Рефлексия
1. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
2. Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
3.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?
|
|
Тексерілді:---------------------ДОТЖО
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №33
Сабақтың тақырыбы:. Матадан раушан гүлін жасау.
|
Мұғалімнің аты- жөні: Алтыбаева У.
Күні: 15-20.05
|
Сынып: 9-сынып
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ негіз/ген оқу мақсаты:
|
Балаларға еліміздің табиғатының ғажайыптарын түсіндіріп, гүл бейнесін тігу әдісін үйрету. Матадан раушан гүлін жасау
|
Сабақтың мақсаттары :
|
Барлық оқушы орындай алады:
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Тілдік мақсат:
|
|
Ресурстар:
|
Мата қиықтары, ине, жіптер, қайшылар, біртүсті мата, картон, панноға арналған рамка, панноның үлгісі.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Бейнелеу өнері, математика, тарих, сызу
|
Алдыңғы оқу:
|
Натюрморт, раушан гүл,
|
Сабақтың жоспары
|
Жоспарланған уақыт
|
Берілетін тапсырмалар
|
Бағалау критерийлері
|
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі(оқушылармен сәлемдесіп, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал – жабдықтардың барлығын анықтау)
|
Формативті
|
Үй тапсырмасын сұрау
4 минут
|
Слайд: Табиғат.
Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді.
Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл — дүние көркі» . Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз осы гүлдер әлеміне арналады.
Раушан немесе Райхан гүлі — хош иісті, ең әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Ол гүлдердің патшасы, раушангүлділер түқымдасына жатады. Римде бір күнді «Раушан күні» деп ерекше қадірлеп тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы, рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған.
Біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді.
Еліміздің табиғаты өте бай және ғажайып. Көктем және жаз мезгілінде еліміздегі әрбір аймақ әсем гүлмен көмкеріледі. Алуан түрлі гүлдер айналамызды түрлендіріп, ерекше сән береді .
|
1. Сұрақтарға жауап берді
2. Сыни пікір білдірді
3.Өмірден мысал көрсетті
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |