Сабақ «Біздің төріміз Ақорда»

бет3/4
Дата16.11.2019
өлшемі453.5 Kb.
#447487
түріСабақ
1   2   3   4
Біздің төріміз Ақорда Нұрмұқанова (12

Сабақтың ортасы

32 минут

Оқылым алды тапсырмасы

СЖ. 1- тапсырма.

«Лоторея барабаны» әдісі арқылы сөздік жұмысы жүргізіледі.

Оқушы қорапшада жасырылған сөздердің бірін таңдап алады, сыныпқа дауыстап оқиды, барлығы сөздің мағынасын ашуға тырысады

Мақсаты: жаңа сөздердің мағынасын түсіну

резиденция президенттің жұмыс орны

нышан үлгі

туындылары жұмыстары

дизайнерлер әсемдеуші, көркемдеуші

тұсаукесер ашылуы

кезекті келесі

іскери жұмысқа байланысты

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушыларды мұғалім бағалайды.

Оқылым кезі тапсырмасы

СЖ. 2- тапсырма. Оқулықтағы мәтінді оқы, талқылау сұрақтарына жауап бер, мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықта.

Мақсаты: талқылау сұрақтарына жауап беру арқылы мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Қазақы және шығыстық нышандар сарайға ерекше көрік береді. Резиденцияға қазақстандық суретшілердің туындылары қойылған. Резиденцияның құрылысы 2001 жылы басталды. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер М.Гуалаци мен А. Мольтени де бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы желтоқсанда өтті. Ақордада кезекті іскери кездесулер өтеді.

Талқылау сұрақтары:

1. Ақорда кімнің резиденциясы?

2. Резиденция кімдердің жобасы бойынша салынған?

3. Резиденцияға кімдердің туындылары қойылған?

4. Резиденцияның құрылысы қай жылы басталды?

5. Ақордада қандай кездесулер өтеді?

6. Ақорданың тұсаукесері қай жылы өтті?
Бағалау критерийі:

- «Ақорда» мәтінінің тақырыбы мен негізгі ойын сұрақтар негізінде түсіндіреді;

Дескриптор:

- оқыған мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;

- сұрақтар негізінде мәтіннің мазмұнын түсіндіреді...

ҚБ: «Жұлдызша» әдісі арқылы бағаланады

«Стоп кадр!» әдісі арқылы ресми іс- қағаздар стилі туралы ақпараттармен таныстыру. Оқушылар түсінбеген жерлері болса, «Стоп, кадр!» деп сұрақтарын қояды, мұғалім тарапынан жауап алады.

1-3-слайдтар

ТЖ: 3-тапсырма «Венн диаграммасы» әдісі арқылы орындалады.

Мәтіндерді стильдік ерекшеліктеріне қарай ажырат.

Мақсаты: мәтіндердің айырмашылықтарын анықтау, стильдік ерекшеліктеріне қарай ажырату, талдау

Мәтін үлгілері ұсынылады:

1-мәтін

Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Қазақы және шығыстық нышандар сарайға ерекше көрік береді. Резиденцияға қазақстандық суретшілердің туындылары қойылған. Резиденцияның құрылысы 2001 жылы басталды. Жоба жұмысын Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. Олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер М.Гуалаци мен А. Мольтени де бар.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері 2004 жылғы желтоқсанда өтті. Ақордада кезекті іскери кездесулер өтеді.

2- мәтін

Мен,Бауыржанұлы Батырхан, 2004 жылдың 6 қаңтарында Семей қаласында тудым. Ұлтым- қазақ. 2011жылы Семей қаласындағы №6 мектеп- гимназиясының бірінші сыныбына бардым. Қазір осы мектептің 6-сыныбында оқимын.

Орыс тілін жетік, ағылшын тілін орташа білемін. Мектептегі баскетбол үйірмесіне қатысамын. Химия пәні бойынша мектепішілік, аудандық олимпиадаларға қатысып, бірінші орын алдым.

Ата- анам, әпкем және інім бар. Семей қаласы, Абай көшесі, 15- үйде тұрамын.

«Венн диаграммасы» кестесіне мәтіндерді талдайды

Бағалау критерийі:

Дескриптор:

  • мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін салыстырады;

  • мәтіндердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтап, жазады;

  • дәлелдемелерін нанымды түрде көрсетеді.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша шағын топтар бірін- бірі бағалайды, орындалған жұмыстың екі жақсы жағын айтады және бір тілек ұсынады.

Ж. 4–тапсырма Ресми іс-қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазыңдар.

Мақсаты: мәтіннің стильдік ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу.

Оқушыларға тапсырмалар (деңгейі, қабілетіне қарай) ұсынылады:

А – Үлгіге сүйене отырып, өмірбаян жазу;

Мен, Бауыржанұлы Батырхан, 2004 жылдың 6 қаңтарында Семей қаласында тудым. Ұлтым- қазақ. 2011жылы Семей қаласындағы №6 мектеп- гимназиясының бірінші сыныбына бардым. Қазір осы мектептің 6-сыныбында оқимын.

Орыс тілін жетік, ағылшын тілін орташа білемін. Мектептегі баскетбол үйірмесіне қатысамын. Химия пәні бойынша мектепішілік, аудандық олимпиадаларға қатысып, бірінші орын алдым.

Ата- анам, әпкем және інім бар. Семей қаласы, Абай көшесі, 15- үйде тұрамын.

В – Өмірбаянның құрылымын сақтап жазу;

Мысалы: Өмірбаянның құрылымы

  • - құжаттың аты;

  • -фамилиясы, аты-жөні;

  • -туған күні, айы,жылы,туған жері;

  • -ұлты;

  • -мектепке барған жылы;

  • -оқитын мектебі, сыныбы;

  • -қатысатын үйірмелері;

  • -жетістіктері (байқаулар, олимпиадалар)

  • -отбасы жағдайы және құрамы;

  • -ата-анасы туралы мәлімет (АЖТ ,жұмыс орны)

  • -мекен жайы;

-жазылған ай, күні, жылы; қолы.

С – Өз ойымен байланыстырып, көркем стильде жазу.
Бағалау критерийі:

- ресми іс-қағаздары стилінің ерекшеліктерін сақтай отырып, өмірбаян жазу.

Дескриптор:

- өмірбаянның құрылымы бойынша өз өмірбаянын жазады;

- мәтінге сүйене отырып жазады;

- өз беттерінше жазады.

ҚБ: «Стикердегі хат» әдісі бойынша оқушылар бір- біріне жазбаша кері байланыс жасайды. Мысалы «Өмірбаян үлгіге сәйкес жазылған, алайда...»; «Меніңше өмірбаян өте жақсы жазылған... ».

«Лоторея барабаны»

«Бас бармақ»

Қазақ тілі мен әдебиеті

Бәйшешек. Оқулық

Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің

6-сыныбына арналған. 1-бөлім/ Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Даулетбекова, А.Қ. Рауандина, Р.С.Рахметова, А.Н.Юсуп-

Алматы:Көкжиек –Горизонт.

2018. 104 бет

«Жұлдызша»

Стоп кадр

Венн диаграммасы

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет