«Қазақстан – әлем және Еуразия картасында»
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/14546-qazaqstan_alem_zhane_euraziya_kartasynda
Түртіп алу стратегиясы
Өткен тарихымыздан аздаған түсінік.
XV ғасырда Қазақ хандығы құрылды.
Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көп болды. Елімізге жоңғар қалмақ шапқыншылығы шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды.
Еркіндік пен тәуелсіздіктен айырылған ел Патша үкіметіне қосылды. Ұлан-ғайыр даламыз империя меншігіне айналды.
Бостандыққа қол жеткіземіз деп өз жерімізде өзіміз қуғынға ұшырадық. 1923-1933 жылдары болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 млн-дай халықтың 2 миллионы опат болды. 1 млн 578 мың халық Атамекенін тастап кете барды.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы. Қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.
1986 жылы желтоқсан оқиғасы болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намысын әлемге паш етті.
«Орнында бар оңалар» демекші ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады.
|
1-ТАПСЫРМА
1-қадам. Бейнебаянды көріп төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Бейнебаянның мақсаты не?
2. Бейнебаяндағы аталған елдердің саяси картадағы орналасуын көрсетіңіз?
3. Бейнебаянның мазмұнына қарай анықтамалық сұрақ дайындап, жауап алыңыз
2-қадам. Мәселеге қатысты аталған елдер арасындағы қарым-қатынас қалай өрбуі мүмкін? деген сұраққа SWOT кестесі арқылы жауап беріңіз:
Күшті жақтары
Әлсіз жақтары
Туындайтын қауіп
мүмкіндіктері
2-ТАПСЫРМА
1-қадам: Тірек сөздер сәйкестігі арқылы топтастыру: саяси тұрақтылық кепілі; атамдық қарудан бас тарту; келісімге келу – басты шарт; біз үшін ең бастысы...
2-қадам: https://www.youtube.com/watch?v=t52vffQQqys Берілген тірек сөздерді негізге ала отырып (басты идея ретінде), бейнебаяндағы мәселеге баға беріңіз:
тиімділігі:
салдары :
Қазақстан үшін маңызы :
Әлем үшін маңызы :
Пайым (жоғарыдағы аргументтер осы пайымға қызмет етуі тиіс)
3-ТАПСЫРМА Жалпы сабақта айтылған мәселелерді саралай келе мен бұның барлығын .......... теңер едім, себебі .......... Деген тіркесте ойын білдіріп пайым жасау.
|