесжылдықта ғана республикамызда 31 миллиард сом күрделі қаржы құрылысқа жұмсалды: Алайда, респуб­лика өндірісінің құрылымына ешқандай жаңалық енген жоқ, қайта онда шикізат өндіру жоспары ұлғая түсті., Соколов Сарыбай кеніші құрамында 70 процент темірі бар концентратты 26—30 миллион тонна көлемінде өндірді. Ал оның әрбір тоннасы жолға төселетін тастың құнынан да арзанға сатылды. Осындай оспадарлықтың кесірінен Қазақстан орталыққа қол созып, қарыз сұрайтын сұраншақ республикаға айналды.



14 апта.Тест. 2,0 балл

42. Қазақстанның тәуелсіздік алуы.

1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Еуразиялық Одақ туралы идеясы алғаш рет қай жиында айтылды?

А) БҰҰ трибунасынан

Б) Жетекші газеттердің бас редакторлары мен Ресей телекомпанияларының басшыларымен кездесу

В) Мәскеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесуде

Г) ТМД елдерінің басшыларымен кездесуде

2. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшылыраның қайсысы Ұлттық Ғылым Академиясының акдемигі болған?

А) Д.Қонаев

Б) Ж.Шаяхметов

В) П.Пономаренко

Г) Л.Брежнев

3. Ел Президентінің қазан айындағы Қазақстан халқына арнаған «Азат, тиімді және қауіпсіз қоғамға қарайық» атты жолдауында (2000 ж) үш басым міндет білгіленді. Ол қандай міндеттер?

А) Тиімді экономика, қоғамды ырықтандыру және ұлттық қауіпсіздік

Б) Тиімді экономика, қоғамды ырықтандыру, ұлтаралық келісім

В) Тиімді экономика, қоғамды ырықтандыру, терроризммен күрес

4. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттілік мерзімі қашанға дейін ұзартылды?

А) 2005 ж. 1 қаңтар

Б) 2006 ж. 1 қаңтар

В) 2007 ж. 1 қаңтар

Г) 2008 ж. 1 қаңтар

5. ҚР Президентінің «Қазақстан - 2030» еліміздегі макроэкономиканы тұрақтандырудың бір жолы ретінде мембюджет тапшылығын азайту, монетарлық және несиелік саясатты жүзеге асыру ұсынылған еді. Дүниежүзілік, соның ішінде Қазақстандық экономика сүйеніп отырған Чикаго экономика экономика мектебінің дайындалған ілімі – монетаризмнің мәні неде?

А) Бұл мемлекеттің инвестициялық саясатындағы практикалық әркеттерін реттейтін экономикалық ілім

Б) Бұл экономикалық ілім бойынша, ақша-несие саясатында инфляцияға қарсы күрестің басты құралы ретінде айналыстағы ақшаның санын қатал қадағалау принципі қолданылуы тиіс

В) Бұл экономикалық ілім бойынша, әділ нарықтық бәсеке негізі – монополияға қарсы күрес

Г) Бұл мемлекеттік металл ақшаларды шығару принциптерін зерттейтін ғылым

6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңға Президент Н.Ә.Назарбаев қашан қол қойды?»

А) 1990 ж. 25 қазанда

Б) 1991 ж. 1 желтоқсанда

В) 1991 ж. 16 жетоқсанда

Г) 1991 ж. 21 желтоқсанда

7. ҚР Конституциясына сай, Қазақстан Республикасы не болып табылады?

А) Президенттік билігі бар федаративтік мемлекет

Б) Президенттік билігі бар конферативтік мемлекеь

В) Парламенттік республика

Г) Президенттік билігі бар унитарлық мемлекет

8. 2002 жылдың маусымында Азиядағы өзара әрекеттесу және сенім шаралары Мәжілісінің алғашқы басқосуы болып өтті. Бұл шараны өткізу жөнінде бастама көтерген кім?

А) Н.Назарбаев

Б) В.Путин

В) Э.Рахмонов

Г) А.Ваджпаи

9. Ел Президентінің халыққа жіберген «Қазақстан - 2030» атты ундеуінде әлеуметтік саланы қайта құрудың қандай негізгі бағыттары көрсетілген?

А) Білім беру және ғылым салаларын жаңарту

Б) Зейнеткелік реформа

В) Денсаулық сақтау және мәдениет саласын жаңарту

Г) Жоғарғыда атағандардың бәрі

10 Н.Ә.Назарбаев «12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні» деп жарияладым деген сөзін қандай еңбегінде жазды?

А) «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы және даму стратегиясы»

В) «Қалың елім, қазағым»

С) «Тарих толқынында»

Д) «Ғасырлар тоғысында»

11. Қазақстан Президентінің Халыққа Жолдауы – 2030 қанша бөлімнен тұрады?

А) 3 бөлім

В) 5 бөлім

С) 10 бөлім

Д) 8 бөлім

12. 2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан қандай үш аймақтық арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы рөлін атқаратын болады?

А) Қытай, Ресей, Мұсылман әлемі

В) Корея, Жапония, Индия

С) Америка, Ресей, Англия

Д) Франция, Германия, Канада

13. Президенттің халықына жолдауындағы өзекті сөздерді атаңыз:

А) Әлеуметтік, шындық, патриотизм, кәсіби мемлекет

В) Халықтың әл-ауқатын көтеру

С) Қоғамдық топтасу

Д) Халықтың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының артуы

14. Президент республикадағы демографиялық мәселелерді шешуді неден бастауды ұсынды?

А) Шетелдегі қазақтарды көшіру

В) Жалғыз басты әйелдерге көмек

С) Ата-аналардың бала тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыру

Д) Халықтың тұрмысын жақсарту

15. Қазақстанның сыртқы саясаттағы мүмкіндіктері қандай?

А) Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайы

В) Халықтың білімділігі

С) Ұлан-байтақ территориясы

Д) Табиғи ресурстары

16. Президенттің пікірі бойынша шет елдермен байланыста неге қатты көңіл бөлу керек?

А) Инвестицияға

В) Алынған салыққа

С) Экологияға

Д) Халықтың тұрмыс жағдайына

17. Президенттік Жолдауында лизинг деген не?

А) Қымбат тұратын өндіріс құралдарын жалға алу, соңынан сатып алу

В) Авиакцияны жеке меншікке беру.

С) Әуе қозағлысының басқару жүйесін ұйымдастыру.

Д) Жекеменшіктегі авиакомпаниялардың мемлекеттік авиакомпаниялармен бірігіп жұмыс істеуі

18. Президент өз Жолдауында «Ресейдің соңынан біз де демографиялық тұйыққа түсуіміз мүмкін» деп нені айтты.

А) Демографиялық жағдайдың шиеленісуі

В) Әлемдік елдердің саяси жағдайының шиеленісуі

С) Тудың азаюуы

Д) Халық санының табиғи жолымен азаюы

19. Д.А.Қонаев дарынды қайраткер ретінде Социолистік еңбек ері атағын неше рет алды?

А) 1

В) 3


С) 2

Д) 4


20. Н.Ә.Назарбаевтың «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» жарлығы қашан шықты?

А) 1991 ж

В) 1992 ж

С) 1993 ж

Д) 1995 ж
15 апта.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет