Қылмысқа дайындалу
|
Қылмыс жасауға оқталу
|
Аяқталған қылмыс
|
бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеуі, дайындауы немесе ыңғайлары қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға не байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән-жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе
|
Тікелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бүл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады.
|
Егер адам жасаған әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілері болса, онда қылмыс аяқталған болып есептеледі. Кейбір қылмыстар белгілі бір қоғамға қауіпті жағдай туғызғында ғана аяқталған болып есептеледі.
|
кейс –стадийі:
|
Марат пен Салтанатқаласыртынадемалуғашықты. Демалысжақсыөтіпжатқанеді, оларғақолтықтарындаарақтары бар арақішкенүшжігітжасотбасынатиісебастады. Әртүрлібалағатсөздер, артықәзілдерайтты. Дайындапқойғантүскіастарынжепқойды. Жолдасыүндемейтұрды. Өйткені, бұлжігіттерешкімніңалдындатоқтамайтындығынолжақсытүсінді. АрақішіпалғандарМаратқабіздіүйімізгеапарыптастадепбұйрықберді. Осы кезде Марат алыстанбірмашинаныкөрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» депайқайлады. Шофер естігенжоқ. ЖігіттерМараттыұруғакележатады. Сонда Марат багажниктенбалтаныалып, кележатқанбіріншіжігіттібасынанұрыпқұлатады.
• Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html
|
2 кейс –стадийі:
|
Азаматша Бейсенкүл өзінің терезесінен бірнеше күн бойына екі жасөспірімді қадағалады. Екі жасөспірім көрші қабаттағы үйде тұрады. Қанат пен Жомарт бірнеше күн қатарынан азамат Есеновтың машинасын түртіп айналып қарап жүрді. Бір күні таңертең Есенов есігінің алдына шықса машинасының екі доңғалағы жоқ екен . Бұны естіген Бейсенкүл есіктің алдына шығып: «Сенің машинаңның доңғалағын ұрлаған Қанат пен Жомарт. Өйткені олар сенің машинаңды бірнеше күн бойы айналшақтап жүрген», - деді.
Сұрақтар :
1. Азаматша Бейсенкүл дұрыс жасады ма?
2. Мұндай жағдайда Бейсенкүл не істеуі керек еді
3. Бейсенкүл біреуге жала жапқан сөзі үшін жауап бере ме?
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html
|
3 кейс –стадийі:
|
Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады
Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме!
Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
Сұрақтар:
1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/425-zhassprmderd-ylmysty-zhauapkershlg.html
|
|
Оқушылар ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды
Оқушылар өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды.
Оқушылар бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.
Анықтамалық түсіндірілімдерден кейін, оқушыларды төрт топқа бөліп, олардың талқылауына тақырыптық кейс стадилерді ұсыну.
ситуациялардағы нақты мысалдарды қарастырып, ҚР Конституциясы және ҚР Қылмыстық Кодексін негізге ала отырып, өз шешімдерін ұсынады
|
Достарыңызбен бөлісу: |