Сабақ жоспар Мектеп: 124 жом күні: 11 қазан 2018 жыл



бет1/6
Дата19.05.2022
өлшемі78.25 Kb.
#457425
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Қысқа мерзімді сабақ жоспар



Мектеп: 124 ЖОМ




Күні: 11 қазан 2018 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Назарметова Камила Бахадировна

Сынып: 8 «Б» Т2

Қатысқан оқушылар саны: 16

Қатыспағандар: -

Сабақтың тарауы

Жаһандық энергетикалық проблемалар. Ш. Айтматов «Кассандра таңбасы»

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан – мұнай мекені

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8. 1. 2. 1. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, стилін анықтау

Сабақтың мақсаттары

  1. Оқушылар тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, мәтіннің стилін анықтай алады.

  2. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап береді.

Мәңгілік елдің құндылықтары

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Жетістік критерийлері

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, стилін анықтайды.
Мәтінді тыңдай отырып, дәлелді жауап береді.

Бағалау критерийі

Мәтін мазмұны бойынша дәлелді жауап береді;
Негізгі ақпаратты анықтайды;
Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап, баяндайды;
Мәтіндегі оқиғаны дамытады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Тілдік мақсаттар

Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, стилін анықтайды.
Оқушылар: көзқарас, пікір, ой, баға беру тағы басқа синонимдік қатарларды түзей отырып, мәтін құрай алады.
Пән лексикасы және терминология: жүргізген, бұрғылау, тереңдіктен, бұрқақ, атқарылған, құрал, жұлынады, алдын ала, байыт

Осыған дейін меңгерілген білім

8. 4. 4. 1. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану.



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы
5 минут



Ұйымдастыру кезеңі:
«Аукцион» әдісі. Оқушылар шеңбер болып тұрады, өздерінің бойымдағы жағымсыз қасиеттерімді саған сатып, қасындағы оқушының бойыңдағы жағымды қасиеттеріңді өзіме сатып алады.
«Миға шабуыл» әдісі. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақ-жауап.

  1. «Базарға, қарап тұрсам, әркім барар» өлеңінің авторы кім?

  2. Қазақ халқының қандай танымал ақын-жазушыларын білесіңдер?

  3. Абай Құнанбайұлы қай тақырыптарда жырлаған?

  4. «Біреу астық алады, біреу – маржан,

Әркімге бірдей нәрсе бермес базар» - үзінді қай шығармадан алынған?
«Артығын алып таста» әдісі.

Берілген суреттердің ішінен артығын алып тастайды.
Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақтың мақсаты айтылады.

АКТ 2-слайд


АКТ
3-слайд
Сұрақтар

АКТ
4-слайд



Сабақтың ортасы
30 минут

Жаңа тақырыпқа байланысты бейнежазба көрсетіледі. Бейнежазба бойынша сұрақтар беріледі:
1. Адамдар мұнайды қашаннан пайдалана бастаған?
2. Ежелде адамдар мұнайды қандай мақсаттарда пайдаланған?
3. Мұнай ошақтарын зерттеуге алғашқы ұсыныстар қай жылдары түсе бастады?
4. Атырау облысындағы «Достық» кентінде «Қара алтын»ның жаңа көзі қай жылы табылды?
5. Не үшін мұнайды «Қара алтын» деп атайды?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет