АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат



жүктеу 67.72 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі67.72 Kb.
"KEGOC" АҚ мен ЕБҰ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат

"KEGOC" АҚ мен ЕБҰ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметке (бұдан әрі – ҰӨҚ) "KEGOC"АҚ-да ерекше мән беріледі, соған орай аталған қызмет "KEGOC" АҚ-ның 2025 жылға дейінгі мезгілге арналған Ұзақ мерзімді стратегиясына және Инновациялық-технологиялық стратегиясына сай Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуіне бағытталған.

Компания мен ЕБҰ-да ҰӨҚ-ны ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар:

- ҰӨҚ-ны жандандыру және Компания мен ЕБҰ еңбеккерлерінің жаппай техникалық творчествосын ары қарай дамыту;

- Компания мен ЕБҰ еңбеккерлерінің өз еңбектерінің нәтижелеріне қызығушылығын техникалық творчествоны моральдық және материалдық ынталандыру жолымен арттыру.

"KEGOC"АҚ-да ҰӨҚ 2012 және 2013 жылдары "KEGOC" АҚ мен оның еншілес және бағынысты ұйымдарындағы тиісінше әзірленген әрі жаңартылған ұтымгерлік пен өнертапқыштық қызметті ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2013 жылғы қағидалардағы негізгі жаңа енгізілулер ұтымгерлік ұсыныстарды ынталандыру мен ендіру мәселелерін қозғады. Мысалы, төлемақылардың 2-ші санаты бойынша (ендірілуінен экономикалық тиімділік күтілетін ұтымгерлік ұсыныстар) сыйақы сомасы 1 млн. теңгеден 5 млн. теңгеге дейін ұлғайды. Осымен қатар, мүмкіндіктерді кеңейту және әлеуетті мақсаттарды іздеу мақсатында Компания еңбеккерлеріне ұтымгерлік ұсынысқа арналған өтінім беру мүмкіндігі ендірілмей және пайдалану туралы тиісті акті тапсырылмай берілді. Бұл жаңа енгізілмен ендіру үшін материалдық және/немесе уақытша ресурстарды ұсыну қажеттілігімен байланысты. Компания мұндай жағдайда үлгіні дербес даярлау немесе қосымша жабдықтарды сатып алу үшін қажетті материалдық ресурстарды ұсынады. ҮӨҚ-на қатысушы еңбеккерлерді ынталандыру жөніндегі басқа тетік ретінде ең белсенді ұтымгерлердің электр энергетикалық саласы бойынша мамандандандырылған конференцияларға, семинарлар мен көрмелерге қатысуы аталды.

Компанияның ішінде ұтымгерлік идеяларды жинау, қарау және талқылау үшін тиімді алаңды құру, сондай-ақ олардың тартымдылығы мен іске асырушылығын талдау мақсатында 2014 жылы "KEGOC" АҚ-ның ішкі корпоративтік порталында "Ұтымгер" бөлімі (одан әрі – Бөлім) құрылды. Бөлімнің іске қосылуы барлық өтінімді қарау үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік жасады, бұл өз кезегінде өтінімді бергеннен бастап ақырғы шешім қабылдағанға дейінгі уақытты айтарлықтай қысқартты. Сонымен бірге, артық қағаз жұмысы да табыспен қысқартылды.

Берілетін өтінімдердің статистикасы Компания қызметкерлері арасында ұтымгерлік және өнертапқыштық қызметке қызығушылықтың өсу серпінін көрсетеді, бұл жылдар бойынша бөлумен берілетін өтінімдердің санымен расталады:

1) ұтымгерлікті қолдау жүйесін ендіргенге дейін:

2008 ж - 3;

2009ж – 0;

2010ж – 4;

2011ж – 7.

2) ұтымгерлікті қолдау жүйесін жетілдіргеннен кейін:

2012 жыл –34 (Қағидаларды әзірлеу);

2013 жыл – 52 (Қағидаларға өзгерістер енгізу)

Іс-тәжірибе көрсеткендей, жыл сайынғы негізде өткізілетін «Үздік ұтымгерлік ұсыныс» конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) еңбеккерлер арасындағы ҰӨҚ-ны уәждемелеу мен ынталандыру жөніндегі пәрменді құрал болып табылады, оның негізгі міндеті - ең тиімді ұтымгерлік ұсыныстарды анықтау және көзге түскен ұтымгерлік ұсыныстар авторларын көтермелеу.

2014 жылғы өткізілген Конкурс нәтижелері бойынша 2013 жылы мынадай ұтымгерлік ұсыныстар үздік болып айқындалды:

1-орын - " 500 кВ-тық "Сокол" ҚС-дағы В-500 кВ реакторында оралымды ток тізбектерінің схемасын өзгерту, тең авторлар: Томашевич О.К., Харченко А.С., Шевцов А.С. ("Сарыбай ЖЭТ" филиалы). Сыйақысы 150 ТЕК.





Томашевич О.К. Харченко А.С. Шевцов А.С.

2
-орын - "РҚАҚ-ның бағыттылығын тексеруге арналған қосымша", автор: Наумов П.К. (("Сарыбай ЖЭТ" филиалы). Сыйақысы 100 ТЕК.



Наумов П.К.

3-орын – «1150 кВ–тық "Екібастұздық" ҚС-да синхронизмді бақылаумен бірге жартылай автоматтық Л-1104 қосу», тең авторлар: Ким В.С., Червов С.Л., Әйтімбетов Б.Д. («ЖО ҰДО» филиалы). Сыйақысы 50 ТЕК.





Ким В.С. Червов С.Л. Айтимбетов Б.Д.

ҰӨҚ-ны ақпараттық қамтамасыз ету, тәжірибені тарату және ұтымгерлік ұсыныстарды ендіруді ұйымдастыру мақсатында Компания ұтымгерлік ұсыныстардың ақпараттық хабаршысын басып шығарады, ол Компания/ЕБҰ қызметкерелері арасына таратылады. Қажет кезінде ұтымгерлік ұсыныс авторының (тең авторларының) Компания объектілеріне ұтымгерлік ұсынысты тікелей ендіру үшін сапары ұйымдастырылады. Әрбір Филиал мен ЕБҰ-да ҰӨҚ үшін жауапты еңбеккерлер тағайындалған, олардың міндеттеріне ҰӨҚ-ға жан-жақты көмек көрсету кіреді.

Компанияда ҰӨҚ-ға жан-жақты қолдау нәтижелері Компания тарихында алғашқы болып «Тұзағын жер бетіне шығарумен бірге аралық тіректеріндегі тіктеуіш кермелерін анкерлік бекіту түйіні» атты өнертабысына инновациялық патент алуға ықпал еткенін атап өту қажет. Патент иесі "KEGOC" АҚ, авторлары "KEGOC" АҚ еңбеккерлері Сыздықов Ю.С., Леднев В.В., Гулицкий Ю.Е болып табылады. Патент Қазақстан Республикасының 24.09.2013ж. №27514 Мемлекеттік өнертабыстар тізілімінде тіркелген.

«ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсы

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің қолдауымен жыл сайын ұтымгерлік ұсыныстардың республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсын (одан әрі – Конкурс) ұйымдастырады. Тұңғыш рет осындай жоба 2010 жылы жарысқа кірісті. Конкурс жыл сайын республикалық телеарналарда көрсетіледі.

Конкурстың мақсаты: ұтымгерлік қызметті насихаттау және ынталандыру, ұтымгерлердің творчестволық міндеттерді шешуде творчестволық әлеуеті мен Қазақстанның әралуан кәсіпорындарында тиімді өндірісті ынталандыру. «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсы тек қана ұтымгерлерді ғана емес, ұтымгерлік ұсыныстарды ендіретін кәсіпорындарды да анықтау мен көтермелеуді жорамалдайды.

Конкурс өзіне екі номинацияны кіргізеді: «Жылдың үздік ұтымгерлік шешімі», «Кәсіпорында ұтымгерлікті қолдаудың үздік жүйесі». Конкурстың жалпы жүлде қоры 5 (бес) миллион теңге. Конкурсқа Қазақстанның кәсіпорындарында ендірілген ұтымгерлік ұсыныстарды әзірлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар, сондай-ақ ұтымгерлікті қолдаудың қолданылатын жүйесімен заңды тұлғалар қатыса алады.

"KEGOC" АҚ Конкурсқа оның құрылуынан бастап 2010 жылдан бері қатысып келеді. 2010 жылы "KEGOC" АҚ-ның «Ертіс өзенінде көктемгі табиғатты қорғаулық ағындар жүргізудің тиімділігін арттыру» ұтымгерлік ұсынысы (авторлары Иванов А.О., Даутова З.Е., Шығыс ЖЭТ филиалы) ұтымгерлік ұсыныстардың республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсында құрметті 2-ші орынды иеленді.

Сондай-ақ 2011 жылы "KEGOC" АҚ-ның ұтымгерлік ұсынысы (авторлары Иванов А.О., Башкатов К.Б., Бурдукова Н.В., Шығыс ЖЭТ филиалы) ұтымгерлік ұсыныстардың республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсында құрметті 2-ші орынды иеленді.

Тең авторлар тобына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Сондай-ақ телебейнелік сюжет түсіріліп, ол «Хабар» телеарнасында көрсетілді.

2012 жылы году республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсына «Кәсіпорында ұтымгерлікті қолдаудың үздік жүйесі» және «Жылдың үздік ұтымгерлік шешімі» номинациялары бойынша қатысуға 3 (үш) өтінім жіберілді. Конкурс қорытындылары бойынша "KEGOC" АҚ-ның өтінімдері финалистер ішіне кірмей қалды.



2013 жылы "KEGOC" АҚ-ның «Жалғаным сүзгіштерінде индуктивтік катушканы қалпына келтіру» ұтымгерлік ұсынысы (авторлары «Энергоинформ» АҚ Солтүстік ЖЭТ филиалының еңбеккерлері Карпенко Н.Н., Костин В.В.) республикалық «ҰТЫМГЕР.KZ» конкурсының финалисі атанды. Ұтымгерлер туралы телебейнелік сюжет түсіріліп, ол «Қазақстан» телеарнасында көрсетілді.

2014 жылы "KEGOC" АҚ «Кәсіпорында ұтымгерлікті қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша конкурстың финалисі атанды және «Реакторды көшіру» ұтымгерлік ұсынысы (тең авторлары - Мұсатаев Е.А., Парафиев И.М., Сухоплюев Ю.В., Апиш Н.Н., Щепеткова И.К., Алматы ЖЭТ) «Жылдың үздік ұтымгерлік шешімі» номинациясы бойынша 7 финалистің ішіне кірді. Финалистер туралы фильм түсіріліп, ол «Астана» телеарнасында көрсетілді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет