Сабақ жоспары: Теориялық бөлім


Өз бетінше есептер шығару



бет7/15
Дата12.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#462455
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Практ. ТОТОВ

3. Өз бетінше есептер шығару
1. Көміртек пен сутектің әрекеттесуінен 3,2 кг метан алғанда бөлінетін жылуды есептеп шығарыңыздар.
2. Қалыпты жағдайда 28 л көлем алатын этанның молекула саны мен массасын есептеңіздер.
3. Массасы 39 г бензол алу үшін қанша грамм циклогексан қажет болатындығын есептеңіздер.
4. Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 15 болатын көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыздар.
5. Ауа бойынша тығыздығы 1,93, құрамындағы көміртектің массалық үлесі 85,7% болатын көмірсутектің шынайы молекулалық формуласын табыңыздар.
6. Көлемі 11,2 л алканнан (қ.ж.) қанша көлем алкен алуға болады? Оның зат мөлшері қандай?
7. Зат мөлшері 1,5 моль этиленді сумен әрекеттестіргенде этанолдың қандай массасы алынады? Өнімнің шығымы - 80%.
8. Құрамында спирттің массалық үлесі 0,95 болатын этил спирті ерітіндісінен Лебедев әдісі бойынша бутадиен-1,3-тің қандай массасын алуға болатынын есептеңіздер.
9. Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3%, ал сутек бойынша тығыздығы 14 болатын көмірсутектің формуласын табыңыздар.
10. Ауа бойынша тығыздығы 1,86, ал құрамындағы көміртектің массалық үлесі 88,9% болатын көмірсутектің молекулалық формуласын есептеп шығарыңыздар.
Практикалық сабақ №5-7

Тақырыбы: Жанғыш қазбалардың және олардың өңдеу өнімдерінің


термодеструкциялық өзгерістері


Сабақ жоспары:

  1. Теориялық бөлімі

  2. Есептер мысалы

  3. Өз бетінше есептер шығару




  1. Жанғыш қазбалар немесе энергетикалық ресурстардың негізгі түрлері: оларға: көмір, мұнай, табиғи газ, торф,сланц және олардан өңделген өнімдері; су энергиясы, биомасса яғни ағаш ұнтақтары және басқада өсімдік шикізаттары; атом энергиясы, жел энергиясы.

Отынды энергетикалық деп атайды, егер оларды электростанцияларда, өнеркәсіптік электрлік және жылу энергияларын алу үшін қолданса, оларды энергетикалық отын деп атайды. Әр түрлі агрегаттарда және қондырғыларда, сонымен бірге өнеркәсіптік пештер, кокстеу үшін қолданылатын отын: қатты, сұйық, газ тәріздес болып бөлінеді.
Қатты: тас, антрацит, ағаш, торф, кокс, жартылай кокс, термоантрацит, ағаш көмірі.
Сұйық: мұнай, газ конденсатты және оның өнімдері: бензин, керосин, дизель отындары, мазут, шайыр.
Газ тәріздес: табиғи, шахталы газ, кокс, жартылай кокс, генератор, су, домналық газдар, сутегі жатады.
Химия өнеркәсібінің шикізаттарды пайдаланудағы маңыздылығы келесідей:

  1. Шикізат базасының көп тәсілділігі; жерден өндірілген шикізат ресурстары, оларға фосфорлы шикізат, калий тұзы, күкірт, табиғи газ, мұнай, көмір, ауыл – шаруашылығының өнімдері; ауа, су, химиялық өндірістегі табиғи шикізаттарды өңдейтін өнімдері: фторқосылысындағы газ, сульфаттар.

  2. Бір атаулы шикізаттан әртүрлі тәсілдер арқылы әртүрлі химиялық өнімдер өндіруге болатындығы.

Мысалы: бензолдан – каучук, полистирол, улы химикаттар.

  1. Әртүрлі заттардан көптеген тәсілдер арқылы бір заттарды өңдеуге

болады.
Мысалы: ацетилен өндірісі үшін табиғи газды, мұнай өңдеу газын, ілеспе газдан, кальций карбидінен өндіруге болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет