Оқушылардың жауаптарына қарай мадақтау сөздерін айту.
Дескриптор:
-Бейнежазбаны мұқият тамашалайды
-Бейнежазба бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді
Сөздікпен жұмыс. Оқулықта берілген жаңа сөздерді орыс тіліне аударады, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастырады.
Оқылым. Оқулықта берілген мәтінді мәнерлеп оқу.
Айтылым. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
Қазақстанның мұнай-газ саласы қай өңірде орналасқан?
Ең алғаш бұрғылау жұмыстары Қазақстанның қай жерінде жүргізілген?
Ұлы дала елінде мұнай өндірісі қашан басталды?
Мұнай өндіретін қанша станция жұмыс істейді?
Қазақстанның мұнай-газ саласын, кенорындарын дамыту үшін не істер едің?
«Баламалы тест» (Мәтін бойынша алынған тест тапсырмаларын) орындайды.
Баламалы (алтернативті) тест
Қазақстан – мұнайлы мемлекет
«Ия» «Жоқ»
Жыл сайын 36 миллион тонна мұнай өндіріледі.
«Ия» «Жоқ»
Батыста мұнай кені бар екенін қазақтар ертеде білген.
«Ия» «Жоқ»
1889 жылы 40 метр тереңдіктен алғаш мұнай бұрқағы атқылаған.
«Ия» «Жоқ»
1985 жылды Атырау облысы Құлсары қаласында тосын оқиға болды.
«Ия» «Жоқ»
Дескриптор:
-Мәтінді мәнерлеп оқиды
-Мәтін мазмұнына байланысты берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді
Айтылым. 6-тапсырма. Мәтін бойынша «Жинақтау кестесін» толтыр. 1-бағанға мәтіндегі тірек сөздерді жаз. 2-бағанға мәтіндегі тірек сөзге байланысты сөз тіркесін жаз. 3-бағанға тірек сөзді өзің бұрыннан білетін басқа сөзбен тіркестіріп жаз.
Дескриптор:
-Мәтіндегі тірек сөздерді жазады
-Тірек сөзге байланысты сөз тіркесін табады
-Тірек сөзді бұрыннан білетін басқа сөзбен тіркестіре алады
Достарыңызбен бөлісу: |