Сабақ жоспары Сабаққа жіберілді Сабақ тақырыбы: «Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері»



бет5/7
Дата05.02.2023
өлшемі61.42 Kb.
#469151
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
план тәрбие жұмысының әдістемесі

 ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершіліккетәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеу-меттікрөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, бала, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.
ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ  Тәрбиенің қойған мақсатынан және одан туындайтын міндеттерге сүйене отырып тәрбие жұмысының мынадай б а ғ ы т т а р ы айқындалады:
Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. Қазіргіжағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар мен жастар ортасында құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптас-тыру аса маңызды мәселе. Балалар мен жастардың азаматтық патриоттық, құқықтық мәдениетінің әлеуметтік мәртебесін көтеру әрі азаматтық пат-риоттық, құқықтық тәрбие бойынша ғылыми негізделген саясат жүргізу білім беру ұйымдарында азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру;
Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;
● Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарымқатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Қазақстандық қоғамның жалпы сұранысы және халық дәстүрлері, әлемдік және ұлттық мәдениет негізінде құрылған балалар мен жастарды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлау бірінші қатарға қойылады. Тәрбиеленушілердің санасында дәстүрлі ұлттық және моралдық құндылықтар жандандыру отбасы негізінде қалыптастыруды ұялату. 
өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. Өзін-өзі тану жастарға қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өз өзінөзі тану өзін дамытудың, жеке тұлғаның дербес белсенділік көрсетуінің, өзінің қабілеті мен әлеуеттік мүмкіндігін ашудың қажетті шарты болып табылады. Адам – адам, адам -қоғам, адам техника, адам табиғат жүйесіне терең білім қалыптастыру; Өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады. Сөйтіп, адам толысуын, өмір рахаты мен оның мәнін жете түсінеді.
Әлеуметтік мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру тұлғалық қасиет (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарымқатынас жүйесінде өзіне тән тәртіп стилі, шығармашылық пен дербестікті дамытуға, қоғамдағы өзгерістерден дереу және тең әсер алу, белсенді өмір ұстанымында болуға ықпал жасайды. 
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, иделдарды, нормаларды айшық-тайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарымқатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді. 
Экологиялық тәрбие адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарас-тың және оған қарымқатынастың қалыптасуы мен дамуын, табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты ісәркеттерін болжайды. Экологиялық тәрбиенің негізі алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын қорғауды, елімізде экологиялық жағдай туралы халықты ақпаратпен қамтамасыз етуді көздейді.
● Эстетикалық тәрбие рухани - адамгершілік құндылықтарды әсемдік арқылы, көркем мәдениет арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтары арқылы, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды көздейді. Адам бойында қазіргі кезең дамуының маңызды міндеттері болып саналатын өнер құралдары арқылы анағұрлым жоғары санасезім, тұжырымдамалы ойлауға қабілет, әлемдітұтас бағамдай білетін, өзінің дербес шығармашылық қызметімен әлемдікқұндылықтар туралы танымын толық іске асыратын, ұжымда жұмыс істеуге бейімді, мәдениет әлемінде және адамдармен қарым-қатынаста қалыптастыру.   
● Дене тәрбиесі мен салауатты ӛмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын алушылық білімі кіреді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін болжау, адамның физикалық, психикалық және рухани саулығының өзара байланысы, сондайақ, тәрбиеленушілерді саналуан спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында жүзеге асырылады.
Еңбек және экономикалық тәрбие балалардың, жас өспірімдердің, және жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп ісәрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп,олардың түпкіліктітиімділігін тиянақтап жаңа өндірісжәне қоғам жасауды көздейді. Жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру. 
●Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін 
қалыптастыруды (арнайы, профилды, коммуникативті, әлеуметтік, интеллектуалды, ақпараттық, дербес) және т.б. қосымшаларын білуін, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби қауымдастық құндылықтарын игеруін, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауын болжайды.
Интеллектуальді мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және осы заманғы ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет